400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ыбырай Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл".Сейітқұл-заманынан озып туған адам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап,шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы

Сапақкөл орта мектебі

Абдрахманова Рахима Насыровна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Байланыс нөмері: 87754257597



Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

Сейітқұл – заманынан озып туған адам.



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 5.3.3.1.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Көркем шығармадағы кейіпкерлер іс- әрекетін анықтау, әдеби эссе жазу.

Кейбір оқушылар: Көркем шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

1. «5 қадам» әдісі. Оқушылар тақтаға жазылған кейіпкердің атына байланысты 5 қасиет атап шығу қажет.

2. Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» деп жауап беру арқылы ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.

1. Қыпшақ Сейітқұл егінші- дұрыс

2. Сейітқұлдың ағасы да егіншілік кәсіппен айналасқан- бұрыс

3. Сейітқұл елімен бірге Қабырға өзенінің маңында тоқтайды. – дұрыс

4. Сейітқұлдың елінің саны бес жүзге жетеді. – бұрыс.

5. Сейітқұл Бұхара, Қоқан маңында жәрменке базар ашты– дұрыс.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша шығарма мазмұнына талдау жасау.

Ақ қалпақ.

Шығармадағы ақпараттарды анықта.

1. Шығармадағы кейіпкерлерді ата.

2. Сейітқұл кім?

Қызыл қалпақ.

Әңгіме үзінділері кейіпкердің қандай сезімдерін көрсетеді?

Үзінділер тарату.

Сары қалпақ.

Қажетті сөздерді пайдаланып, шығарманың тәрбиелік мәнін аш. Өз көзқарасынды білдір.

Шыдамдылыққа төзімді бол, еңбек ет, биікке ұмтыл.

Қара қалпақ.

1.Әңгімеде кездесетін жағымсыз кезеңдерді табыңыз.

2. Өмірден мысал келе отырып дәделдеңіз.

Жасыл қалпақ.

Жаңа идея ұсын.

1. Егер сен жазушы болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?

2. Неліктен?

Көк қалпақ.

Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?

 2-тапсырма. Топтық жұмыс

«Түйінді ой» Кейіпкерлерді өмірмен байланыстырып,өз пікірлеріңді білдіріңдер.

- Егер де......

1.Егер де сен Сейтқұлдың орнында болсаң не істер едің?

- Тағы қалай.....

1.Тағы қалай кейіпкердің мінез-құлқын өзгертер едің?Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

Дескриптор:

- Креативті ой ұсынады;

- Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды.

3-тапсырма Жеке жұмыс

«Сейітқұлдай болайық», «Біз еңбекқор жастармыз» тақырыбында шағын әдеби эссе жазыңдар.

Дескриптор:

- Эссенің құрылымын сақтайды;

- Нақты дәлел келтіреді;

- Түйінді ой жазады.


Сабақтың соңы:

Кері байланыс күнделігі: Қолымнан келді ...................

Үйрендім .............................

Маған қиын болды ...............

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі