400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Уақытты бағалаған озады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға уақыттың құндылығын түсіндіріп,оның қандай бағалы зат екеніне көз жеткізуге көмектеседі. Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу қажет?,деген сұраққа жауап табуға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағалаған озады.. 8-сынып.Күні:6.12.2017жыл.
Сілтеме: 8-сынып оқулығы.

Оқыту нәтижелері: оқушылардың морфология саласы туралы алған білімдерін кеңейте отырып, сауатты жазу және сөйлеу мәнерін жетілдіру,оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, ізденушілікке, өзіне қажетті білімді өзі алып, нақты да дәл, анық сөйлеу машықтарына баулу. Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу 
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндірме, аудару, мәнерлеп оқу. әңгімелесу, түсіндірме, сұрақ - жауап

Ресурстар:Сөздік, оқулық, дәптер. 
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
-Бүгін кім кезекші?  5мин.
-Сыныпта кім жоқ? 
-Қазір қай жыл мезгілі? 
-Бүгін ауа райы қандай? 
-Бүгін нешесі? 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Модуль бойынша әңгіме құрстыру. Гимназ.сынып: Сызбамен жұмыс  10мин.

III. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын, барысын айту. 
1- тапсырма. Уақыт неге зымырайды.. .Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10мин.

Сөздік жұмысы 
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу. 
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:

а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы. 
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау. 
4. Сөйлем құрау. 
Сөздік 
заңдылығы бар — есть закономерность 
өтеді, кетеді — проходит
үлгеру үшін — чтобы успеть 
бәрінен де қымбат — дороже всего 
жаттықтырулар — тренировки 
босқа өткізу — зря, без пользы проводить 

2- тапсырма.Сұрақтарға жауап беру. 
Күнде үй тапсырмасын орындауға қанша уақытың кетеді? 
Үй тапсырмасына дайындалуды қалай үйымдастырасың? Пәндерді қалай бөлесің, тапсырмаларды қалай орындайсың, неден бастайсың? 
Өз бойыңды тәртіпке үйрету қажет пе? Оның жолы қандай? 

3 – тапсырма.Өзің үшін маңызды/маңызды емес істер (бір күн көлемінде немесе бір апта ішінде) тізімін жасап, кестені толтырындар. “Егер менің уақытым жеткілікті болса, мен...” деген тақырыпта монолог дайындаңдар. 
Маңызды істер. Маңызды емес істер
4 - тапсырма. Уақыт мағынасында қолданылатын тұрақты сөз тіркестерін толықтырып жазындар. Олармен модаль сөздерді қолдана отырып сөйлем құраңдар. 
Сүт пісірім .... 
Қас пен көздің .... 
Көзді ашып .... 

5- тапсырма. Қазақшаға аударыңдар. 
Незаконченныедела... опасны
для вашего здоровья! Надо все доводить до конца. 
Возможно, сейчас вы подумаете: “Но у меня же нет времени, чтобы полностью завершать дела!” Хорошо, давайте же посмотрим на некоторые последствия незавершенной работы. Незавершенная работа наносит смертельный удар по: 
Вашему времени. 
Вашей энергии. 
Вашему здоровью. 
Клаус Хилгерс 

6- тапсырма. Өздерің сияқты оқушының күнделігін оқып шығыңдар да, сүрақтарға жауап беріңдер.


7.30. Таңғы ас 13.30. Түскі тамақ 19.00. Сабақ оқу 
8.30. Мектепке жиналу 15.00. Мұражайға бару 21.00. Теледидар, демалу 
9.00. Мектеп, сабақ 18.00. Кешкі ас 22.00. Ұйықтау 


7-тапсырма.Сұрақтарға жауап беру 5мин.
Ол қашан тамақтанады? Ал сен ше? 
Оның
сабағы қашан басталады? Ал сенде ше? 
Ол
мұражайға қашан барады? 
Ол
қашан демалады? Ал сен ше? 

IV. Бекіту 3мин
V. Сабақты қорытындылау.

-Нені өттік? 3мин.
-Нені үйрендік? 
-Нені білдік? 

VI. Үй тапсырмасы. Өздерінің күн тәртібін құрау және оны мазмұндау. Гимназ.сынып:диалог  2мин.

VIII. Рефлексия. Оқушылардың көңіл – күй жағдайын, әрекетін оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына жағдай жасау. 2мин.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
749
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі