Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс өнерімен сөйлету арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс өнерімен сөйлету арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс жанрында жаңаша формамен ұсыну арқылы оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар олардың оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдыларын кешенді түрде дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семей қаласы білім бөлімінің "Семей қаласының №6 гимназиясы"

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі











«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» АТТЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ


Бағыты: «Шеберлік палитрасы», қоғамдық-гуманитарлық бағыт


Тақырыбы:Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс өнерімен

сөйлету арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту


Қатысушы аты-жөні: Адилбаева Толкын Советкалиевна;

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті


















СЕМЕЙ - 2024



Аннотация

Қазақ тілінде:

"Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс өнерімен сөйлету арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту" атты педагогикалық идея оқушылардың тіл үйрену дағдыларын жаңаша әрі қызықты тәсілдермен дамытуға бағытталған. Ыбырай Алтынсариннің ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, білім туралы айтылған әңгімелерін комикс жанрында ұсыну, оқушыларға олардың мазмұнын жеңіл әрі қызықты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушылардың оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Комикс бейнелері мен мәтіндердің үйлесімділігі арқылы балалардың сөздік қорын молайтып, тілдік дағдыларын жетілдіруге жол ашады.

Орыс тілінде:

Педагогическая идея "Развитие языковых навыков учащихся через комикс-искусство рассказов Ыбырая Алтынсарина" направлена на улучшение языкового обучения с использованием инновационных и увлекательных методов. Представление рассказов Ыбырая Алтынсарина, охватывающих национальные ценности, мораль, образование, в жанре комиксов позволяет учащимся воспринимать их содержание легко и интересно. Этот подход не только улучшает навыки чтения, письма и говорения, но и способствует развитию творческого мышления. Сочетание визуальных образов и текста помогает расширять словарный запас и развивать языковые навыки учащихся.



















Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс өнерімен сөйлету арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту

Идеяның негізгі мақсаты – Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс жанрында жаңаша формамен ұсыну арқылы оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар олардың оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдыларын кешенді түрде дамыту.

Міндеттері: әдеби мәтінді түсіну және талдау, креативті ойлауды дамыту, тілдік дағдыларды жетілдіру, мәдени және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Жастарды кітап оқуға қызықтыру өте қиын, оның себебі смартфон, гаджет, компьютерлердің әсері.Түрлі ойындар қызықты сюжетті, ерекше кейіпкерлерді және тартымды әлемдерді ұсынады. Бала өзін басқа шындыққа еніп кеткендей сезінеді, бұл оның қиялын баурап алады. Сондықтан, қазіргі заманға сай, мұғалімдер өз әдіс – тәсілдерін өзгертіп отыру қажет. Менің ойымша, мұғалімге жасанды интелект, жаңадан шығып жатқан түрлі бағдарламалар көп көмек береді. Оны әр мұғалім дұрыс пайдалана білу керек. Менің ұсынып отырған жобамда жасанды интелект көмегімен жасалған комикс арқылы балалар Ыбырай Алтынсариннің ұлттық рухты, тәрбиені насихаттайтын шығармаларымен жақын танысады.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «БІР ТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫНА сай, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы балаларға адалдық, еңбекқорлық, қарапайымдылық, үлкендерге құрмет және кішіпейілділік секілді адамгершілік қасиеттерді дәріптейміз.

Комикс – бұл сурет және мәтіннің бірлескен өнері. Комикс жанрын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен қызығушылығы артады, мәтінді көркемдік тұрғыда түсіну деңгейі жақсарады.

Pixton бағдарламасын пайдалана отырып әркім өзіне қажетті кейіпкерді, оқиғаны сурет арқылы көрсете алады. Яғни комикс жасайтын платформа.

Picture 2 Picture 5 Picture 4

Picture 3




Бірақ, комиксті жасамас бұрын келесі жайттарды ескеру керек:

Комикс желісі:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

3. Шарықтау шегі

4. Қорытынды

Визуализация:

1.Түстер

2.Диалог

3.Эмоциялар


Кейіпкердің

сырт келбеті,

мінезі,

әрекеті


Shape2 Shape1


МShape3 әселен, 11-сынып бағдарламасында «Қазіргі әлеуметтік мәселелері» тарауында әлеуметтік теңсіздік туралы бірнеше тақырып қозғалады, балалар Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесін өтеді. Сонымен қоса, «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен де таныстырған болатынмын.

Shape4






Комиксті құрастырғанда, Асан мен Үсен, Атымтай Жомарт кейіпкерлерін сырт келбетіне, киіміне, әрекетіне, айналадағы көрінісіне,түрлі түстерге аса назар аудардым.

Picture 3 Picture 7 Picture 5 Picture 8


КPicture 5 омикс арқылы деңгейлік тапсырмалар құрастырып өткізуге болады. 11-сыныптарда Жеке жұмыс, топтық, жұптық жұмыстары қызықты және құнарлы өтті деуге болады.

Жеке, жұптық тапсырма ретінде:

  • Диалогпен оқу;

  • Комикстің бастапқы 1-2 суретін беріп, болжау әдісі арқылы әңгімені жалғасыру;

  • «Атымтай Жомарт сияқты бай болсам..» тақырыбына эссе

Picture 8 Picture 9 Picture 4 Picture 5






  • Эссе- комикс(өз эссесін комиксқа айналдырды (үй жұмысы)

Топ, сынып жұмыстары:

  • Суреттер реттілігін табу;

  • Кейіпкердің әрекетін талдау

  • Қазіргі кездегі “Атымтайлар” туралы ақпарат табу, оқу


Бір оқушының эссе үзіндісіне назар аударғым келеді, себебі ол баланың қолы қатерлі ісікке шалдыққан. Қазіргі таңда ауруханаға жиі жатып жүр, және оған ота жасалғанына біраз уақыт болды:

«Мен болашақта бай адам болсам, ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесемін, өйткені көп ота жасау қаншалықты қиын екені әлі есімде. Маған моральды түрде керек кезде көмек берген ағам мен әпке ме де көмектесемін…» дып жазыпты.

Келесі тапсырмалардың бірі чат GPT және Pixton жасандыинтелект арқылы«Болашақта бай болсаң, өзіңді қалай елестетесің?» тақырыбынажазған эссені комиксқа айналдыру болды.Оқушылардың құрған комикстері:

Picture 8 Picture 4 Picture 10



Picture 9 Picture 11









Комикс арқылы оқушыларымның меңгерген дағдылары:

1.Сыни ойлау

Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесін комикс жанрында оқып шығып, кейіпкердің іс-әрекетін талдады. Көпшілігі Атымтайдың ісін қолдады, кейбіреулері басқаша істейтінін айтты.

2. Креативтілігі

Оқушылар эссе жазарда өздерін Атымтайдың орнына қоя білді, сонымен қоса, комикстерін жасап, қиялдарын дамытып шығармашылық шешімдерін табуға талпынды.

3. Оқу және мәтінді түсіну

Қысқа және көрнекті мәтіндерді жылдам оқып, диалогке түсті. Суретінен мәтіннің мағынасын тезтүсінді.

4. Тілдік дағдылар:

Қысқа диалог пен қарапайым сөйлемдер оқушыларға жаңа грамматикалық құрылымдарды түсінуге жеңілдетті. Комикстен шабыт алған оқушылар өз беттеріншедиалогтар жазып, шығармашылыққабілеттерін жетілдіре алады. Эмоцияларды сөздермен және бейнелеумен жеткізуге тырысты.

Сонымен қоса, арнайы білім беру қажеттіліктері (АБҚ) бар оқушыларға да комикспен жұмыс істеу тапсырмаларын беріп қоюға болады. Олар қызығып тапсырмалар орындайды . Ауызша айтуға тырысады, жазба жұмыстарын орындайды.

Қорытынды бөлім:

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін комикс жанры арқылы оқыту – оқушылардың әдеби туындыларды терең түсініп, қазіргі әлеуметтік мәселелерді талқылау дағдыларын қалыптастырады. Бұл әдіс оқушыларды ойлануға, пікірталасқа, шешім қабылдауға және қоғамдағы өз орнын түсінуге жетелейді. "Атымтай жомарт" және "Бай баласы мен жарлы баласы" шығармаларын комикс түрінде ұсынып, олардың мазмұнын әлеуметтік мәселелер тұрғысынан талдау – ұлттық әдебиеттің тәрбиелік құндылығын жаңаша қырынан ашуға мүмкіндік береді.

Мен өнімнің екі түрлі нәтижесін ұсынып отырмын: біреуі комикс -кітапша ретінде болса, біреуі бір беттегі комикстің жеке суреттері. Сабақта екі түрін де қолдану тиімді.Бұл жұмысымның өнімі.

Shape5

Рисунок 9 Рисунок 11



Shape6

Shape7 Рисунок 7





Shape8



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі