400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин-педагог-наватор

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәртөк ауданы,село Сарыжар

Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі

Тарих пәні мұғалімі: Турмамбетова Асемтай Танатаровна

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин – педагог-новатор

Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?

Сабақ негізделген оқу мақсаты:7.2.3.3 – Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ыбырай Алтынсарыұлының ағарту саласына қосқан үлесін бағалайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Ы.Алтынсарыұлының педагогикалық, жазушылық, ағартушылық қызметіне баға беріп, шығармашылық қызметін талдайды.

Кейбір оқушылар: Ыбырай Алтынсарыұлының білім саласына қосқан үлесін дәлелдей отырып, қорытынды жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары ойлау деңгейлері

Бағалау критерийлері:

1.Ыбырай Алтынсарыұлының педагогикалық, жазушылық, ағартушылық қызметіне баға беріп, шығармашылық қызметіне талдау жасайды

2.Ыбырай Алтынсарыұлының білім саласына қосқан үлесін дәлелдей отырып, қорытынды жасайды.

Тілдік мақсат: Балқожа, педагог, ағартушы, этнограф

Құндылықтарға баулу: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыстар: Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім: Ы.Алтынсарыұлының ағартушылық қызметі туралы жалпы біледі.

Жоспарланған кезеңдері:

Басталуы: (10 мин) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жүректен-жүрекке» оқушылар бір-біріне жылылық сезімін білдіреді.


1 тапсырма. «Серпілген сауал» әдісі. Доп лақтыру арқылы сұрақ қойып, өзіңе қойылған сұраққа жауап бер.

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ береді. Допты алған оқушы сұраққа жауап береді.

Мысалы:1.Шоқан Уәлихановтың шын есімі- (Мұхаммед –Қанапия)

2.Бала Шоқанның тәрбиесіне кім көңіл бөлді? (Әжесі Айғаным)

3.30 жыл ғана өмір сүрген Шоқан ұзақ өмір сүргенде болса тағы да не зерттеуі мүмкін еді?

Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ» әдісі бойынша өздерін бағалайды.


Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Әй, достарым», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерінің жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Осы өлең жолдарынан кімнің өлең жолы екенін тауып, тақырыпты ашады.

Ортасы:(22 мин) 2-тапсырма. «ЖИГСО әдісі». Берілген мәтінді жеке оқып, топта талқылаңыз. Басқа топтарға барып түсіндіріңіз.

І топ Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі

2- топ Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі

3- топ Ағартушының ғылыми және әдеби қызметі

Дескриптор: Білім алушы

Оқулықтан өздеріне қажетті ақпаратты оқиды.

Топта талқылайды

Басқа топтарға түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау. «Смайлик» әдісімен бағалау


3-тапсырма. Жеке жұмыс. Ы.Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесіне талдау жасаңыз.

Дескриптор:

1.Білім алушы ағарту саласын қосқан 1 үлесін жазады

2. Білім алушы ағарту саласын қосқан 2 үлесін жазады

3. Білім алушы ағарту саласын қосқан 3 үлесін жазады

Қалыптастырушы бағалау. «Жақсы,керемет,өте жақсы» әдісі.

1 үлесін жазса «жақсы» деп, 2 үлесін жазса «керемет» деп, 3 үлесін жазса «тамаша» деп бағалаймын.

Соңы. 8 мин

Бағалау: 4-тапсырма.ТЖ«Ротация» әдісі.Берілген тақырып бойынша білген, меңгерген мәліметтеріңізді жазыңыздар және топ болып қорғаңыз.

1- топ « Ақынның өмірі »

2- топ « Шығармашылығы »

3- топ « Жарқын істері »

Дескриптор:

1.Ағартушы өмірі , шығармашылығы, жарқын істері туралы жазады

2. Ағартушының өмірі, шығармашылығы мен жарқын істері туралы айтады.

Қалыптастырушы бағалау. «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалау

Жақсы жауап берген топқа- жасыл жұлдыз

Орташа жауап берген топқа – сары жұлдыз

Нашар жауап берген топқа – қызыл жұлдыз

Рефлексия: «Табыс ағашы» арқылы оқушылар сабақтан алған білімдерін жинақтайды.

«Жасыл алма»- сабақ ұнады,тақырыпты меңгердім.

«Сары алма»-тақырыпты түсіндім,тапсырмалар кезінде қиналдым.

«Қызыл алма»-сабақ маған түсініксіз.


Үйге тапсырма: «Зайырлы мектеп дегеніміз не?» деген тақырыпта қосымша мәлімет жазып келіңіздер






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі