400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: « Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Күні:04.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Есмамбетова Л.С.

Еламанова М.А.

Сынып: 10 А, 10 Б, 10 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Математикалық регата

Сабақ мақсаттары

-оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету;
- Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілік құндылықтары сабақ барысында дамыту

Пәнаралық байланыстар

-қазақ тілі, лингвистика (әріптердің комбинациясын қарастыру)

-криптография (шифрлаудың әдістерін құру)

- спорттық сайыстары (қатысушылар арасындағы ойындар санын есептеу)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентацияны қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану. Калькулятор қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңыз «Математикалық регата» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1)

2)

3)

4)

Құтқарып ауыр бейнеттен

Есептеуді үйреткен

Сандардың қызық әлемін

Тіл бітіріп сөйлеткен

Математика емей немене!

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Математика емей немене!

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

- дей отырып 10а ,10б,10в сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. 10а-Архимед тобы, 10б-Пифагор тобы, 10в-Гаусс тобы.

Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II.Үй тапсырмасы Слайд қорғау

III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
IV. Полиглот

V. Формулаларды білесің бе?

VI. Жұмбақтар сайысы

VII. Сіріңкемен берілген логикалық есептер

VIII.Қорытынды

1-4 слайдтар


Сабақтың ортасы




































I.Сәлемдесу. Ойын шарты бойынша әрбір кезеңнен белгілі бір ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Бәрімізге белгілі регата қайықсыз және ескекшілерсіз болмайды. Ең алдымен қатысушы командаларға сөз берейік. Бірінші кезеңде әрбір команда өзінің бас ескекшісін таңдап, қайығының атауын, командасын таныстырулары қажет. Бұл кезең максимум 5 ұпаймен бағаланады.

(Командаларға сөз беріледі)

II.Үй тапсырмасы.

Қазақ математиктері, Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы, Әлімхан Әбеуұлы Ермеков туралы презентация қорғау.

III.«Кім көп біледі?»

Сұрақтарға алғашқы болып қол көтерген топ жауап береді.Әр сұрақ бір ұпаймен есептеледі.
1.Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
2.Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
3.Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
4.Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
5.ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
6.x 2 + y 2 = R 2 функциясының графигі (шеңбер)
7.«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей – ақ қойсын» сөзінің авторы? (Платон)
8.Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (Айқас түзулер)
9.Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)
10.Жарты түзудің басқаша атауы? (Сәуле)
11.3 пен 4-тің арасына қандай таңба қойғанда, 3-тен кем 4-тен артық сан шығады? (үтір)
12.Конус дегеніміз? (Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық денені айтамыз)

13.y = sin x функциясының графигі? (Синусоида)

14.y = tg x қандай функция? (тақ,периодты)

15.«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)

16. Санның графикалық бейнесі (Цифр)

17. 1 ден кейін 100 ноль тұратын сан қалай аталады?(Гугол)

18. «Математика – ғылымдардың патшасы» дейді, ал математиканың патшасы не? ( Арифметика)

IV.Полиглот. Жұмбақ шешу.

Оқушылар жұмбақтарды шешіп, оларды орыс тіліне және ағылшын тіліне аударады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ, капуста, )
2.Ағайынды бәрі: Шықса-көк, Түссе-сары. (жапырақтар, листя,)

3.Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз, учитель, teacher)
4. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (мектеп, школа,shcool )
5.Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (ағаш, дерево, )

6. Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді. (сағат, часы,clock)

7.Керек санды тересің, Елге сәлем бересің. (телефон, телефон, telephone)

8. Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды жерде де жүреді, бауырлап жатпайды (ұшақ, самолет, )
9. Сымға асылып, Жүр асығып. Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді. Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі? (троллейбус , троллейбус, ).

V.Формулаларды білесің бе?

Топ басшылар сайысы. 3 минуттың ішінде білетін формулаларын жазады. (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.)

VI.Жұмбақтар сайысы
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі
(Кесінді)
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?
(Бұрыш)
Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу деген
Қандай сан жауап берет сұрағыңа.
(Дискриминант)
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.
(Параллель тузулер)
Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады
(Дәреже)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай
(Натурал сан)
Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып сегізді
(Шексіздік)
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген
(12 ай, 1 жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)

VII. Сіріңкемен берілген логикалық есептер

1. Сіріңкенің 1 талын қозғау арқылы теңдіктің дұрыс екенін көрсете аламыз.Қай сіріңкені қозғаумыз тиіс?

2. мына суретте шырпының 4 талын қозғау арқылы қалай 3 квадрат алуға болады?

5-слайд









Оқушылар дайындаған слайд


8-29 слайдтар

























30 слайд


























32 слайд







































33-34 слайдтар

Сабақтың соңы


Рефлексия. Кері байланыс Сабақ соңында оқушылар рефлекция жүргізеді (стикерге жазады):

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз командалар марапатталады.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілгенсұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі