400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ыбырай Алтынсарин - Ұлы ұстаз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ұстаз - Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы туралы ақпараттар. Мектепте өткізілген іс-шаралар атаулары мен ұстаз өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобыл қаласы «мектеп-гимназиясы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сомтемирова Шынар Тойкеновна


«Кел , балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Ы.Алтынсарин


«Ыбырай Алтынсарин – Ұлы ұстаз!»

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ұлы даланың тұңғыш ұстазы жасаған еңбектері мен мәдение мұрасын таныстыру үшін Ыбырай Алтынсариннің мұражайы «Айналайын» шағын орталығының балаларына onlin режимде көрсетілді.

Елімізде жыл сайын «Алтынсарин оқулары» өткізіліп жүр. Біздің мектептен қатысқан ең кіші оқушымыз - шағын орталықтың тәрбиеленушісі.

Халқымызда «Тәрбие – тал бесіктен» деген әдемі мақал бар. Мөлдір бұлақтай бүлдіршіндер көзбен көргендерін көңілге түйіп , рухани тәрбие алсын деген мақсатпен Ы. Алтынсариннің шығармаларына негізделген , «Алтынсарин әлемі» атты көрме ұсынылды.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары мектеп бағдарламасы бойынша барлық сыныптарда бар. Ұлы ұстаздың балаларға арнап жазған «Бір уыс мақта» , «Таза бұлақ» «Асан мен Үсен», «Әке мен бала» , «Асыл шөп» тағы басқа әңгімелер мен өлеңдерін оқып өскен жеткіншек ұрпақ адал еңбек жасау, қамқорлық , жақсылық жасау , табиғатты қорғау сипатындағы адамгершілік қасиеттерді бойына молынан жинап өседі деген үмітіміз бар.

«Ақыл жастан, асыл тастан» деген даналық сөз - баланы жас кезден дұрыс бағыттау, Отанға және ата-анасына қайырымды , мейірімді болуға рухани тәрбие бере білуге шақырады. Ақылды жас болуы үшін ақылды орта болуы маңызды. Бүгінгі жас – Тәуелсіз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.12.2021
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі