ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ
ТИІС МӘСЕЛЕЛЕР
2
Сұрақ: Раббың кім?
Жауап: Алла Тағала.
Сұрақ: Дінің не?
Жауап: Ислам.
Сұрақ: Кітабың не?
Жауап: Құран Кәрім.
3
Сұрақ: Құбылаң қай жер?
Жауап: Қағба / Мекке қаласы.
Сұрақ: Мұсылмансың ба?
Жауап: Әлхамдулилләһ, мұсылманмын.
Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансың?
Жауап: Әл-мисақтан бері.
4
Сұрақ: Әл-мисақ дегеніміз не?
Жауап: Адам баласы рухтарының бұл дүние
тіршілігенен бұрын рухтар әлемінде Алланың
құдіретін танып, Оған қайтып келетіні туралы
ант берген кезең.
5
Сұрақ: Мұсылмандығыңның дәлелі қайсы?
Жауап: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә
әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу»
(Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне,
Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне
куәлік етемін).
6
Сұрақ: Кімнің ұрпағысың?
Жауап: Адам атаның ұрпағымын.
Сұрақ: Кімнің үмбетісің?
Жауап: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.).
Сұрақ: Пайғамбарың кім?
Жауап: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.).
7
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
туған?
Жауап: Мекке қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
туған?
Жауап: 571 жылы 20-сәуірде.
8
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ай (қамари)
санауы бойынша қай күні туылған?
Жауап: Рабиул әууәл айының 12-сі, дүйсенбі
күні.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исламға
дейін халық арасында танылған сипаты
қайсы?
Жауап: Мухаммадул әмин (сенімді
Мұхаммед)
9
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп
аталатын есімдері қандай?
Жауап: Ахмет, Махмуд, Мұхаммед және
Мұстафа.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің
есімі кім?
Жауап: Абдулла.
10
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) анасы-
ның есімі кім?
Жауап: Әмина.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт анасы-
ның есімі кім?
Жауап: Халима.
11
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы кім?
Жауап: Әбдімүтәліп.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт
бауырлары кімдер?
Жауап: Шәйма, Үмәйса, Абдулла.
12
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере
ағалары кімдер?
Жауап: Хамза (р.а.), Аббас (р.а.), Әбу Тәліп,
Харис, Әбу Ләһаб, Зубайр, Хажл, Дирар және
Муқаууим.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қанша жасын-
да үйленді?
Жауап: 25 жасында.
13
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы
әйелі кім?
Жауап: Хадиша бинт Хуайлид.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз балала-
ры кімдер?
Жауап: Ибраһим, Қасым, Абдулла, Зейнеп,
Рұқия, Үммү Гүлсім және Фатима.
14
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере -
лері кімдер?
Жауап: Хасан және Хұсейн.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккелік
кезеңі қанша жыл?
Жауап: 13 жыл.
15
Сұрақ: Алланың соңғы елшісіне (с.ғ.с.) қанша
жасында пайғамбарлық берілді?
Жауап: 40 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы
уахи қай жерде келді?
Жауап: Хира үңгірінде.
16
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық
міндетін қанша жыл бойы атқарды?
Жауап: 23 жыл.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы көші
хижреті қай жылы қай қалаға бағытталды?
Жауап: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 622 жылы
Меккеден Мәдина қаласына көшті.
17
Сұрақ: Хижретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
жанында кім болды?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.).
Сұрақ: Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) Әбу
Бәкірдің хижретте жасырынған үңгір қалай
аталады?
Жауап: Сәуір.
18
Сұрақ: Ислам тарихында алғаш салынған
мешіт қалай аталады?
Жауап: Құба мешіті.
Сұрақ: Құба мешіті қай қалада орналасқан?
Жауап: Мәдина қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинада
қанша жыл өмір сүрді?
Жауап: 10 жыл.
19
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
қайтыс болды?
Жауап: 632 жылы. 63 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
қайтыс болды?
Жауап: Мәдина қаласында.
20
Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.),
Осман (р.а.), Әли (р.а.)
Сұрақ: Құран Кәрім қай халифаның дәуірінде
кітап болып жиналды?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.) дәуірінде.
21
Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Сұрақ: Құранда қанша сүре бар?
Жауап: 114 сүре.
Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар?
Жауап: Құранда 30 пара бар.
22
Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы?
Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.
Сұрақ: Құран қай сүремен басталады?
Жауап: «Фатиха» сүресімен.
Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады?
Жауап: «Нас» сүресімен.
23
Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз?
Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ереже -
лер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған
үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.
Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз?
Жауап: 1-Ханафи мәзһабы;
2-Шафиғи мәзһабы;
3-Малики мәзһабы;
4-Ханбали мәзһабы.
24
Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп
өткен сара жол.
Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім?
Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур
Мұхаммед әл-Матуриди.
25
Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди
кім?
Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл-
Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы
Матурид қалашығында дүниеге келген
мүжтаһид ғалым.
Сұрақ: Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз
қайсы?
Жауап: Ханафи мәзһабы.
26
Сұрақ: Амалдағы мәзһаб имамымыздың аты
кім?
Жауап: Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам Әбу
Ханифа.
Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа қай жылы
туылды?
Жауап: һижри 80 жылы, милади 699 жылы
27
Сұрақ: Имам Ағзамның туған жері қайда?
Жауап: Ирак елі, Куфа қаласында.
Сұрақ: Әбу Ханифа қай сахабалардың
көзін көрген?
Жауап: Әнас ибн Мәлик, Абдуллаһ
ибн Ауф, Уасила ибн Асқия, Сахл ибн
Сайда, Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила.
28
Сұрақ: Әбу Ханифаның ұстаздарынан
кімдерді білесің?
Жауап: Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи, Мәсруқ
ибн Әждә, Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби, Иб-
рахим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи, Ата ибн
Әбу Рабах, Мәлік ибн Әнас, Куфалық Хаммад
ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари.
29
Сұрақ: Әбу Ханифа қай жылы қайтыс болды?
Жауап: һижри 150 жылы, милади бойынша
767 жылы.
Сұрақ: Балиғат жасы қай жастан басталады?
Жауап: Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз
балаларда 9-12 жас аралығы.