400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер

Пән: математика

Сабақ: 64

Күні: 05.12.2019 ж.

Сынып: 6 И

Мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ



Мұғалімнің аты-жөні: Еламанова М.А.

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы.Айнымалысы бар өрнек.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 алгебралық өрнек ұғымын меңгереді;

6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Алгебралық өрнек ұғымын біледі;

Басым бөлігі:

Айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді.

Кейбір оқушылар:

Алгебралық өрнектерді құрастырып,олардың мәндерін есептейді

Бағалау критерийлері

1.Алгебралық өрнек ұғымын меңгереді;

2.Айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық

өрнектердің мәндерін есептеп үйренеді.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;

- алгебралық өрнектің мүмкін мәндерін қалай анықтайтынын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- алгебралық өрнек деп …;

- алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек;

Құндылықтарды дарыту




Достық қарым-қатынас, бірлескен топта жұмыс жасау,бір-бірінің жұмысын бағалау,үздіксіз білім алу құнды екеніне көз жеткізу

Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және жеке жұмыстар арқылы дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім


Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3мин


















Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару

Сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Жағымды атмосфералық жағдайды қалыптастыру мақсатында «Неге?» тренингін өткіземін.

Оқушылар бір-біріне қарап тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.



Проектор



«Неге?» тренингі






Сабақтың ортасы

10 мин



































































5 мин

































































































4 мин































5 мин













































8 мин


1-тапсырма:Жұптық жұмыс.

1.Бірінші бағанда қандай өрнектер, ал екінші бағанда қандай өрнектер жазылған?


2.Бір қатарда жазылған өрнектердің ұқсастығы неде?


3.Айнымалылардың қандай мәндерінде бір қатарда жазылған өрнектер бірдей болады?















4.Қатар бойынша өрнектерді оқыңыз.

Қандай қорытынды жасауға болады?

5.Бірінші бағанда жазылған өрнектердің мәндерін табыңыз.

56 − 11

а − 11



4,7 − 9

в − 9

2,1 + 7,5 ∙ 0,2

а + 7,5 ∙в

34

х4


(9-2)*1,2


(х-у)*1,2

Дескриптор:

1.Өрнектердің түрлерін ажырата алады.

2.Өрнектердің ұқсастығы мен айырмашылығын біледі.

3.Өрнектің мәнін табуды біледі.

Күтілетін нәтиже:Білім алушылар осы жұптық жұмысты орындау арқылы,жаңа тақырыптың мағынасын ашады

Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлері айтылады.

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.

Алина

Мынадай мысалдарды қарастырайық:

1)Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

2)Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.

Осы мысалдарды тұжырымдайық:

Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),

S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.

Дамир.

1) Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

2) Айнымалысы бар өрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

3) Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b– айнымалысы бар өрнек, х–айнымалысы бар өрнек.

Бекполат.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.

Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптерді қабылдайтын мәндері – кез келген сандар.

Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.

Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:

х – (у + 9)

Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.

Жандаурен

Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:

1) Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

2) Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

3) Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақша болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.

7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.

Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.


2-тапсырма: Жеке жұмыс. Слайдта көрсетемін.

№627. Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінді» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:

  1. 3а + с; 3) 1,3 – ху; 5) (m + n)· n; 7) ;

  2. 3b – d; 4) (x – y)· 1,4; 6) m2 – n2; 8) .

Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу.

Дескриптор:

Айнымалылары бар өрнектерді оқуды біледі

Күтілетін нәтиже:

Білім алушылардың математикалық тілде дұрыс оқи алатындығын анықтау

3-тапсырма

№632. Жұптық жұмыс

Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.

  1. а санынан 3 есе артық санды;

  2. d санынан 2 есе кем санды;

  3. m – нің -іне тең санды;

  4. а санының 14 % - ін;

  5. а санынан 25 % артық санды;

  6. b санынан 30 % кем санды.

Дескриптор:

1.Алгебралық өрнек түрінде жазады;

Бағалау критерийлері: Айнымалысы бар өрнек түрінде жазуды біледі


Жауабы: 3а; ; ; 0,14а; 1,25а; 0,7b.

Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі

Күтілетін нәтиже:

Жұптар бір-біріне көмек көрсету арқылы алгебралық өрнекті жаза алатындықтарын білу.

4-тапсырма:Топтық жұмыс

Берілген өрнектердің мәндерін есептеп, кестеге тиісті әріптерді сәйкестендіріп геометриялық фигураны табыңыз.


Р

П

О

Л

Г

Е

М

А


-2,4

-2,8

4

-2,8

-1,5

-1,5

0,2

-1,5










1,6

-0,4

4

-2,8

-2,3

-2,3








Жауабы: Параллелограмм

Дескриптор:

1.Алгебралық өрнектің мәнін табады

Бағалау критерийлері:

Алгебралық өрнектің мәнін табуды біледі

Күтілетін нәтиже:

Бұл тапсырманы орындаудан күтілетін нәтиже білім алушылар оқу мақсатына қаншалықты дәрежеде қол жеткізгендігін анықтау.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Үлестірмелі материалдар

слайд

«Мағынаны ашу»























Слайд

Кеспе қағаздар

































«Айқын мақсат қоя отырып»

«Алдын-ала берілген атаулар»















































































«Мағынаны тану»





















«Өзін-өзі бағалау»









слайд



«Жұппен жұмыс»

Үлестірмелі қағаздар































Сәйкестендіру

слайд

















Сабақтың соңы

5мин

Бағалау:

Рефлексия: Білім алушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады

Б ілім алушылардың пікірлерін тыңдау және оқу мақсатына қол жеткізе алмаған оқушыларды есепке ала отырып,келесі сабақты жоспарлау.

Үйге тапсырма: № 629

«Еркін микрофон»

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аламыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағалау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, топтық жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.

















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:





2:









Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:







2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





























5-тапсырма: Жеке жұмыс

өрнегінің мәнін табыңдар, мұндағы:

  1. a = 6, b = -2; 3) a = -9, b = 3;

  2. a = , b = -1; 4) a = -3, b = 4;

Жауабы: 6; 2,8; 6; 15.


Дескриптор: Білім алушы:

  • айнымалылары бар өрнектерді оқып біледі;

  • айнымалылары бар өрнектерді жазады;

  • айнымалылары бар өрнектердің сан мәнін есептей алады.

Оқушылар өзін – өзі бағалайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі