жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Сабақ : Демографиялық саясат |
Мектеп: Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Скаков Умиржан Шарипханович |
||||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) |
8.4.1.6 Демографиялық саясат ұғымын түсіндіре отырып дүниежүзінің елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады |
||||||
Сабақ мақсаттары: |
-демография ұғымын біле -демографиялық саясатты түсінеді; |
||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Жоғары деңгей дағдылары |
||||||
Бағалау кртитерий |
Демографиялық саясаттың қолданылуын зерттеп, өзіндік модель жасайды |
||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: демографиялық саясатты жүргізудің маңызы туралы ойларын еркін жеткізе біледі |
||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
|||||||
Терминмен жұмыс жасайды Демографиялық саясат, демографиялық шектеулік, демографиялық ынталандыру |
|||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
|||||||
Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) |
|||||||
Демографиялық саясаттың жүргізу мақсаты..... |
|||||||
Құндылықтарға баулу |
Қазақстандағы патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, Құқық |
||||||
|
|||||||
Алдыңғы білім |
Демографиялық проблемалар |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) |
Ресурстар, дереккөздер |
|||||
Сабақтың басы
(6минут) |
-сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін. -сынып оқушыларын жазылған сөздіктермен топтастырамын. Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында «Ақпарат жинау» әдісі арқылы оқушыларға бұрын өткен тақырып бойынша сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Сұрақтар: 1.«Демографиялық дүмпу» орын алған елдерді ата 2.Демографиялық дағдарыстың салдары 3.Демографиялық мәселе дегеніміз не? 4.Демографиялық дағдарыс дегеніміз не? 5.Демографиялық көрсеткіштердің бағалау шәкілі қалай жасалады?
Жаңа сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру
|
|
|||||
Сабақтың ортасы (27 минут)
|
«ДЖИГСО» әдісі бойынша 2 топқа тақырыптарды беріп, мәтінмен жұмыс жасатамын. Демографиялық өсудің екі типін анықтап, постерге түсіріңіздер 1-топ демографиялық шектеулік 2-топ демографиялық ынталандыру Дескриптор: демографиялық өсудің екі типін анықтайды; «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша критерийлерге сәйкес стикермен әр топ бір – бірінің жұмысын өзара бағалайды. 2-тапсырма үлестірме материалымен жұмыс Берілген мәтінді оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. • Халықтың өсуін қолдап жатқан елге нақты мысал келтіріп, демографиялық саясатын түсіндіріңіз. _________________________________________________ • Халықтың кемуін қолдап жатқан елге мысал келтіріп, демографиялық саясатын түсіндіріңіз.___________________________________________
_______________________________________________________________
Елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін шараларының жиынтығы-демографиялық саясат. Қазақстанның демографиялық саясаты негізгі үш бағытта жүргізіледі. - Экономикалық – бала күтуге байланысты ақылы демалыс беру, бала туылған кездегі әртүрлі жәрдемақылар. - Әлеуметтік-демографиялық – көп балалы жанұяларға мемлекет тарапынан пәтер беру, тегін медициналық көмек, жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу. - Әкімшілік-құқықтық – ішкі және сыртқы көші-қонды реттеу,басқа елдерден қандастарымызды шақыру. Қытайдағы “Бір отбасы- бір бала саясаты” термині Қытайдың өзін-өзі асырай алмау қаупін төндірген халық санының жылдам өсуін баяулатуға бағытталған шаралар жиынтығын анықтайды. Бұл саясаттың негізінде, әрбір жанұяға бір баланы ғана дүниеге әкелуге рұқсат етіледі. Нәтижесінде Қытай халқын 400 миллионнан артық адамға азайтуға мүмкіндік береді. Дескриптор: -халықтың табиғи өсуіне қолдау көрсету саясатын түсіндіреді; - халық санының кемуін қолдайтын саясатты түсіндіреді; 3-тапсырма: «Ойлан-Жұптас-Бөліс» оқыту әдісі арқылы Еліміздегі халықтың өсуіне қатысты қандай демографиялық саясат ұсынар едіңіз. Ойыңызды негіздеп, дәлелдер келтіріңіз. Топтар өз жобаларын қорғайды. Дескриптор: - еліміздегі халық санының өсуін қолдауға арналған өз жобасын ұсынады; «Екі жұлдыз,бір тілек» бойынша критерийлерге сәйкес стикермен әр топ бір – бірінің жұмысын өзара бағалайды |
Оқулық, ақ қағаз, маркер, мәтін
үлестірме қағаздар
стикер |
|||||
Сабақ соңы (7минут)
|
Сабақтың оқу мақсаты мен критерийлерге сәйкес қорытындылау: «Ыстық орындық» әдісі бойынша ортаға топ басшылары шығып, сұрақтарға жауап беру арқылы критерийлерге сәйкес түсіну дәрежесі анықталады. Үйге тапсырма: «Жер – халық мекені» эссе жазып келу. Рефлексия (кері байланыс)
«Алақан» әдісі арқылы бүгінгі сабақта алған жағымды сәттерді 5 сөзбен жеткізеді. Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды! Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек. Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ. Төртінші бармақ – бұл жерде орта... Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды.... |
|
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
|||||
Топтау: Жұптық және топтық жұмыста қабілетті оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, төменгі денгейдегі оқушыларға табысқа жетуіне көмектеседі. Диалог/сұрақтарды пайдалану -мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өздері қоятын сұрақтары мен оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды. Қолдау: Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы қажеттілігіне қарай қолдау көрсету.
|
Топтық жұмыс,жұмыс барысында «Екі жұлдыз ,бір тілек» критерийлерге сәйкес стикермен әр топ бір – бірінің жұмысын өзара бағалайды.Менің сабағымда балалардың алға қарай ілгеруіне ауызша кері байланыс беремін. «Алақан » әдісі арқылы рефлексия жасайды. |
Санитарлық норма қадағаланады, интербелсенді тақта қолданылады.
|
|||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз
|
||||||
|
|
||||||
Қорытынды бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген