400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Уақыт тарауы бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Уақыт тарауы бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2 Shape1 Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

Әдебиеттік оқу пәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы №3

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша

Оқу мақсаты: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі: Білім алушы
-шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді
-өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді
-шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқиды
-шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Орындау уақыты: 20 минут

Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңда.

Shape3

Асыл уақыт
Асан мен Үсен – егіздер. Олар уақыттың қадірін әртүрлі түсінетін. Асан әр минутын тиімді пайдалануға тырысса, Үсен кейде уақытын босқа өткізіп алатын.
Бір күні мұғалім сабақта:
— Балалар, ертең мектепте үлкен жоба таныстырылады. Дайындалуға бір күн уақыт беріледі, — деді.
Асан бірден жоспарын құрып, материалдар іздей бастады. Ал Үсен теледидар қарап, уақыттың қалай өткенін байқамай қалды.
Келесі күні Асанның жобасы үздік деп танылды. Үсен қатты өкінді. Ол уақытты дұрыс пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.

















1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.

1) Асан өз жобасына қалай дайындалды?
a) Достарынан көмек сұрады
b) Жоспар құрып, материалдар іздеді
c) Соңғы сәтте ғана дайындалды
d) Уақытты босқа өткізді

2) Үсен уақытын дұрыс пайдаланғанда, оқиға қалай өзгерер еді?

Shape4

2-тапсырма: «Уақыт-баға жетпес байлық» дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткіз.



3-тапсырма: Уақытты тиімді пайдаланудың маңызды екенін көрсететін сөйлемді тауып, астын сыз.

Жазылым:

1-тапсырма: Тыңдалым бойынша берілген мәтіндегі кейіпкер Үсенге хат жаз. Хатыңда

кейіпкерге уақытты тиімді пайдалану туралы кеңес бер.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді

1

Бірінші сұрақтың жауабын белгілейді

1

Екінші сұрақтың жауабын жазады


1


өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді

2

Ойын жүйелі жеткізеді

1

Көркем-бейнелі сөздерді қолданады

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1


шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқиды

3


Қажетті сөйлемді тауып, астын сызады

1Shape5


шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазады

4

Кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп, хат жазады

1


Хаттың құрылымын сақтайды

1

Сөйлем құрылымын сақтайды

1

Орфографиялық, пунктуациялық

нормаларды сақтап жазады.(3 қатеден көп емес)

1

Барлығы



10















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.04.2025
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі