400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Уақытты қалай анықтаймыз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Уақытты қалай анықтаймыз? 3 сынып адамдар уақытты қалай анықтайтынын, уақытты анықтау бірліктерін айту. Күнтізбе жасау тәсілдерін көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Уақыт


Сабақтың тақырыбы: Уақытты қалай анықтаймыз?

Мектеп: «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ

Күні: 18.10.2021


Мұғалімнің аты-жөні:

Илиясова Салтанат Жумабековна

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Ой-өрістерін кеңейту, сағаттың, күнтізбенің пайда болу

тарихымен танысу.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.2

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: адамдар уақытты қалай анықтайтынын, уақытты анықтау бірліктерін айту. Күнтізбе жасау

тәсілдерін көрсету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптерінің 20– 21-беттеріндегі тапсырманы орындау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, адам өміріндегі сағаттың маңызы туралы әңгіме құрау. Ғаламтоp мен өзге де ақпарат құралдарынан сағат пен күнтізбенің тарихы туралы мәліметтерді тауып,

жақындары және достарымен бөлісу.

Тірек сөздер: уақыт, сағат, уақытты анықтау, секунд, минут, сағат, тәулік, апта, жыл, жыл мезгілдері, маусым, күнтізбе.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Адамға сағат не үшінкерек?

Жауап. Сағат күн тәртібіңді жоспарлау үшін, бәріне уақытында үлгеруге, уақытты біліп, не істеуді білу үшін керек.

  1. Сағаттың қандай түрлерібар?

Жауап. Қолсағат, қабырға, үстелдің үстіне қоятын сағат, механикалық сағат, электронды сағат, құмсағат, күнсағат.

  1. Ең бірінші қандай сағаттар пайда болғанынбілетіндер баршығар?

Жауап. Күнсағат.

  1. Оның қандай кемшіліктеріболды?


  1. Уақытты қалай анықтауға болады? Жауап. Секунд, минут, сағат бойынша.

  2. Ұзақ уақыт аралығы қалай есептеледі? Жауап. Тәулік, апта, айбойынша.

  3. Ол қай жердекөрінеді? Жауап.Күнтізбеде.

  4. Бір жылда қанша мезгіл бар? Олардыата. Жауап. Төрт. Қыс, көктем, жаз,күз.

  5. Елді мекендерде тұратын адамдар белгілі біржыл мезгілінде неістейді?

Жауап. Көктемде жерді егіске дайындайды, тұқым себеді, көшет отырғызады. Жазда егінді күтеді, суғарады, арамшөбін тазартады. Күзде егінді жинап, қысқа дайындайды.

  1. Өтіп жатқан уақытты қаншалықты еске аласыңдар? Сағаттың қандай пайдасы бар? Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Оларды тыңдап, қажет жерін түсіндіргендұрыс.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: адам өміріндегі сағаттың маңызын, сағаттың даму тарихын, уақытты анықтау жолдарын

біледі. Сағат түрлерін, уақытты дұрыс айтуды, жыл мезгілдерін суреттеуді біледі. Сағаттардың суретін салады.

Оқушылардың көпшілігі: сағаттың даму тарихын айта алады. Сағаттарды сала алады.

Кейбір оқушылар: сағаттың адам өміріндегі маңызын дәлелдеп айта алады. Сағат дизайнын жасай алады.

Бұрын алған білімдері

Жаратылыстану сабақтарынан, жыл мезгілдері туралы

энциклопедиялардан алған білімдері, уақытты анықтау туралы білетіндері.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, математика, музыка, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты талдау барысында, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды

тыңдағанда сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, дұрыс сөйлеуге тырысады. Жыл мезгілдері, уақытты анықтау туралы білетіндерімен бөліседі. Жаратылыстану, математика сабақтарындағы білімдері сағат минуттарын, тәулік уақытын анықтауға қажет болады. Оқушыларға

жұмбақтар жасырады, №2 қосымшадағы музыкалық үзінділерді тыңдайды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына

кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында оқушыларға сағат және әртүрлі тәулік мезгілдері туралы жұмбақтарды оқып, сағат туралы ән тыңдатуға болады (сайттар дереккөздерде берілген).

Уақыт туралы өлеңдер. https://www.youtube.

com/watch?v=zmhU5mOG8FA


https://www.youtube.com/watch?v=cFCTLAyaSN4


Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Оқушыларға өмірді сағатсыз елестетулерін сұрайды. Оның аяғы қалай болар еді? Тоқтап қалған сағат туралы бірнеше жағдаят туралы ойланып, сағаттың

адам өміріндегі маңызы туралы шағын әңгімеқұрауды ұсынады. Е. Шварцтың балалар уақытты бағаламай, шалға айналғаны, уақыт пен жастық шақтарын қайтару үшін қандай қиындықтардыбастан

кешкендері туралы «Жоғалған уақыт туралы ерте- гісін» айтуға болады. Сағаттың адам өміріндегі

маңызын түсінуге ынталандыру қажет. Уақытты қалай анықтауға болатынын айтуға болады. Оның бір жолы

– күнтізбе. Күнтізбе жасау – қызықты жұмыс. Жай күнтізбелер дүкенде де сатылатын болғандықтан,

балалар өзінің ерекше күнтізбесін ойлап таба алады. Мысалы, ұмытуға болмайтын күндердің күнтізбесін жасайды. Онда жақындарыңның туған күндері мен белгілі бір даталар белгіленеді. Маңызды жұмыстар

күнтізбесін жасауға болады, онда бір жылдың ішіндегі маңызды жұмыстарды жоспарлауға болады. Біз

сендермен бірге күнтізбе туралы әлі де көп нәрсе біліп, өз күнтізбемізді жасаймыз.

Е. Шварц.

«Жоғалған уақыт туралы ертегі» http://books.rusf.ru/u nzip/add- on/xussr_ty/shvare15. htm?1/2

Әртүрлі күнтізбелер.



Материал- ды

түсіндіру

Адам сағатсыз тұра алмайтынына көзіміз жетті. Алғашқы сағаттар қашан пайда болды, олар қандай болды? Білетіндер бар ма? Оқушылардың жауабын тыңдайды. Күн сағаттары, олардың қызметі туралы айтып береді. Басқа сағат түрлері туралы қысқаша айтады (сағат туралы әңгімелегеннен кейін№1

жұмыс дәптерінің 20– 21-бетіндегі тапсырманы орындайды).

Сендер ұзақ уақыт бөлігі күнтізбемен есептелетінін

білесіңдер. Қазіргі күнтізбелерге назар аударайықшы. Онда әдетте жыл мезгілдері бейнеленген табиғат көрінісін байқаймыз (оқулықтағы фотосуреттерді қарап шығып, жыл мезгілдерінің белгілерін атайды).

Оқушылар маусымдық жұмыстар туралы айтып береді.

Оқушылар №1 жұмыс дәптерінің 21-бетіндегі суреттерге қарап, сұрақтарға ауызша не жазбаша

жауап береді. Суреттердің әсемдігіне, композициялар мен түс үйлесіміне назар аудару керек. Әрбір жыл мезгілі несімен ерекшеленетінін суреттейді.

Оқулық, 34–35- беттер.


Жыл мезгілдері бейнеленген пейзаждар.


Әсем табиғат көрінісі бар

қабырғаға ілетін күнтізбелер.


Тамаша сағатшы http://www.bibliotekar.ru/k108-Limburg/index.htm



№1, 2 қосымша-

дағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

№1 жұмыс дәптерінің 20, 21 (таңдаулары бойынша) және 22-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектеседі, қателері болса түзетеді.

Жұмыс дәптері, жіңішке қара

фломастер немесе

жай қарындаш, түсті фломастерлер.

Сабақтың қорытын-

дысы

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.




Оқушыларға келесі сабаққа алыстағы ағаш (үйлер, шам және өлшемі бірдей заттар), жол қалай көрінетінін бақылып, қорытынды жасауды тапсырады.


Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

№1 жұмыс дәптерінің 21-бе- тіндегі тапсырмаларды орындайды.


Оқушылардың көпшілігі 20- беттегі тапсырманы

орындайды.


Кейбір оқушылар 21-беттегі тапсырманы орындайды, әрбір жыл мезгілінің өзіне тән

белгілерін сипаттайды.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған

жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасағанжұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс


Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны да қолданады.


Мұғалім өздік жұмыстың

басында оқушылардың есіне қауіпсіздік ережесін салады.

Сіз оқушыларға қолдау көрсету үшін не істейсіз?


Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақтаоқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағысұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауғақатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсыжасалған жұмыстардығана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Суретшілердің туындылары көрсетіледі. Табиғат пен туған өлкеге сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында №2 қосымшадағы материалдар мен тақпақтар пайдаланылады.

Ойлану. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі