Нұрсултан қаласының №83 мектеп
гимназиясы

Мақаланың
тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік
мәні
Жазған: ағылшын тілі
мұғалімі
Шамренова Эльмира
Майрамбаевна
«Ыбырай Алтынсарин
әңгімелерінің тәрбиелік мәні»
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ
балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті
классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне
аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті
тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін себебіміз,
Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде
қалыптаспаған еді. Әңгіме – оқиғаны
баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде
бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға
айтылады. Мазмұны жағынан Ыбырай
әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның
шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке,
ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге
шақырады.
Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына»
Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, «Бай
баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Әке мен бала» т.б.
тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді. Қазақ хрестоматиясына енген
Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына
бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны
жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап
көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының
беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім
мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге
болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан
алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп
суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән
әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып
жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін
шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға
болады.
Тәрбие басы –тал
бесік.
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек
адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де,
білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие
негізі адал еңбекте деп тұжырым
жасайды.
Еңбекті сүю, қадірлеу — Ыбырай
әңгімелеріндегі негізгі такырыптардың бірі. Мұны жазушы
шығармаларында кейде ашық үгіт, айқын насихат түрінде берсе, кейде
дидактикалық мысал немесе белгілі бір оқиға үлгісінде беріп,
шешімін оқушы назарына ұсынады.
Еңбек тақырыбын қозғаған
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Бай баласы мен жарлы баласы",
"Дүние қалай етсең табылады?", "Байлық", "Әке мен бала", "Асыл
шөп", "Қыпшақ Сейіткұл", "Киіз үй мен ағаш үй", т.б. әңгімелері —
өзінің өнегелігімен, бейнелілігімен, көркемдігімен еріксіз есте
қалатын туындылар.
Адамзат баласы шыр етіп жерге
түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына
бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді
үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және
үміттенеді.
"Өрмекші, кұмырсқа, карлығаш"
әңгімесінде аталған жәндіктер мен құстық тіршілік етуімен таныстыра
отырып, окушысын еңбекті сүюге тәрбиелейді. "Жұмыссыз, еңбексіз
жүрген бір жан не бір жәндік жоқ. Сен де солар секілді еңбек ет,
боска жүрме" — деген ой айтады
жазушы.
Ыбырай шығармалары қысқа
мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу,
мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің
тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік
ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да
балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да
Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы
дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі.
Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн
тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып,
әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат
болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы
тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге
бейім болады деген нақты тұжырымдар
беріледі.
Әке мен ана –баланы өмірге
әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа
тәрбиелейтін бас ұстазы
екен.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қорытындыға
келу.
Ыбырай әңгімелерінің
басты ерекшелігі олардың көпшілігінің
әлеуметтік сипатының айқындығы дер едік.
Айталық, «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен
ағаш үй» әңгімелерінде автор халкымыздың тұрмыс-тіршілігін, яғни
көшпелі өмір мен коныстану жәйттерін, соңғысының мәдениет пен білім
үшін пайдалы екенін ашып, дәлелдемек болған. Бұл үшін әңгіменің де
негізгі түйіні еңбек пен оның адам тұрмысындағы орнын, мәнін
белгілеу. «Бай мен жарлы
баласында». Ол еңбек пен тәжірибенің пайдасын Үсен бейнесі аркылы
көрсеткен болса, Асан образы мен жатыпішер, жалқаулыктың зиякын
әйгілейді. Ел-жұртты отырықшылыққа, диқаншылықка үндей келіп, бұл
кәсіптің көшпелі тіршіліктен артықшылығын өзара салыстыра отырып
әңгімелейді.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл
саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеуге арнап, олардың
өзің мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де сапалы азамат
болып жетілуіне айтарлықтай үлес қосты. Сол мақсатта қазақ
жастарына арнап мектептер ашып, оқулықтар жазды. Өзінің төл
өлеңдері мен көркем әңгімелеріне қоса, орыс әдебиетінен мәні ешпес
ғажайып аудармалар жасады. Халык болашағын орыс мәдениетімен
бірлікте деп санап, сол игі мақсатта тендесі жоқ елеулі еңбек етті.
Біз және келешек ұрпақ әрдайым Ыбырай атамыздың өшпес мұрасын
жадымызда сақтауымыз керек деп ойымды аяқтағым
келеді.
.

«Әке мен
бала»

«Бір уыс
мақта»

«Өрмекші
,құмырсқа,қарлығаш»

«Бай баласы мен жарлы
баласы»