400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Уақыт және оның бірліктері. Секунд

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды уақыт бірліктерімен таныстырып, олардың арасындағы ара қатынастарды түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 «П» сынып. Бастауыш сынып мұғалімі: Наурызбаева Анар Қанағатқызы.

Математика.

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның бірліктері. Секунд.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды уақыт бірліктерімен таныстырып, олардың арасындағы ара қатынастарды түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік. Күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуын ұғындыру, топта үш таңбалы сандарды талдау, салыстыру, разрядтар бойынша көрсету.

2. Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

3. Тәрбиелік. Жан-жануарларды қорғай, күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру. Әңгімелеу. Сұрақ-жауап. Қайталау. Талдау, жинақтау. Оқулықпен жұмыс. Өзіндік жұмыс. Ойын. Көрнекілік. Деңгейлік тапсырмалар (Топпен жұмыс).

Сабақтың жабдығы: дидактикалық материалдар, оқулық, сағат, кеспе сандар.

Пәнаралық байланыс:ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Психологиялық ахуал.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тірек білімді еске түсіру. Ауызша есептеу.

Оқулықтың 205-бетіндегі «Сөз құрастыр» материалы бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар ассоциациялар картасын тақтаға құрады, толтырады.

46+54 Т 75+18 А 32+27 Д 28-34 Р

90-35 А 84-67 К 61-19 В

Кестеге жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Астына тұсындағы әріптерді жаз. Фигураның атын оқы. Квадрат.

Оқушылар уақыт бірліктерінің ассоциациялар картасын тақтаға толтырады.

ғасыр күн режимі

\ /

күн,жыл ---Уақыт----- сағат, минут

/ / / / \

ай, секунд апта тәулік мүшел

Уақыт бірліктерін атату. Сағат, күн, апта, түн, минут, секунд, тәулік, ай, ғасыр, жыл, мүшел.

ІІІ. Сергіту минуты.

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Уақытты өлшеу. Секунд.

Мағынаны таны. Оқулықпен жұмыс. 1. «Жұмбақ шешу» ойыны.

Он екіге жетіп,

Жүрген кері кетіп. (Сағат).

Тапсырма-1. Сағат бойынша жұмыс жасау. Сағаттың тілдерін анықтау. Уақытты үйрету.

Тапсырма-2. Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып, сөйлемді оқы:

Біз - 21... өмір сүреміз.

Поезд - 48... жолда болды.

Ұшақ - 3... ұшты.

Сабақтың ұзақтығы - 45.... .

Оқушылар біздің елдің мерекелерін атайды, ал «Конституция- Ата Заң», « Республика күні», «Жеңіс күні», «Наурыз мейрамы» ұғымдарының мән-мағынасын ашады.

V.Есептер шығару. Оқулықтың суреті бойынша оқушылармен әңгіме жүргізіледі.

-Бұл құстарды сендер білесіңдер ме?

–Олар жайлы сендерге не белгілі?

–Сендер тағы қандай құстарды білесіңдер?

-Алған білімдеріңді қандай сабақта қолдана аласыңдар?

Есептердің шарттары мен сұрақтарын оқыту. Шығару жолын анықтату.

Тапсырма-5.

Ү.-68ж

А.-? одан 44ж кем (қысқа) Шешуі: 68 -44=24(ж

Жауабы:Аққу 24 жыл.

Б.-46 жыл

Ж.-? одан 31ж. кем.

Қ.-? ж-тан 44 жыл артық

Шешуі: 46-31=15

15+44=59

(46-31)+44=59(ж).

Жауабы:Қарға 59 жыл тіршілік етеді.

VІ.Топпен жұмыс.

Тапсырма-4.

1. Әр жолдағы сандарды оқытып, оларды бір-бірімен салыстыру.

І,ІІ, ІІІ топтар бойынша орындату.

Үш таңбалы сандарды ауызша салыстыру.

–Не байқадыңдар?

-Келесі санның алдыңғы саннан нешеуі кем?

Жазуды жалғастыру.

VІІ. Практикалық жұмыс.

Қабырғасы 2см шаршы сал. Оның периметрін тап.

Р=2см+2см+2см+2см=8cм

Р=8см

Р=2см . 4=8см

Р=8cм

VІІІ. Рефлексия. Шығармашылық тапсырманы әр топтар бойынша орындау. (Жұмысқа 3-4 минут уақыт беріледі). 10 орындықты 3-3-тен бөлменің әр қабырғасына орналастыр.

ІХ. Үйге тапсыр. 6-тапсырма (заттармен практикалық әрекеттер орындалады, 3-тен қоса отырып санауға және 3-тен біртіндеп азайтуға машықтанады), 7-тапсырма.

Х. Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау. Сыныпты жалпы бағалау. Жекелеген оқушылар біліміне баға қою. Өзара бірін-бірі бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі