400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Уәлитхан Танашевтің қоғамдық-саяси қызметі және ұлттық мемлекеттілік идеясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл — заңгер, Алашорда үкіметінің министрі және Алаш қозғалысының қайраткері Уәлитхан Танашевтің өмірі, саяси қызметі, кеңестік кезеңдегі еңбегі мен қуғын-сүргінге ұшырап, кейін ақталуы туралы студенттік ғылыми мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ:

Алаш қайраткері Уәлитхан Ташаневтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

Зерттеу университетінің 03-074-26-11 тобының 1-курс студенті,

[Ерлан Е. Е. Мышанов Д. Б.]

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық

Астана,Қазақстан.

Ғылыми жетекші:Турсымбеков Д.А.,магистр,С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің педагогика және философия кафедрасының аға оқытушысы,Астана,Қазақстан

ТҮЙІНДЕМЕ Мақалада Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері,заңгер Уәлитханов Танашевтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі қарастырылады.Оның ішкі Бөкей ордасынындағы шығу тегі,Қазан университетінде алған заң білімі,1917 жылғы съездер мен Алашорда үкіметінің құрамындағы,сондай-ақ алашорданың Батыс бөлімшесіндегі атқарған қызметі талданады.Сонымен қатар қайраткердің кеңестік кезеңдегі мемлекеттік және заңгерлік қызметі,қуғын сүргін мен жер аудару жылдары және кейінгі ақталуы баяндалып,алаш идеясының тарихи маңызы көрсетіледі.

Түйін сөздер:Уәлитхан Танашев,Алаш қозғалысы,Алашорда,батыс бөлімше,тарихи тұлға,заңгер,ұлттық мемлекеттілік.

УДК:

Жизнь и общественно-политическая деятельность Алашского деятеля Уалитхана Ташанева

Студент 1 курса группы 03-074-26-11 исследовательского университета, Ерлан Е. Е. Казахский агротехнический институт им. С. Сейфуллина Астана, Казахстан.

Научный руководитель: Турсымбеков Д. А., магистр, старший преподаватель кафедры педагогики и философии Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина, Астана, Казахстан

АННОТАЦИЯ В статье рассматривается жизнь и общественно-политическая деятельность видного деятеля движения Алаш,юриста Уалитханова Танашева.Анализируется его происхождение во внутренней Букейской Орде,юридическое образование,полученное в Казанском университете,деятельность в составе съездов 1917 года и правительства Алашорды, а также в Западном отделении Алашорды.Также будут освещены государственная и юридическая деятельность деятеля в советский период,годы репрессий и изгнания и последующее оправдание,а также показано историческое значение идеи Алаша.

Ключевые слова: Валитхан Танашев, движение Алаш, Алашорда, Западное отделение, историческая личность,юрист, национальная государственность.

UDC:

The life and socio‑political activities of the Alash figure Ualitkhan Tashanev.

First‑year student of group 03-074-26-11 at the research university, Yerlan E. E., S. Seifullin Kazakh Agrotechnical Institute, Astana, Kazakhstan.

Scientific supervisor: D. A. Tursymbekov, Master’s degree holder, senior lecturer at the Department of Pedagogy and Philosophy, S. Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University, Astana, Kazakhstan.

ABSTRACT The article examines the life and socio‑political activities of a prominent figure in the Alash movement, the lawyer Ualitkhan Tanashev. It analyses his origins in the Inner Bukei Horde, his legal education obtained at Kazan University, his activities as part of the congresses of 1917 and the Alashorda government, as well as in the Western branch of Alashorda. The article will also cover the figure’s state and legal activities during the Soviet period, the years of repression and exile, and his subsequent vindication, and will also demonstrate the historical significance of the Alash idea.

Keywords: Valitkhan Tanashev, the Alash movement, Alashorda, the Western branch, historical figure, lawyer, national statehood.



Кіріспе

Бүгінгі таңда қоғамымыздың тарихи санасын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ел тарихын терең тану арқылы ғана өткен ғасырдың соңында қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадірін жете түсіне аламыз. Тарихымыздағы ақтаңдақтарды ашып, өткеннің шынайы бейнесін қалпына келтіру-бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың, соның ішінде Алаш қозғалысының тарихын зерттеу ерекше мәнге ие.Алаш қозғалысын қазақтың озық ойлы зиялылары басқарды. Олар алға қойған мақсаттары мен күрес тәсілдерін айқын тұжырымдады, ал қозғалыстың өзі саяси сипатқа ие болды. Алаш партиясының басты мақсаты қазақ елінің өзін-өзі басқаруына мүмкіндік беретін мемлекеттік жүйе құру еді. Бұл мақсат қазақ халқының ұлттық мемлекеттілікке құқығын метрополияға мойындатуды және түпкілікті дербес мемлекеттілікке қол жеткізуді көздеді. Сонымен қатар партия қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан қоныс аударушылар легін тоқтатуды, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, қазақ қоғамын заман талабына сай жаңғыртуды мақсат етті. Демократиялық қағидаттарды ұстану, білім беру ісі мен ұлттық мәдениеттің өркендеуіне жол ашу да оның негізгі мұраттарының қатарында болды.Алаш зиялылары қазақ елінің болашағы үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізін қалауға үлес қосқан Алаш арыстарының қатарында Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев және басқа да қайраткерлер болды. Алаш идеясын қолдаған көрнекті қайраткерлердің бірі заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Уәлитхан Танашев. 

Уәлитхан Танашевтің шығу тегі мен білім алуы

Уәлитхан Танашев 1887 жылы Ішкі Бөкей ордасының 2-Теңіз жағалауы округіне қарасты № 3 болыста дүниеге келген. Арғы атасы Бекпембет би Атырау өңіріндегі қазақтар арасында балықшылық кәсібімен танылған, елді осы кәсіпке баулыған, дәулетті әрі сыйлы адам болған. Оның Шолтыр және Танаш есімді екі ұлы болған, ал Уәлитхан осы Танаштың немересі.Уәлитхан Танашев 1899-1908 жылдары Астрахань гимназиясында оқып, сегіз сыныптық білім алған. 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Оқуын тәмамдағаннан кейін Қазан қаласында адвокаттық қызметке кіріскен. Осы ортада татар және орыс зиялыларымен пікірлес болып, әділет жолында күрескен тұлға ретінде қалыптасты. Кейін Астраханьға оралған соң заңгерлікпен айналысып, сол кезден бастап қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады және өз білімі мен тәжірибесін халқының мүддесіне арнайды. 

Қоғамдық-саяси қызметі және Алашорда

1917 жылы елдегі саяси өзгерістер кезеңінде Уәлитхан Танашев туған өлкесіне келіп, түрлі қоғамдық және басқару істеріне қатысады. 1917 жылғы 1-8 сәуірде Орынборда өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне шақырылып, мәжіліс төралқасы төрағасының орынбасары болады. Сол жылы 21 сәуірде өткен Бөкей Ордасы қазақтарының съезін ұйымдастыру және өткізу шараларына тікелей атсалысып, съездің төралқа төрағасы болып сайланады.1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші жалпықазақ съезінде У. Танашев Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат ретінде сайланады. Осы съезде ол Бөкей жер басқармасының төрағалығына сайланып, Бөкей ордасы өңірінен Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне өкілдікке ұсынылады. Жаһанша Досмұхамедов екеуі кеңестің атқару комитетіне кіреді және Бөкей ордасынан депутаттыққа өтеді.1917 жылғы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің атқару комитетіне мүше болады. Сондай-ақ тамыз айында Киевте өткен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайына қатысады. Ел сенімін арқалаған У. Танашев Ж. Досмұхамедов және Ж. Ақпаевтармен бірге Петроградтағы «Шураи ислам» жанындағы Алашорда үкіметінің өкілі болып тағайындалады. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің министрі болып сайланады.1918 жылы 8 маусымда Самара қаласында Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетінде (Комуч) ел мүддесін қорғауға күш салады. Челябіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің мәжілістеріне қатысады. 1918 жылғы 8-23 қыркүйек аралығында Уфадағы бүкілресейлік уақытша үкімет-Уфа дирекциясы құрылған мәжіліске қатысады, одан соң Ә. Бөкейхан басқарған Алашорданың шұғыл мәжілісіне қатысады.1918 жылғы 11 қыркүйекте Әлихан Бөкейханов Алашорданың Батыс бөлімшесін құру туралы шешімге қол қойды. Бұл шешім Уфа қаласында Уалитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Ахмет Бірімжанов, Әлімхан Ермеков және Мұхамеджан Тынышбаев қатысқан мәжілістің келісімімен қабылданды. Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жаһанша Досмұхамедов тағайындалды. Батыс бөлімшенің жұмысына бөкейлік қайраткерлер де белсене қатысты. Олардың қатарында Бақтыгерей Құлманов, Уалитхан Танашев, Батырқайыр Ниязов, Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Шәңгерей Бөкеев, Шафхат Бекмұхамбетов, Ишанғали Меңдіханов, Ахмет Маметов және Сәлімгерей Нұралиханов болды.1918 жылғы 18 қарашада Омбыдағы дирекция құлап, үкімет билігі адмирал Колчактың қолына өткен кезде Алашорда үкіметі жаңа билікпен келіссөз жүргізуге ниеттенді. 1919 жылғы 11 ақпанда өткен ведомствоаралық құрылым жөніндегі отырыста Ә. Бөкейхан, А. Тұрлыбаев және У. Танашев Колчак өкілдерімен келіссөзге барады. 

Кеңестік кезеңдегі қызметі және тағдыры

1919 жылы Алашорда таратылып, Алаш қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалған соң, У. Танашев (Шарафиддинұлы) Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін ұйымдастыру жұмысымен және республикалық мемлекеттік баспа бөлімдерін құрумен айналысады. Орынборда қазақ әскери төңкерістік комитеті құрамында жұмыс істеп, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болады.1920 жылғы 25 қыркүйекте республикалық Әділет халық комиссариатының орынбасары қызметіне тағайындалып, бірқатар маңызды заң актілерінің қабылдануына ықпал етеді. 1922 жылғы 9 қарашадан бастап Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанындағы ҚАСР өкілеттігі басшысының орынбасары, кейін федералдық комитетте жер мәселесі туралы жоғары бақылаудың ерекше алқасында қызмет атқарды.Кейін У. Танашев Татарстандағы Қазан қаласына қоныс аударады. 1924-1937 жылдары Татар АКСР Жоғары сотында адвокат болып қызмет етеді. 1937 жылы бұрынғы алашордашыл қайраткер ретінде тұтқындалып, кейін босатылады. Алайда 1949 жылы сол айыппен қайта тұтқындалып, 1955 жылға дейін Краснояр өлкесіне жер аударылады және айдауда ауыр жұмыстар атқарады. 1957 жылы Татар АКСР Жоғары сот төралқасының шешімімен толық ақталып, сол жылы зейнетке шығады. Уәлитхан Танашев 1968 жылы Қазан қаласында дүние салды. 

Қорытынды

Қазақтың теңдігі мен азаттығы үшін күрескен әрбір тұлғаны тану, олардың өмірі мен қызметіне лайықты баға беру-өркениетті елдің, мәдениетті жұрттың игі дәстүрі. Жас буынға тарихта өз халқына шынайы қызмет етудің үлгілерін насихаттау маңызды. Алаш қайраткерлерінің өнегеге толы тарихын ұғыну ұлттық рухты көтеріп, елдік сананы нығайтады.ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш идеясы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуде. Уақыт өтіп, жаңа ұрпақ алмасқанымен, Алаш қайраткерлерінің өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары мен рухани тәжірибесі тарих толқынындағы қазақ ұлтын әрдайым демеп тұрары сөзсіз. 

Әдебиеттер

1. Құл-Мұхаммед М. «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы». Алматы: Атамұра, 1998. 

2. Сүлейменова Д.Д. «Батыс Алашорда тарихы». Орал, 2014. 

3. Қалиев Е. «Уәлитхан Танашев және Танашевтар әулеті».Алматы, 2009. 

4. Рысбеков Т.З., Бірімжаров Б.Қ., Құрманалин С.Б., Жақсығалиев Ж.Ж., Рысбекова С.Т. «Батыс Қазақстан облысының тарихы». Орал, 2015.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі