Материалдар / "Ыбырай Алтынсарин"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ыбырай Алтынсарин"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге керек болуы мүмкін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ШҚО білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
















Тақырыбы:

«Ыбырай Алтынсарин»











Тексерген: Байролова Б.Т.

Орындаған: Жарлықасынова Аида









Семей, 2021жыл


Халқымызда «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөз бар. Тарихта аты мен хаты өлмей келе жатқандардың бірі, XIX ғ. ағартушы, зтнограф - Ыбырай Алтынсарин. Ұлы ағартушыға ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал - губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1879) қызметін, торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876 - 1879) қызметін атқарады.

Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай,Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі класстық орыс - қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа білім беру тәсілін ұсыныс етеді [1, 23-24 б.]. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуәрде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдік мектебі ашылады, Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп интернат аштыруының мән - маңызы зор болды. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерінде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар терінде халықтың ауыз әдебитін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды [2].

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуге айрықша мән береді. «Қазақ хрестаматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке - тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән мағынасын жоймайды [3, 18-19 б.].

Ыбырай ағарту ісімен бірге сол уақыттағы қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты еңбектер жазды. Ыбырай қажырлы еңбектерінің нәтижесінде көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпеналған. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындаларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті [3, 42-45 б.].

«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде:

«...Сиса көйлек үстіңде,

Тоқуменен табылған ...

Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған...

Өнер білім бәрі де

Оқуменен табылған... деп, ақын қазақ жастарына өнер-білімнің қайнар бұлағы оқуда екенін айтып, оқыңдар,ғылыммен сусындап, жетіліңдер деп, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

«Өнер - бар жұрттар» деп аталатын өлеңінде :

«...Ат өнері білінбес, Б

әйгеге түспей жарыспай.

Желкіндеп шыққан көк шөптей,

Жас өспірім достарым,

Қатарың кетті - ау алысқа ай,

Ұмтылыңдар қалыспай!..» - деп, жастарды өнер - білім жолындағы жарысқа шақырады [4, 12-19 б.]. Ыбырай шығармаларын оқыту - оқушыларға жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят, қамқорлық, қарапайымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Отан от басынан басталады, ата ана мен баланың арасындағы өзара сыйластық, ыстық ықылас «Балқожаның оқудағы баласына жазған хаты» және «Ананың сүюі» өлеңдерінде ананың баласына деген шексіз сүю, патриоттық сезімге тәрбиелейді және бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлін де естен шығармайды. Ыбырай әнгімелері өсіп келе жатқан жастарды еңбек қор болуға, талапты, жігерлі, маңдай термен тапқан нанның дәмі тәтті екендігін үйретеді «Атымтай Жомарт» әңгімесінде халық арасындағы Атымтай Жомарт еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ ол ылғи еңбектеніп, жұмыс істейді. Күн сайын өз бейнетімен тапқан пұлға нан тауып жесем, сол нәр болып бойыма тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше - дейді. «Әке мен бала» әңгімесінде еңбекке жастарды тәрбиелеу мәселесін ерекше атап көрсетеді. Ыбырай бұдан басқа шығармаларының тақырыптары кейінгі жастарға үлгі [4, 26-31 б.].

Алтынсариннің ағартушылық еңбектеріндегі өрелі ой - жеткіншектерге қоршаған ортаның заңдылықтары мен өзара тығыз байланыстылығын меңгерту. Алтынсариннің «Қазақтың болыстық мектептері туралы записка» , «Торғай облысының әскери губернаторына берілген рапорт», «Торғай облысындағы оқу жұмысы жайы туралы есеп» тағы басқа ресми іс қағаздарда. Ы.Алтынсарин мектеп ашудың лайықты кезеңдері, қолайлы жағдайлар, мектеп шаруашылығы, оқу тілі сияқты аса маңызды мәселелерді үнемі көтеріп аса мән беріп отырды.

Халықтың салт — дәстүрін насихаттауда Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. Алғаш рет халықтың салт-дәстүрлерін өзінің шығармаларына енгізу арқылы балаларды еңбекке, имандылыққа тәрбиелеумен қатар, атадан балаға жалғасып келе жатқан халық салт — дәстүрге аса мән берді.

Ы.Алтынсарин қыз ұзату, құдалық төңірегінде 1870 жылы этнографиялық очеркінде жазды. Адам өміріндегі ең бір қызық та қуаныш ұмтылыс белең - оның үйленіп жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отбасын құруы, сол жастардың ата — аналары мен ауыл адамдарының тілегі ғана емес, қоғамдық қажеттілік екенін көрсетеді.

Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ жұртында отау тігудің бірден — бір жолы — құда түсіп, қалың мал төлеп үйлену арқылы жүргізіледі.

«Құда түсіп, қалың мал төлеу ұғымының мағынасы кең. Бұдан қазақ жастары қалыңдығын өздері талғамай әкесі алып берген деген ой тумаса керек.

Бұл жерде атастыру, қыз айттыру, көріп, яғни жар таңдап алу деген дәстүрлері бар. Сұлулыққа жаны құмар халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөніндегі дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған».

Ыбырайдың Ресей географиялық қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыруы бойынша «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу, ас беру дәстүрлерінің очеркі» мен «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату, той жасау дәстүрлерінің очектері» (1870) атты еңбектерін жазып ұсынды. Онда қазақтың құда түсу, жеті атаға дейін қыз алыспау рәсімдерінің елді біріктірудегі прогрессивтік мәнін ашып көрсетеді. Сондай — ақ өлген адамдарды жерлеу рәсімдеріне талдау жасай келе, молдалардың өлген адамның күнәсін «сатып алмақ» болып, мал — мүлкін тонау сияқты жағымсыз әрекеттерін әшкерелейді.

Жоқтаудың тәлімдік мәнін ашып, өлген адамның жетісін, қырқын, асын беру, бейіт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды.

Өлген адамға асты 63 жасқа (пайғамбар жасына) келген атақты бай, билерге беретіні, аста көп мал сойып, аста төк жасайтыны, ысырапқорлыққа жол беретіні айтылады. Күрес, ат бәйгесі, т.б ұлт ойындары ұйымдастырылатыны, аттың бәйгесі мен күрестің бәйгесін рулы елдің талап алып кетіп, балуан мен ат иесіне түк тимейтіні, мұның бір жағы мақтаншақтық - доңғойлық екендігін айтты.

Мысалы келтіре кетейік, бір қазақтардың өткен әдет — ғұрыптарынан көрініс. Өлген адамның ат-тұрманы, қару жарағы, жақсы деген киім — кешегі үйдің ішіне ілінеді, соның сол жағынан ұзын найза шаншылып , ол найзаның өткір ұшы үйдің қабырғасын жарып, сыртқа шығарылады. Сол жоғары қарап тұрған ұшына өлген адамның жасына байланысты түлі түсті мата ілінеді. Жас адам өлсе, қызыл мата, орта жастағы адам өлсе қара, қарт адам өлсе, ақ мата байланады. Себебі өткен адамдар матаның түсіне қарапөліктің жасын айырады. Осы жағдайдың бәрі қырқына, кейде жылына дейін сақталады. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дегендей бұл күндері бұл дәстүр өткенді ғана еске түсірері анық. Ыбырайдың бұл еңбектері - тарихи мұралар [5, 82-106 бб.].

Сонымен бірге қазақ мәдениетін орыс достарына білдіруді мақсат етті. Ол сол кездегі орыс чиновниктері ойлағандай қазақтардың «ұры», «тағы, көшпелі, жабайы халық» емес , өзіндік мәдениеті, өнері бар халық екендігін білдіру болды. Қазақтың салт - дәстүрлерін жинап, зерттеп, әр ауыл, болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кітапхана салып қайтсем қазақ елін мәдениетті ел қатарына жеткіземін деп арпалысты.

Xi-UMiy ағарту жұмысына жаңадан араласа бастаған кезде, 1862 жылы, патша әкімдері жөнінде Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтарды окыту жөнінде бастықтарымыз, бекіністердің жанынан мектеп салудан гөрі, үйлерінің онсыз да қызыл төбелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір көреді», [1, 24 б.] - деп жазды. Xo^biy ағарту жұмысын ұйымдастыру жөнінде, Ыбырай Алтыисарин қиыншылыққа қарамады, жоғарғы колоннялық үкіметтен болыстық мектептер ашуға рұқсат берілуін талап етті.

Алтынсариннің көзқарастарына тән нәрсе - оның халықты шын сүйгендігі. «Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету - біздің әрқайсымыздың борышымыз» - деп, айтты. Ыбырай - халықтың сүйген ұлы - «Барлық қазақ жастары менің соңымда, олар мені жақсы көреді мен қайтып жалғыз болайын?» [2, 30 б.], деген болатын. Барлық саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілде күні ұзаққа созылған науқастан қайтты [6, 25 п.].

Қорыта келгенде, айтпағымыз, біріншіден, Алтынсарин қазақ елінің патша үкіметінің отарлық саясаты кезінде ұлттық санасымен мәдениетін, ұлттық салтымен келбетін сақтап одан әрі дамуын біліммен байланыстырды. Қазақ халқының өзге ұлттан кем болмауын көздеді, соны дәріптеді, өз халқының прогрестік жолы оқу білімде, [7] деп білді.

Екіншіден, Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, өз заманының ақыл - ойшысы, тарихи тұлға. Біз оның бейнесінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін көксеген ұлт жанашырын көреміз.

Үшіншіден, оның ағартушылық қызыметінің тағылымы мен шығармашылық мұралары ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына болып қала береді.

Төртіншіден, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызыметі тарихы ұрпаққа елжандылық пен отаншылдықтың үлгісі. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызыметі тарихын ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз болып қала береді.

  Әдебиеттер тізімі:

Қазақтың педагог - ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы материалдардың библиографиялық көрсеткіші. - Каз.ССР хабаршысы. - Алматы. 1950. - №5 - 55-57 бб.

Ыбырай Алтынсарин. Шығармалар жинағы. - Алматы:1955. - 413 б.

Ламашев Әсет. Ыбырай Алтынсарин (Семинарий). - Алматы. Ана тілі, 1991. - 120 б.

Сейфуллин С. Алтынсарин Ыбырай. Өлеңдер жинағы. - Алматы . ҚҚӘБ, 1965. - 54 б.

Рысбекова Г.Е. XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанда Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуы. - Алматы. 2001. ҚР ОММ. 25 - қор, 1-тізбе, 2557 - іс, 20-25 пп.

Исенов Ө.И. Исенова С.И. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси қызметі // Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы мәдени басқармасы Қостанай облыстық мемориалдық Ы.Алтынсариннің мұражайы. «Ыбырай Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. - Қостанай, 2011. - 227 б. - (131-138 бб.).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!