Сабақтың
тақырыбы: Яя
дыбысы мен әрпі
Сабақтың
мақсаты: Яя
дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты
және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін
еске түсіру. Сауатты оқуға, жазуға
дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып
сөйлеуге үйрету, көркем жазуға
машықтандыру. Балалардың шығармашылық
қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын
жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін
арттыру. Балалардың бойындағы рухани-
адамгершілік қасиеттерін дамыту,
дүниетанымын кеңейту, имандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта, суреттер, кеспе әріптер,
әліппе-дәптері.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ-жауап,
ұжымдық оқыту, ой қозғай, ой толғаныс.
Сабақтың
түрі: Жаңа
материалды игеру
сабағы
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң болсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Өткен сабақтарды
қайталау
1.
Дыбыс дегеніміз не?
2.
Әріп дегеніміз не?
3.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Өткен дауысты
және дауыссыз дыбыстарымызды екі
кәрзеңкеге саламыз
Тақтаға өткен
әріптерімізді ағашқа алма тәрізді іліп
қоямыз, сол әріптерді балалар дауысты
және дауыссыз дыбыстарды екі кәрзеңкеге
салады
Жұмбақ жасыру
Ас үйден еш шықпайды
Ешкімнен қорқып
бұқпайды
Соқпай бәрін жылатар
Тұмаудан
бізді сақтайды ( пияз)
Желіде тұрар шырмалып
Теріп ал оны суғарып
( қияр)
Далада жүреді
шапқылап
Керемет тым сақ
құлақ
Тек есектен басқада
Оған ұқсар жоқ құлақ
(қоян )
Пияз,
қияр, қоян
сөздерінен қандай дыбысты естіп
тұрмыз?-деп балалардан сұрау.. Осы
сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау
жасау. Яя дыбысы және әрпімен таныстыру.
Пияз, қияр, қоян сөздеріне сөйлем құрау.
Неше сөзден тұрады?
Я
я дыбысының естілуі- Й+А
Тағамдар
қайдан келеді?
Төрт
түліктен алынатын тағамдарға нелер
жатады? (Айран, сүт, құрт, ірімшік т.б)
Жерден өніп шығатын
тағамдарды атаңыз?- (қарбыз, қауын,
қияр, пияз, сәбіз т.б )
5.
Кітаппен жұмыс,
1-тапсырманы
орындау. Жерден өніп шығатын тағамдарды
жасыл түспен, малдан алынатын тағамдарды
қызыл түспен қорша.
2- тапсырманы орындау.
Суреттегі сия, ұя сөздеріне дыбыстық
талдау жасайды кітапқа.
3-тапсырманы орындау.
Пісірмей жейтін тағамдары белгілеу.
Пиязға зерттеу
жасау.
Пиязды турап балаларға
көрсету. Пияз турағанда неге көзден
жас шығады?
Пияз
құрамында лакриматор бар екен. «Лакрима»
деген латынша - көздің жасы. Ол көздің
сұйық қабатын тітіркендіретін газ
түріндегі органикалық зат. Пияздың
пайдасы өте көп . Емдік қасиеті бар,
жараларды емдейді, түрлі микробтарға
қарсы төтеп береді. Микробтарды жояды.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Жинап алып күш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз
Ауаға
Я
я
әрпін салу.
8.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Әліппе-дәптерге
Я
я
әрпін жазу.
Бағалау .
Жұлдызша тарату.