«ЯСАУИ – ПАЙҒАМБАРДАН КЕЙІНГІ ҰЛЫ АДАМ»
Театр өнері – сахна шымылдығы ашылған сәтте көрермен шынайы эмоциялар мен терең ойларға толы ерекше әлем. Мұнда адамның жан дүниесі, қоғамның мәселелері, махаббат пен әділеттілік секілді мәңгілік тақырыптар өнер тілімен бейнеленеді. Театр – тек өнер түрі ғана емес, ол адамның рухани әлемін байытып, жаңа көзқарастар қалыптастыратын мәдени кеңістік. Дәл сол мәдени кеңестікке сапар шеккен біздің кейіпкеріміз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Актерлік өнер мамандығының 4-курс студенті Нұрғани Шеңгелбаев. Сахнада талайды тамсандырып, шеберлігімен ерекше көзге түсіп те үлгерген Нұрғани Русланұлы өзі мен өнері жайлы осы сұхбатта сыр шетпек.

– Ассалаумағалейкүм Нұрғани! Өнер жолын
таңдауда көп ата-аналар балаларына қарсылық танытып жатады. Сізде
де соған ұқсас жайт орын алды ма, жалпы бұл салаға қалай
келдіңіз?
-Уағалейкумассалам! Иә, өнер жолына келуге баста ата-анам қарсы болғаны рас. Сол үшін де ең әуелі Қызылорда қаласындағы көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжіне «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқуға түсірген еді. Колледжді аяқтаған соң ата-анама да түсіндіріп айттым өнер жолына барғым келеді, актер болғым келеді деп. Содан не керек, Құдайдың өзі айдап келді ме, «Қызылорда жастар» театрына барып, әуелі үйірмеде жүрдім. Кейін жетекшінің өзі қарап, актерлық құрамға қосты. Содан кейін өзім ойнаған рөл болса үйдегілердің бәрін театрға шақырып, талпынысымды көрсете бердім. Соңында менен әртіс шығатынына сенді ме «қолдаймыз» деді ғой... Иә, негізі ата-ананың қолдауы балаға қатты әсер етеді. Басында кішкене түсініспеушілік болды. Кейіннен ата-анам қолымнан жетектеп әкеліп Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен таныстырды. Әуелде Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын таңдағым келді, бірақ бүйрегім осы оңтүстікке тартып тұрған соң осы жақты таңдайын дедім. Аллаға шүкір, қазірде өз мамандығымның 4-курс студентімін, өзіме ұнайды, жүрегімнің қалауы орындалғандай.

- Өте әсерлі екен. Ендігі кезекте, өзіңіз үшін сахнадағы ең үздік, көрермен көңілінен шыққан рөліңіз жайлы толықтыра айтсаңыз?
- Өзім үшін ең үздік қойылым – «Ясауи жолы». Әрине, ол ең алдымен Алла, кейін өзіміздің ұстазымыз – Мақсат Айтжановтың еңбегінің арқасында сахналанған дүние. Мақсат ағайды өзіміздің ортамызда «өнердегі әкеміз» деп атаймыз. Мені Ахмет Ясауи рөлінде танытып, менімен жұмыс жасап, көрерменнің жүрегіне жеткізе алған да дәл сол кісі. Кейінгі алғыс өзіміздің топтағы студенттерге, «ұяластарымыз» деп атаймыз, сол жандарға. Көбісі тетарда дін бағытына баруға қорқады, алайда Мақсат ағайымыз өз күш жігерін жинап, халыққа ұсынды. Соның жемісі ретінде халықтың да ықыласына, көзайымына бөлендік деп есептейміз. Әлі күнге дейін ойнағымыз келіп тұрады. Жалпы осы қойылымда мен өзім Ахмет Ясауи тұлғасына қатты ғашық болдым, сол сезімімнің арқасында осы образ ойдағыдай шықты деп ойлаймын.
- Ахмет Ясауи образына қанша уақыт дайындалдыңыз, мұндай биік тұлғаның рөлін сомдау қандай әсер сыйлады, қиындық туғызды ма?
- Бұл образға өз басым қатты дайындалдым. Бас-аяғы 7 ай уақытымыз кетті. Сол 7 айдың ішінде қатты іздендік, әлі де ізденіп келе жатырмыз. Ясауи бабамыз деген қасиетті, әулие адам. Ондай тұлғалардың образын сомдау үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, халықтың көзқарасында ондай кісілер оң пікірде болу керек. Өз басым, «Ахмет Ясауи бабамызды Пайғамбардан кейінгі ұлы адам» деп есептеймін. Сондай ұлы адамның рөлін сомдау менің бағыма бұйырды. Сол қойылымға дайындалып жатқан кезде де біраз қиыншылықтар болды, санамызда сан сауалдар: қоямыз ба, жоқ па деген ойлар болды?! Кейіннен уақыт өте келе өзіміздің кафедрадағы ұстаздарға ұсындық, ол кісілерге ұнады, факультеттетегі достарымызға ұнады, солай-солай барлық сұрыптаудан өтіп, сахналанып, университеттің Орталық мәдениет сарайында қойылды, көрермен көңілінен шықты, оң баға алдық. Әрине, әлі де бұл қойылым жайлы ағайымыздың алда жоспарлары бар, ал бұл қойылым менің өмірімдегі басты, ең ірі, ауқымды жұмыс болды.
-Өміріңізді өнерге, театр әлеміне арнайсыз ба, әлде басқа бағытқа бет бұрар ойыңыз бар ма?
-Театр саласында жоспарларым өте көп. Бірақ, тәжірибе алмасу үшін біршама театрларға барып, көріп қайтқым келеді. Жалпы адам бір жерде тұрақтап қалса даму қиындау ғой. Сондықтан басқа да қалалардағы театрларды көрсем деймін. Құдайдың жазғаны болар. Бірақ, бағытымды өзгертпеймін, өмірімнің соңына дейін актер боламын. Жалпы театр саласында жүрген достарым, бауырларым, қарындас-әпкелерім өте көп, сол кісілердің де арқасында білмегендерімді үйренемін. Өзімді театрмен қатар кинода көрсем деймін. Болашақта жоспарлар осылай, үлкен орталықтарда киноға түсіп, біраз халықтың көзайымына айналсақ деген мақсатым бар.
-Алтын уақытыңызды бөліп, арнайы сұқбат бергеніңізге рақмет, шығармашылық шабыт тілеймін!
Сұқбаттасқан: Тілеуберген Бекболат (4-курс студенті)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ясауи — Пайғамбардан кейінгі ұлы адам

шағым қалдыра аласыз