400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ы.Алтынсарин "Таза бұлақ" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға ҰОҚ -н жоспарлау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу қазметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Таза бұлақ (Ы.Алтынсарин әңгімесі).

Мақсаты:

Білімділік:сөзді буынға бөлуді, «Таза бұлақ » әңгімесін мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету;

Дамытушылық:әңгімені тыңдата отырып, бала қиялын дамыту;

Тәрбиелік:балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Ы.Алтынсарин суреті, дидактикалық материалдар, суреттер

Билингвальдық компанент:ата-дедушка, жазушы- писатель

Сөздікпен жұмыс:Бұлақ, ағартушы

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сөздерді буынға бөледі, дидактикалық ойынды;

Түсінеді:Жақсылық жасауды, мейірімділік, қамқорлық көрсетуді;

Біледі :Сөздік қорлары молайады; ақыл- ойлары дамиды.


Оқу қызметінің кезеңдері

Машықтанушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

-Балалар,бүгінгі сөйлеуді дамыту оқу қызметіміз дидактикалық ойынмен бастаймыз.

Ойынның тақырыбы: «Еңбек құралдарын орналастыр»

Мақсаты: үлкендердің (әке, ана) күнделікті өмірде қолданылатын құралдарын ажырата білуге үйрету.

Ойынның шарты: ұлдарға керек еңбек құралдарды бір бөлек, қыз балалар пайдаланатын қажетті заттарды бір бөлек орналастыру керек.

Қонаққа ата мен немересі келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ұзақ жол жүріп келдім! Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.



Балалар дидактикалық ойынға белсене қатысады.







Балалар келген қонақпен амандасады.

-Сәлеметсіз бе, ата, төрге шығыңыздар!

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар атай бізге Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» деген әңгімесін алып келіпті.

Picture 1

Ы.Алтынсарин –қазақ ағартушысы, ақын жазушы. Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып, балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға. Балаларға арнап көп


әңгімелер жазған екен.

Сендер ең алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар. Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос», «Өнер білім бар жұртта», «Мейірімді бала», «Асыл шөп» ,

«Мақта қыз бен мысық» деген шығармалары бар.

«Таза бұлақ » әңгімесін оқып беру.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-

біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып,

шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы

бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық


көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.


-Балалар, әңгіме сендерге ұнады ма?

-Әңгімеде не туралы айтылған?


-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?

-Балалар, сендер буынға бөле аласыңдар. Әңгімедегі бұлақ сөзін буынға бөліңдерші?

-Неше буыннан тұрады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Дауысты дыбыс бір буын құрайды. Бұлақ –сөз. Сөз –буыннан тұрады.

Машықтанушы әңгіме мазмұнын балалардан сұрайды.

Сергіту сәті:

(Сергіту жаттығуларын Н.Жанаевтің «Еңбек» өлеңімен жасайды).

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.


«Кімге қандай еңбек құралы керек?» жұмыс дәптердегі №3 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.


Балалар ынта қойып тыңдап отырады.
































-Иә, әңгіме ұнады.

-Бұлақ туралы айтылған.

Балалар қолдарын шапалақтау арқылы буынға бөледі.

Бұ- лақ

--Екі буыннан тұрады.




Балалар әңгіме мазмұнын айтып береді.


















































Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.







Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, бүгін біз кімнің әңгімесін тыңдадық?

-Әңгіме қалай аталады?

Педагог балаларға жұмбақтардың жауабын шешкізу арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Барлығы атасы мен немересін шығарып салады.

-Балалар, сендер әңгімені өте жақсы түсінгендердің жұмбақ шешу барысында байқалды. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар! Жарайсыңдар!

-Ы.Алтынсариннің әңгімесін тыңдадық.

-Таза бұлақ.







Балалар қуанып қалады.



Тексерілді: Сатқынбаева Г.Д



Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу ауданы №3 «Алтын-Орда Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі Алматы қаласы филиалы

















Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Тақырыбы: «Таза бұлақ» әңгімесі

Тобы: «Данышпан» ортаңғы тобы

















Алматы, 2018

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі