400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ы.Алтынсарин-жаңашыл ұстаз. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы.Алтынсаринның өмірбаяны мен шығармаларын баяндай алады. Тарихи тұлға қалыптасуынның себеп-салдарын анықтап ,дәлелдер келтіреді. Ы.Алтынсарин педагогикалық ойларын бүгінгі күнгі функционалды сауаттылықпен салыстырып бағалайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМЖ

Тарих пәні


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны:

Тарау 7.4А ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті.

Мектеп: Бұқаржырау ауданы, « С.Т.Елгезек атындағы негізгі мектебі» КММ


Мерзімі:


Мұғалімнің аты-жөні: Исаинова Аяжан Казыбековна




Сынып:8

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ы.Алтынсарин-жаңашыл ұстаз.Зерттеу сұрағы:Ы.Алтынсаринның халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неде?


Оқу мақсатты (ұзақ мерзім жоспардан)

7.2.3.3 Ы.Алтынсаринның халық ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы: Ы. Алтынсаринның халық ағарту ісіне қосқан үлесін біледі

Оқушылардың көпшілігі: Ы. Алтынсариның белсенділігін ағартушылықты дамытумен байланыстырады

Оқушылардың кейбірі: Ы.Алтынсаринның шығармашылығына талдау жасайды және жеке тұлғасына баға береді.



Тарихи тұжырым



№ 2.Себеп пен салдар

№ 3.Дәлел

№ 5.Маңыздылық

Бағалау критерийлері


Білім алушылар:Ы.Алтынсаринның өмірбаяны мен шығармаларын баяндай алады.

Тарихи тұлға қалыптасуынның себеп-салдарын анықтап ,дәлелдер келтіреді.

Ы.Алтынсарин педагогикалық ойларын бүгінгі күнгі функционалды сауаттылықпен салыстырып бағалайды


Тілдік мақсаттар


Тыңдалым: «Кел балалар оқылық », «Оқу-білім бар жұрттар» шығармаларын бейнероликтен тыңдайды. Оқылым:Мәтіннен Ы.Алтынсарин өмірбаянына қатысты деректерді оқиды. Жазылым:Постерге тақырыпқа сай мәліметтерді топтастырып жазады. Айтылым:Постерді қорғайды.




Құндылықтарды қалыптастыру

Құндылық: Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы»


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті


Алдынғы білім

Ы.Алтынсаринның шығармалары




Сабақ барысы

Уақыт/Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау


Саралау тәсілдері

Сабақ-тың басы

5 минут





5 минут














10 минут

Оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар «Адасқан әріптер» әдісі арқылы, яғни белгілі бір сөздерді құрастыру нәтижесінде 3 топқа бөлінеді. (Топтар құрамы болжам бойынша 4-5 адамнан тұрады)


Үй тапсырмасы: «Өзіңе сен,өзіңді сүйреп шығар...» үй тапсырмасын сұрау. «Қоржыннан шыққан сұрақтар»

  1. Ш.Уәлиханов деген кім ? 

  2. Ш.Уәлихановтың ғылыми ізденістері туралы не білесің? 

  3. Ш.Уәлихановтың ғалым,саяхатшы ретінде

қалыптасуына орыс мәдениеті қалай әсер етті ?

  1. Ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан бауыр» деп

атаған ғалым? 

  1. Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары? 

  2. Этнос сөзінің мағынасы? 

Мақсат: Өткен тақырыпты меңгергендіктерін анықтау.


Оқушылар қоладарындағы әріптер арқылы топқа жиналады, сын тұрғысынан ойланады


Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.








«Бағдаршам әдісі» арқылы оқушылар дайын болса жасыл түсті, күмәндері болса сары түсті, ал мүлде дайын болмаса қызыл түсті қағазды көтереді. Ең жақсы сұрақ қойған және толық жауап берген оқушыларды ауызша мадақтау

Сабақ мақсаттарын – барлығы, көпшілігі және кейбірі үшін жоспарлау;

Топқа бөліну кезінде және жауап беру кезеңдерінде оқушылар орындарынан тұрып, сынып ішінде жүре алады.


Ой шақыру. «Кел балалар оқылық », «Оқу-білім бар жұрттар» шығармаларын бейнероликтен тыңдату.

Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары:

  • Балалар, бүгінгі сабақта біз кім және не жайында талқылаймыз?

  • Бүгінгі тақырып бойынша не білгілерің келеді?

  • Бүгінгі сабақтан кейін не үйреніп кеткілеріңіз келеді?

Мақсат: Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау.

«БББ» кестесін толтыру

Білемін

Білдім

Білгім келеді






Оқушылар бейнероликтерді тамашалап болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын және өздерінің қажеттіліктерін анықтайды. «БББ» кестесінің бірінші екі бағанын толтырады.



«Бағдаршам» әдісі

Қалыптастырушы бағалау, Өзін – өзі бағалау әрекеттері жүреді.


Негізгі бөлім

20 минут




Тапсырма №1. Шығармашылық жұмыс: Оқушыларға Ы. Алтынсаринның «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала» шығармалары таратпа материал түрінде ұсынылады. Әр топ өздерінің қабілеттілігіне қарай шағын көрініс көрсетеді.


Мақсат: Ы. Алтынсаринның шығармаларын талдайды,

құндылықтарын анықтайды.

Балалар алдымен әңгімені оқиды, топ ішінде ақылдасады, рөлдерге бөлінеді, сын тұрғысынан ойланады, тығырықтан шығу жолдарын табады.




Смайликтер жабыстыру.Топтардың

жұмысын ауызша мадақтау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өзара бағалау



Үзіліс 10 минут










10 минут

















15 минут





Тапсырма №2.

Хронологиялық кесте «Жылдар сөйлейді» тапсырмасы беріледі.

Жылдар

Оқиғалар

1841 жыл


1850 жыл


1859 жыл


1860 жыл


1864 жыл


1880 жыл


1879 жыл


1889 жыл



Мақсат: - Берілген сұрақтарға жауап береді, талдау

жасайды.


Тапсырма №3.

Мәтінмен жұмыс.Ы.Алтынсаринға қатысты деректерді жинақтап,топтарға тапсырма беру.

І-топ.Ы.Алтынсаринге дейінгі мектеп пен Ы.Алтынсарин мектебін Т-кестеге салыстыру.

ІІ-топ.Ы.Алтынсарин мектебі мен қазіргі мектепті Т-кестеге салыстыру

ІІІ-топ.Ы.Алтынсаринге әсер еткен замандастары мен ойшылдарды кластерге сызу.




Барлық топқа 1 тапсырма беріледі. Топтар тапсырманы жылдамдыққа орындап, бір – бірімен салыстыра жауап береді. (оқулықпен жұмыс)








Жұппен және топпен жұмыс.Топ ішінде рольдерді бөлу.Постер қорғау.

Өзара бағалау, ауызша бағалау.

















Әр топ оқушылары топпен ақылдасып, тапсырманы талдап қорғайды.

3-2-1 стратегиясымен бағалау.

3- есте қалған факты

2- өзіңе маңызды

1- сұрақ



Бұл тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылар өз пікірін нақтылай және фактілер арқылы қорғай алады.













Бұл тапсырмада сабақтың өң бойында әлсіздеу болған топқа үшінші тапсырма беріледі.

Сабақ соңы

10 минут








5 минут

Тапсырма №4. Балама тест

Ы.Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келді. (иә)

1864 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. (жоқ)

1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді (иә)

1887 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. (жоқ)


Кері байланыс. Оқушыларға «БББ» кестесін сызғызу.

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Эссе. Егер мен Ы.Алтынсарин болсам.....

Егер мен ҚР Білім және Ғылым министрі болсам......


Әр оқушы өз жауабын айтады, дұрыс – бұрысын ақылдаса отырып анықтайды.






Оқушылар «БББ» кестесін толтыру арқылы сабақтан алған әсерін және не білгенін, нені тереңірек білгісі келетінін жазады

Өзара бағалау. Мұғалім тарапынан ауызша бағалау








Бірнеше оқушының кестесін оқып, жауап беру.




















Үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың өзінің деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдау құқығы болады


Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі