400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Уақытты анықтау не үшін қажет? 1 сынып дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Мектеп: Ақтөбе қаласы №65 ЖББОМ



Мұғалімнің есімі: Жүсіпова Г.Н

СЫНЫП: 1ә

Қатысқандар саны:19


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар уақыттың маңыздылығын түсіндіру;



Оқушылардың басым бөлігі:уақытты өлшеу құралдарын анықтайды.;


Кейбір оқушылар:көрсетілген тәжірибені түсіндіру.

Ресурстар:

  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

  2. күнсағаттың фотосуреті,

  3. ұзындық өлшегіш таспа. Интернет-ресурстар:

  4. әйгілі сағаттар туралы сайт, мысалы, http://old-clock.kz/o-chasax/samye-izvestnye-chasy-v-mire/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

  3. уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анықтайды;

  4. қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.4.3.1 Уақыттың маңыздылығын түсіндіру.

1.4.3.2.Уақыттың өлшеу құралдарын анықтау.


Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр тарихи кезеңде уақыт пен

кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.


Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жатқан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп­ сидрлер)­ пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған.

Тілдік құзыреттілікті дамыту

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлінеді. Әр топ өздерінің топтық жұмысын қорғайды.




1.Ұйымдастыру кезеңі: 
Психологиялық  дайындық:

Мұғалім суреттер көрсетіп тұрады
Оқушылармен бірігіп қимылмен көрсету.
- Қазір жылдың қандай мезгілі?-Қыс.
- Тәуліктің қай кезі?
- Таңғы уақыт.
- Таң атты, күн шықты.
- Сағат шырылдады.
-Ұйқыдан ояндық.
- Дала суық, тоңдық.
- Қар жауып тұр.
- Мектепке келдік.
- Сабақ басталды.

«Қалпақ » әдісі
Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардан жауап алады.

Бұл ненің суреті?

Глобус ненің моделі?

Глобустың пішіні қандай?

Глобустың басым бөлігі қандай түспен боялған? Ол түс нені білдіреді?

«Ой шақыру»

Сыртылдайды күнімен.

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.

Жауабы:сағат

Гүлдердің өсуіне қанша уақыт қажет екенін анықтаймыз.

Ойлан,жұптас,ақылдас»әдісі

А: 1-топ

Ыдыста өсіп тұрған тұқым түрін табады.( гүлдің тұқымы) Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.)

В: 2-топ

Гүліміз жақсы болып өсу үшін қажетті заттарды табады. (топырақ, су, жарық, саз, лай,)

Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.)

С: 3-топ

Ыдыстағы гүлдің өсіп шығуына қанша уақыт кететінін анықтайды. (1жыл, 1ай, 1күн, 1минут, 1сағат)

Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.)

Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.)

Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.)

“Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсынамын.

Қорытынды:

Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап жинақтаймыз. Ол өткен шақтан болашаққа жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.

Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған.

Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған.

Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған.

Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді.

Таң атқанда барлық тіршілік басталған.

Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.

 Тапсырма Орындау:Сағат тілдерін жапсыру

«Тиімді өлшеу» әдісі.

Эксперимент жасаймыз.  Сөреден мәреге жүгіріп шыққан аралықты сағат

түрлерімен анықтайды.

1-топ: Құмсағатпен өлшейді

2-топ: Механикалық сағатпен өлшейді

3-топ :Электрондық сағатпен өлшейді

Әр топтан үш оқушы таңдалынып алынады.

Жүгіріп өткен оқушының уақытын басқа оқушылар белгілеп, жазып тұрады.

Эксперимент аяқталғаннан кейін қай сағат түрімен анықтаған дұрыс екеніне қорытынды жасайды.

Ортақ сұрақ:

Жүгіріп өткен уақытты құмсағаттың көмегімен анықтауға болама?

Неге?

Топтық бағалау. «Бағдаршам»

Тақырып бойынша сұрақтарды мұғалім дайындайды.

1.Уақытты тоқтатып қоюға болады.

2.Уақыттың қанша болғанын сағаттан білеміз.

3.Уақытты кері қайтаруға болады.

4.Уақытты көзбен көруге, қолмен ұстауға болмайды.

А: дұрыс жауабын басады.

В: жауабын белгілей отырып, дәлелін айтады.

С: жауапты белгілей отырып, қорытынды жасайды.

Қорытынды:

 құмсағатта циферблат жоқ болғасын арақашықтықтағы уақытты анықтау қиын болады. Механикалық, электрондық сағаттардың көмегімен дәл анықтау қиын.

Ең ыңғайлысы электрондық сағат деген қорытынды жасаймыз.

Дәптермен жұмыс

Кеш — ерте.

Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз.

Сұрау: “Ағаш бас кезінде қандай болды?

Содан кейін қандай болды?

Ол бірден үлкен болып өсті ме?

Қалай өсті?

Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.









Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Уақыт.


Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсыну. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін..

Бағалау


Оқушылар уақытты анықтайтын құралдар мен құрылғыларды біледі.


Бағалау критерийі:

Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.

Уақытты өлшеу құралдарына қатысты  өлшем бірліктерін ажыратады.

1-тапсырма

Суреттен  уақытты өлшеу құралдарын тауып, белгілеңіз. Оларды атаңыз.

 Дескриптор: Білім алушы — уақытты өлшеу құралдарын (құмсағат, секундомер, қол сағат, күнтізбе)  белгілейді.

2-тапсырма

Уақыттың өлшем  бірліктерін ең кішісінен бастап  өсу ретімен нөмірлеңіз. Олардың қайсысы сағаттың көмегімен анықталады? Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады? Сызық арқылы қосыңыз.

Тәулік              Жыл              Ай                         Сағат



Секунд                      Минут                               Апта

Дескриптор:  Білім алушы — уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірлейді; — сағаттың көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды; — күнтізбенің көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды.Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қараудытапсырыңыз. Сұраңыз: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.

Ой толғаныс.

Кері байланыс.

















«Көңілді микрофон » әдісі арқылы сабақты қорытындылау.




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


Сұрақтар беру арқылы оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысын дамыту мақсатында сыни тапсырмалар беремін. Төмен деңгейдегі оқушыларға жеңіл сұрақтар мен жұмыс берілді.

Сабақтағы мұғалім мен оқушы сұхбаты барысында сұрақтарды өрістету арқылы саралаймын.

Сабақтың мақсаты бойынша саралаймын. Эксперименттер нәтижесінде барлық оқушылар уақыттың маңызын түсінсе, басым бөлігі өлшеу құралдарын анықтайды, кейбір оқушылар нәтижені түсіндіріп бере алады.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша саралаймын.

Суреттен уақытты анықтайтын құралдарды тауып белгілеу /жеңіл/

Уақыттың өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірлеу /орташа/

Диалог арқылы саралаймын.

Сабақтағы мұғалім мен оқушы сұхбаты барысында сұрақтарды өрістету арқылы саралаймын

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралаймын.

Жекелеген оқушылар мұғалімнен немесе жолдастарынан қолдау күтеді. Тапсырмалар орындау барысында кейбір оқушыларға көмек беремін.


Оқушылар өздерін бағалады.Топ бойынша бағаланды.

АКТ пайдаландым.Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады.

Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды.


Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Бүгінгі өткізген сабағым шынайы болды.Оқушылардың ахуалы өте жақсы.Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды.Берілген уақыт ішінде барлық тапсырмаларға үлгердім.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі