Ыбырай Алтынсарин Бір уыс мақта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин Бір уыс мақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды шығармашылыққа және тілін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші,Айгөлек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:15.11.2018 жыл Тәрбиеші:Дүйсенбаева Асыл

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Дені саудың-жаны сау.»

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин«Бір уыс мақта».

Мақсаты: Тәрбиелік: Балаларды адалдыққа,имандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік,қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Білімділік: Балаларды қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин өмірімен таныстыру.Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеуге ,мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Таныстыру,сұрақ-жауап,түсіндіру. 

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.

Билингвальді компонент:мақта-.вата,әже-бабушка.

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері.

-Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп ,

Бас иеміз біз.

-Бір-бірлеріне жылы сезім,күлкі сыйлау.

Негізгі бөлім:

-Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Бір уыс мақта».

Әңгіменің авторы туралы қысқаша мәлімет беру.Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі.Балаларға арнап көптеген ертегілер,әңгімелер жазып қалдырған. Әңгімелері: Қарға мен құрт,Сауысқанмен қарға, Әке мен бала,Түлкі мен ешкі.

Бүгінгі танысатын әңгімеміз «Бір уыс мақта» деп аталады.

Әңгімені мәнерлеп оқып беру.

Бір кішкентай қыз,әкесінің шапанын жамап отыр екен,шешесі қасына отырып,ақыл айтты.

-Балам дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды,-деп, Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып,далаға тастады.

-Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,-деп

-Шешесі:

-Балам сол да жерде қалмайды,-деді.Осылайша сөйлесіп ,терезеден қарап отырса ,манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды,мұны бір торғай көріп қуып барып мақтаны тұмсығына тістеп қана алып ұшып кетті.Қыз әжесінен:

-Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті.оны неғылады?-деп сұрады.Әжесі айтты.

-Көрдің бе балам,күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін.Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп,жас балапандарына мамық етеді,-деді.

Сұрақтар қою.

-Әңгіме не туралы?

-Қыз бала не істеді?

-Әңгіме немен аяқталды?

Шапан-астарына жүн не мақта салып,сырып тігілетін бас киім.

Қиқым –бір нәрсенің майда,ұсақ қалдығы .Мақтаның қиқымы.

Мамық-құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағашатар,
Біп биік болып өседі.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

Ойынның шарты:Өлеңді оқи отыра торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай,торғай торғайсың,

Ұшып қонып қорғайсың.

Сенің өзің қандайсың,

Қарғаға да ұқсамайсың,

өзің кіші торғайсың,

түсің қоңыр торғайсың,

ұяңа мамық тасып ап

өзің сондай торғайсың.

Қорытынды: -Балалар,бүгін кіммен таныстық?

-Ол ақынның қандай әңгімесімен таныстық?

-Әңгіме кім туралы айтылған?

-Қандай ойын ойнадық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сұрақ-жауап ,мадақтау,қортынды.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2018
1766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі