жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Уақытты бағдарлау: жыл мезгілдері, 1 жылда 12 ай бар»
Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Уақытты бағдарлау: жыл мезгілдері, 1 жылда 12 ай бар»
Мақсаты: уақыттың бөліктері туралы (таңертең, күндіз, кеш, түн) түсінік беру,
Міндеттері:
Білімділік: тәулік бөліктерінің атауын, төрт жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарымен байланыстыруға үйрету,
Дамытушылық: сөйлеу, байқағыштық, ойлау қабілеттерін, өз пікірін айтып, оны дәлелдей білу дағдыларын дамыту,
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: таңертең, күндіз, кеш, түн, кеше, бүгін
Демонстрациялық материалдар: сағаттың суреті, уақыт бөліктері туралы суреттер, апта күндерінің суреттері
Үлестірмелі материалдар: таратпалы карточкалар, доп
Қостілдік компонент: таңертең-утро-morning , күндіз-день-day , кеш-вечер- evening, түн-ночь-night , кеше-вчера-yesterday, бүгін-сегодня- today
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: «Шапалақ, сәлем!» 01-«Г»-№1
Қонаққа Жұмбақбай ата келгенін хабарлайды. Орман тұрғындарына тапсырмаларды орындау арқылы көмек көрсетуді ұсынады.
|
Бәрі бірге айтады. Үстелді жағалай отырады. Қызығушылық танытады.
Көмек беруге ынталанады. |
Ұйымдастыру– іздестіру |
Қайталау Геометриялық пішіндермен жұмыс «Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны Бөлме ішінде сопақша (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) пішіндес заттарды тауып айтуды ұсынады.
«Жалғастыр» дидактикалық ойыны Бұл ойынды доппен ойнау түрінде өткізуге болады. Қысқа сөз тіркесін айтып, допты лақтырады. Доп тиген балаға тиісті уақытты айтуды ұсынады. Мысалы: - Біз серуенге.......... бардық - Біз........... сурет саламыз Сұрақ-жаттығу ойыны: - Күндіз күн шықса, түнде не көрінеді? - Балабақшаға таңертең келіп, үйге қашан қайтамыз? - Кеше сәрсенбі болса, бүгін қай күн? - Музыка сабағы қашан болды? |
Тапсырманы орындады, мысалы: Есік-тіктөртбұрышқа ұқсайды, сағат-дөңгелекке ұқсайды, терезе-шаршыға ұқсайды.
Шеңберге тұрады. Доп тиген бала, допты қағып алып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
- Біз серуенге күндіз бардық - Біз ертең сурет саламыз
Түнде ай көрінеді
Үйге кешке қайтамыз. Бүгін бейсенбі. Музыка сабағы кеше болды..
|
|
«Өз орнына қой» дидактикалық ойыны Тақтаға суреттер іледі (ұйықтап жатқан бала, тамақ ішіп отырған бала, қол жуып тұрған бала суреті). Суретке мұқият қарап, рет-ретімен қоюды ұсынады. Сергіту сәті:
«Тәулі күндері» дидактикалық ойыны: Берілген суреттерге қарап тәулік мезгілдерін ажыратып атау. Сөздік жұмысы: таңертең-утро-morning , күндіз-день-day , кеш-вечер- evening, түн-ночь-night , кеше-вчера-yesterday, бүгін-сегодня- today Саусақ жаттығуы:
«Апта күндері» тапсырма жаттығу Апта күндерін білдіретін түрлі түсті дөңгелекшелер таратады. Музыка бойынша жүгіріп, тоқтаған кезде апта күндерінің орналасу тәртібімен сапқа тұруды ұсынады. Кейін ойын күрделенеді.
|
Суретке қарап, рет-ретімен қояды: Ұйықтап жатқан бала Қол жуған бала Тамақ ішкен бала
В понедельник я кроила, А во вторник — платье шила В среду — фартук вышивала, А в четверг — белье стирала: Все свои платочки И братишкины носочки. А в пятницу, субботу Отдыхала от работы.
Ойынға белсене қатысады.
Жаңа сөздерді ұғынып, меңгереді, қайталап айтады.
Мы ладошки протянули. И на солнышко взглянули. (Дети протягивают ладошки вперёд и ритмично поворачивают их вверх – вниз.) Дай нам, солнышко, тепла, Чтобы силушка была. (Делают движение пальцами, словно маня к себе.) Наши пальчики – малютки Не хотят ждать ни минутки, (Ритмично сгибают и разгибают пальцы.) Тук – тук, молоточками, (Наклоняются и поочерёдно ритмично стучат кулачками по коленям.) Хлоп – хлоп, лапоточками, (Ритмично хлопают по коленям.) Прыг – прыг, словно зайки, Скачут на лужайке. (Стучат полусогнутыми пальцами по коленям.)
Дөңгелекшелерді таңдап алып, музыкамен жүгіреді, музыка тоқтаған кезде рет-ретімен тұра қалады. |
Рефлекситі - түзетушілік |
Қорытынды:
Тасырмаларды жақсы орындағандары үшін Жұмбақбай ата рақмет айтады. «Жүректен жүрекке» шеңбері «Әдеп сақта әманда» 01-«Ж»-№21 Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бiр қамқорлық, Қайтарады саған да.
|
Кеше, бүгін, таңертең, күндіз, кешке, түн ұғымдарымен таныстық
Жұмбақба атамен қоштасады
Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: апта күндерін, уақыт бөліктерін ажыратуды.
Болу керек: уақыт туралы түсініктері.
Істей білу керек: сөйлеу, тапсырмаларды нақты орындауды, өз пікірін айтып, оны дәлелдей
білуді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген