«Ильич жалпы білім беретін мектебі » КММ
Ашық іс-шара тақырыбы: "Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу "»
2023-2024 оқу жылы
Сыныбы: 5- 6 сыныптар
Тақырыбы: «Ы Алтынсарин өлеңдері » мәнерлеп оқу
сайысы.
Мақсаты: Оқушыларды оқушыларға қазақтың ірі ғалымы,
ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі,
шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Ыбырай өлеңдері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық
көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі
алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын
молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге
баулу.
Сайыстың
барысы:
1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. 5-6 сыныптар
арасында
«Ы Алтынсарин өлеңдері » атты мәнерлеп оқу сайысына қош
келіпсіздер.
2 - жүргізуші:
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем,
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем
Кіріспе : Презентация Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы видео
Мұғалім: Ы.Алтынсарин есімін еске түсіру 175
жылдығын атау мақсатында осындай сайыс өткізу.
1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты
ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе
қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне,
дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын
оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып
қойғанымыз жөн болар. Сонымен,
1. Мектеп директорының оқу ісі тәрбиесі жөніндегі орынбасары
– Қазымбекова З.Т.
2.Қазақ тілі оқытушысы- Борамбаева А.Б.
3. Орыс тілі мұғалімі –Любарская Т.А
1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс
болыңыздар
5-6
сынып оқушылары ортаға шығады:
Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін
оқиды.
5 - сынып оқушысы Абдуалиев Алтынбек
Ы.Алтынсарин «Өнер –білім бар жұрттар»
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
6 сынып оқушысы: Кусайнова Назгүл Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық -»
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
5 сынып оқушысы Цыкалова Элина Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық»
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
6 сынып оқушысы Утеева Маргарита -Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық»
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу деген шыны - ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
1 -
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,
сайыстың шешімін оқиды.
2 - жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу " 5-6 сыныптар

шағым қалдыра аласыз