Автор:Қылышбекова
А. Сынып:1-сынып
Тақырыбы:
Ы. Алтынсарин Өзен
Жалпы мақсаты:
Өлеңді мәнерлеп оқу, оның мазмұны мен
идеясын ашу.
Міндетті: Ыбырай Алтынсарин
туралы білімдерін кеңейте түсу, жүйелі
сөйлеуге үйрету. Табиғаттың адам өміріне,
жан - жануарларға, жалпы тіршілік иесі
үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік
беру.
Оқыту нәтижесі: Табиғаттың адам
өміріне, жан - жануарларға, жалпы тіршілік
иесі үшін қажеттілігі туралы түсінік
алады.
Көрнекілігі: суреттер,
слайдтар,
Сабақтың жүру барысы
I.
Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық
дайындық.
Балалар қыс мезгілі аяқталып,
күлімдеп көктем айы да келді. Күлімдеген
көктем айында табиғатымыз Жер - Ана
бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды.
Олай болса, біз де бір - біріміздің
алақанымыздың жылулығын сезінейік.
II.
Ой қозғау.
1. Біздің айналамызды
не қоршап жатыр?
2. Табиғат дегеніміз
не?
III. Сыныпты топқа бөлу.
Табиғатқа
байланысты сынып оқушыларын төрт топқа
бөлу. Олар: ауа, су, өсімдіктер.
Әр
топ өз аттарын қорғайды.
Формативті
бағалау.
IY. Жаңа сабақ. Табиғат -
менің өз үйім. Өзен.
Ыбырай Алтынсарин.
Y.
Топтық тапсырмалар.
1 топ Ыбырай
Алтынсарин кім?
2 топ Қандай шығармаларын
білесің?
3 топ Бір өлеңін жатқа
айт.
Формативті бағалау
YI.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің
түсіндіруі.
2. Оқушылардың іштей
оқуы.
3. Оқушылардың оқуы.
YII.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қынарда -
жағасында
Жанарында
- маңайында
YII. Топтық
тапсырмалар.
Өлеңнің әр шумағына
талдау жасау.
1 топ 1 шумағы
2 топ 2
шумағы
Формативті бағалау
YIII.
Қосымша мәліметтер.
Қазақстанда 85
мыңнан астам ірілі - уақты өзендер бар.
Бірақ соның ішінде 1000 км - ден асатын 7
ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын
болсақ:
1. Ертіс - 4242 км.
2. Тобыл -
1600 км.
3. Жайық - 2428 км.
4. Есіл - 2450
км.
5. Сырдария - 2212 км.
6. Іле - 1400
км.
7. Шу - 1186 км.
IX. Талантты
дарынды оқушымен жұмыс.
Жайық өзені
туралы алып келген ақпаратын
тыңдау.
Формативті бағалау
X.
Бейнебаян
тамашалау.
Жайық өзені туралы бейнебаян
тамашалау.
XI. Топтық тапсырмалар.
1
топ. Суға байланысты жұмбақтар
жасыру.
2
топ. Су туралы мақал - мәтел айту.
3
топ. Су тақырыбында шағын эссе
жазу.
Формативті бағалау.
Өзен, су
туралы мақал мәтелдер, нақыл сөздермен
таныстыру
Өзен ақса — көл,
Дария
ақса — сел.
Өзен бойы тұрғанда
өзге
жерге қонбаңыз.
Өзен жағалағанның
өзегі талмас.
Өзен - суға жарасқан
қамысы мен қоғасы,
Қарияға жарасқан
аузындағы тобасы.
Өзен суын жаңбыр
тасытады,
Адам қадірін еңбек
асыртады.
Өзен ұзақ ағады бұлағы
болса басында,
Іздеген бақыт табады
жалықпаса жасында
Әйтеке би
•
Асқар тау сенде бір мін бар -
Асу
бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін
бар -
өткел бермейсің;
Билер,
сендерде бір мін бар -
Басқаға сөз
бермейсің!
XII. Сұрақтар мен
тапсырмаларға жауап алу.
XIII. Үйге
тапсырма, бағалау, қорытындылау