400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Уақытты анықтау" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
уақытты анықтауға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Математика

МЕКТЕП


Тақырыбы:

Уақытты анықтау

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП:1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың мақсаты

1.1.3.5. Циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат (уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай)





Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

-Негізгі ұғымдарды үш тілде атайды.

-циферблат бойынша уақытты анықтауды үйренеді.

-уақытты бағдарлау бойынша (минут,сағат, күн, апта,ай)түсінігін,уақыттың

өлшем бірліктерін қолдануды біледі.

- таңертең тұру, түскі ас, мектепке келу, ұнайтын телебағдарламаның

уақытын көрсетеді.

- 12 цифрының сағатты дәл көрсететінін анықтайды


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-Циферблатты (сағат моделін)пайдаланып, уақытты анықтай алады

- уақыт бірліктерін ажырата алады, сағат түрлерімен танысады.

-күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

-уақыт бірліктерінің арасындағы байланысты (секунд, минут, сағат, күн,

апта, ай) қолданады.

-cағаттық және минуттық тіл туралы түсінеді.

-уақыт бірліктерін сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар:

-Сағатта орналасқан рим цифрларын атай алады.

-сағат макетін жасайды.

-электронды және механикалық сағатты салыстырады.

-есеп шығару арқылы пікірлерін білдіреді.





Тілдік мақсат

Оқушылар :

-ассоциация картасын құрып,уақыттың өлшем бірліктерін атайды.

-сағаттың моделін құрастырып уақытты көрсетіп,дәптерге жазады.

-бір сағатты минутқа айналдырады.

-аптада,айда,күнде неше күн,ай бар екенін біледі.

-мезгілдерді ажыратады.

-туған күндерін ай арқылы анықтайды.

-бір- біріне ашық сұрақтар дайындайды.


Түйінді сөздер мен тіркестер:

сағат-часы-clok,уақыт-время--time,

Минут-минут-minutes,секунд-секунд-second, күн-день-, апта-неделя- week, ай-месяц-month

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тілдік стиль: ауызша

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сағат не үшін қажет?

- Уақытты қалай біледі?

- Уақыт немен өлшенеді?

Не себептен .... деп ойлайсыз?

Неліктен уақытты білу керек деп ойлайсың?

Ишара: қолдау,сипалау,қолпаштау,арқасынан қағу

Алдыңғы оқу

-Қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

-Масса бірліктерін атаңдар

-Аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?


ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басы




Уақыт аралықтары туралы (минут,сағат,апта,ай, күн)түсінігі болу,уақыттың өлшем бірліктерін қолдану

Ассоциация картасын құру.






Ортасы











































































Аяқталуы








Рефлексия

















1-тапсырма. Топтық жұмыс. Сағаттың моделін құрастырады. Тілдерін қозғалта отырып, уақытты көрсетеді. 1сағат=60 мин.

Сағаттың 3 тілі: сағаттық, минуттық, секундтық. Жүру бағыты: оңға қарай.

Дәптерге жазады.

Таңертең тұру, түскі ас, мектепке келу, ұнайтын телебағдарламаның уақытын көрсетеді. 12 цифрының сағатты дәл көрсететінін анықтайды және минуттық тіл туралы түсінеді: 12.00; 11.10

Топ мүшелерінің туған күндерін ай арқылы анықтайды.

Shape1 Shape2

Топпен бағалау.Бағалау парақтары арқылы

Негізгі ұғымдарды үш тілде айтып үйрену:

сағат-час-hour, минут-минута-minutes, уақыт-время- , күн-день- , апта-неделя-a week , ай-месяц-month


2-тапсырма. Жеке жұмыс. Оқулықтағы есептер. Дәптермен жұмыс.

  1. Достар киноға барды. Фильм сағат 4-те басталды да, 1 сағатқа созылды. Достар кинозалдан сағат нешеде шықты?

  2. Балалар аулада екі сағат ойнады. Олар сағат 12-де ойынды аяқтап, үйлеріне тарасты. Балалар ойынды нешеде бастады?

  3. Мирасқа ауылдан қалаға бару қажет. Егер ол автобуспен баратын болса, жолға 2 сағат уақыт кетеді. Ал жеңіл машинамен 60 минутта жетеді. Ол қай көлікпен қалаға тез жетеді, неліктен?

Шапалақпен бағалау әдісі

Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір,

Оңға бір, солға бір

Сағатқа қарап ап жаттығу оңай-ақ.


3-тапсырма.

Рим цифрымен берілген сағаттағы уақытты анықтайды: V-5, III-3, IV-4, X-10, IX9

Бас бармақ әдісі бойынша бағалау

Ой ширату, қимыл-қозғалыс жаттығуы.

Уақыттың маңыздылығын анықтау үшін тапсырма:

1минутта моншақ теру. Әр оқушы қанша моншақ жинағанын санайды. Қорытынды:

-әр бала әртүрлі жинады.

-1 минутта адамның өмірін құтқаруға болады, телефонмен жақсы хабар жеткізуге болады.

-Сендер не айта аласыңдар?(мысал келтіреді)

4-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Электронды және механикалық сағатты салыстырады. Мысалы: күндізгі сағат 12+1=13 (13-күндізгі сағат1).

Диалог. Мысалы:

  • Сабаққа дайындалуға сағат нешеде отырасың?

  • Сағат 4 -те отырамын. 16. 00

Өз өздерін бағалау

5-тапсырма. Топтық жұмыс.

Сағат циферблатын пайдаланып, күн тәртібін құрастыруға коллаж жасау.

Смайликтер арқылы бағалау

6. Сәйкестендіру тесті.

1 апта 1 жыл

60мин 7 күн

12 ай 1сағат

60 сек 1 мин

«Кім көп біледі?»

Топтар бір-біріне ашық сұрақтар дайындайды.

1 секундта адам неше қадам жасайды?

1 минутта адамның тамыры неше рет соғады?

1 сағатта не істеп үлгеруге болады?

Бүгін аптаның қай күні, нешінші күні?

Қазір қай ай, нешінші ай?


Кері байланыс «Жақсы түсінсе-күннің көзі,

орташа түсінсе-күннің батуы»

(парақтарға көрсетеді)


Үйге тапсырма: Ата-аналарынан әлемдегі көлемді сағаттар жайлы біліп келу.Сағат, минут, секунд бойынша қызықты мәліметтер біліп келу.


Дескрипторлар:

- Уақытты циферблат арқылы анықтай алады.

-Сағаттың моделін құрастыра алады.

- Бір сағатқа дәлдікпен уақытты анықтайды.

Толық минуттық тілдің бір айналып шығуы

1 сағат, 1 сағат=60 мин екенін біледі.

- Сағат тілінің бағытын біледі.

- Сағатқа байланысты есептерді шығара алады..

- Сағат түрлерін біледі, салыстыра алады.

- Уақыт бірліктерін сәйкестендіре алады.

- Циферблатты пайдалану арқылы күн тәртібінің кестесін құрастырады.

- Тілдік мақсатқа сай 3 тілде уақытты айтады.




Суреттер,желім,қайшы,А3 парағы немесе **


АКТ





















Оқулық






















Циферблат







Моншақтар






Сағат түрлері








Суреттер, қайшы, сағат моделі











Қосымша ақпарат

Сен білесің бе? Астанадағы жеңіс саябағында күн сағаты орнатылған.Ашық күндері дәл уақытты көрсетеді.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс


«Шапалақ» әдісі арқылы



Бағалау парағы арқылы

.Аты-жөні

тапсырмалар

бағалау











дүниетану,АКТ,еңбекке баулу,орыс тілі, ағылшын тілі

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен







Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.












\









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі