ЫБЫРАЙ
АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ
ЖОЛЫ
⠀
Ыбырай
Алтынсарин (шын аты: Ибраhим) 1841 жылы
Қостанай облысы, Затабол ауданында
дүниеге келген. Ол атасы Балғожа бидің
қолында тәрбиеленеді.
Еңлғаш
мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай).
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына
арналып ашылған мектепке оқуға түседі.
Содан
соң,
Орынбордағы
7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе
қызметінде істейді. Ғалым В.Григорьевпен
жақын араласып, оның бай кітапханасынан
пайдаланады.
1861
жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып
жолға шығады. Бұл мектеп – 1861 жылы
ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық
жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен
түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі
мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу
ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық
мектептерінің испекторы болады (1879).
Мектептің шаруашылық жағдайына аса
көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі
ең қымбат адам санайды. Оқу құралы –
«Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы
Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ
мәдениеті тарихындағы орны ерекше
болды.
⠀
Балаларды
оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі
өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол
қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын,
халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай
Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский,
Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон
сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады.
⠀
Ыбырай
– жаңашыл жазушы. Оның дәлелі – ең
алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идеямен
тың тақырыптар әкелгені. Қазақ ақындарына
оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін
Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған
жоқ. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек,
кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа
байланысты тұрмыс жаңалықтары
көтерілді.Сонымен қатар «Жаз», «Өзен»
деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне
жаңалық болып қосылған деседі.
⠀
Еңбек
тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы»,
«Байлық», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл»
т.б. әңгімелері аса тартымды, мәнді,
көркем шығармалар. Бұл шығармалардың
тілі жеңіл және оқушы бойына сіңімді.
⠀
Ыбырайдың
адамгершілік мәселесіне «Шеше мен
бала», «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала»,
«Ауырудан аяған күштірек», «Әдеп», «Таза
бұлақ» әңгімелерін жазып, аудармалар
жасады.
⠀
Ыбырай
Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы,
ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея
тұрғысынан таныта білген кемеңгер
сереткер, аса қажырлы қоғам қайраткері,
заманының ең маңызды мәселесін көтеріп
жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы,
сол жаңаның тынымсыз жаршысы деп толық
айтуға негіз бар.