400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ерлік өнегесі-жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу құралы»

Нуркенова Л.Ғ.

Тарих пәні мұғалімі

Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі  ертеден бойына сіңіп, қанында  қалыптасқан. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Атақты жерлесіміз Мағжан Жұмабаев «Тәрбиелеудің мақсаты-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз  заманына  лайық қылып шығару. Тәрбиешінің қолданатын жолы- ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан әрбір тәрбиеші, сөз жоқ , ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» дегендей, жастарды ұлт тәрбиесінің негізінде тәрбиелеу арқылы, ұлттық құндылықты бойына сіңіре отырып, рухани бай, заманға лайық, елі, Отаны үшін қызмет етуге дайын азамат тәрбиелеу.Ұлттық менталитет – рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі, наным-сенімі – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты дүниелер. Ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен  тәлім-тәрбиесі ұлттық патриотизмді қалыптастыруда  атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм, ол –ең алдымен өз ұлтына және өзге ұлт өкіліне деген сүйіспеншілік, оның ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру.

Қазыбек би өз сөзінде былай деген: «Біз  қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, тәкаппарлығын көрсетеді. Біз жастардың санасына осындай ұлағатты сөздерді сіңірумен, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын сыйлауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға міндеттіміз. Өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып, өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай  т.б. батырлар туғаннан халық тәрбиесін бойына сіңіріп, елін, жерін сүйген батырлар. Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуінің негізі болып табылады. Әр халықтың өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалар үлгілері бар. Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйе білген,батырларымыз бастаған жерін, ұлтын жаудан қорғай білген халық. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отыра, қазіргі заман өркениетінің мейлінше озық бағыттарын игере отыра, қазақстандықтар өз елін алдыңғы қатарлы шепке шығара алады. Патриоттық тәрбие тұлғалық қасиеттердің қалыптасуының негізгі бөлігі болып табылады. Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаның Отанға, Атамекенге қызмет ету,тарихы үшін, Отанына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашып беретін деңгейге жеткізеді.

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,75 жыл толғалы тұр. Отаны үшін қаншама отандастарымыз жанын қиды. Қарапайым халыққа қасірет әкелген, қарғыс атқан соғыс ешқашан жеңбейді. Таң алдында, опасыздықпен тұтқиылдан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау, адам баласының тарихында болмаған соғысты бастады. Осы кезде бүкіл ел әскер болып, Отан қорғауға аттанды. «Атамекен, туған жер» ұғымы – әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты Кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды. Майдан даласынан 394 мың қазақ батырлары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады...

Қанша жастардың жасы қыршын қиылды... Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Кеңес Одағы 27 миллион адамнан айырылды. Соғыс зардабы айтқылықсыз,1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштығын әкелген қасиетті Жеңіс , әрине, өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен батырлар ерлігі жеткізді. Қазақстаннан соғыс жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттанды. Қазақстанда, Алматыда жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдесі жоқ ерліктің үлгісі. Кеңес Одағының жүрегі Москва қаласын қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы, Бауыржан атамыздай батырларды халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысып, оның ойраны шыққан төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қадаған да қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев болды.

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Талғат Бигельдиновтың  және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен  жазылды. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Қасым Қайсеновтың отряды болған еді.Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аттары аңызға айнала, жеңіспен оралды. Зымырап 75 жыл өте шықты. Өскелең ұрпақты ата ерлігінің лайықты мұрагері болуы үшін, халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерліктерінің ұлылығын санасына ұялата білуіміз қажет. Осы жерде еліміздің тарихы жетекші орын алады. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты біліп,оқу арқылы жастарды отаншылдыққа, өз халқы мен қоса басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу басты борышымыз. Қазіргі заманда әр баланың бойында патриоттық сезім қалыптастыру оңайлықпен келмек емес. Әлем өзгерген , дамыған сайын, баланы тәрбиелеу де оңайға соқпайды. Осы тұста, балаға білімнен бөлек, тәрбиенің берілуін басты назарда ұстау керек сияқты. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы» деп ғұламаларымыз да бекер айтпаса керек. Тәрбиелеу барысында , патриоттық ұғымы әр отбасының үйінен бастау алуы тиіс. Осы орайда ата-бабалар ерлігін білім ошақтарында ғана емес, әр ата-ана шаңырақ шеңберінде тілге тиек етіп отырса, ата-абабаларымыздың ерлігін насихаттап отырса, баланың санасы кеңейіп, өз елінің патриоты болуға ұмтылады деп ойлаймын. Өшпес із қалдырған бабалардың рухының мықтылығымен біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Оны көзіміздің қарашығындай сақтап қана қоймай, келер ұрпаққа табыстау үшін патриоттық рухымыз берік болғаны абзал.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөздерімен ойымды аяқтағым келеді.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі