жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының бүгінгі білім беруде өзектілігі.»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша «Айнабұлақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» атты өңіраралық
педагогикалық форумы.
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының бүгінгі білім беруде өзектілігі.»
Баяндамашы:Амиржанова Жанна Тусупбекқызы.
Бастауыш сынып мұғалімі.
2021-2022 оқу жылы.
Мазмұны
1.Кіріспе .................................................................................. 1 бет
2.Негізгі бөлім ........................................................................ 2 бет
3.Іс-тәжірибемен алмасу ...................................................... 3бет
4.Қорытынды ........................................................................ 4 бет
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының бүгінгі білім беруде өзектілігі.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады.Сондықтан білім мен тәрбие берудің маңыздылығы уакыт күттірмейтін және өткен ел тарихыннан бастау алатын мәселе болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті,өз ойын еркін жеткізе алатын шәкірт дайындау.
«Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.Мектептің жаны- мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы»-деп жазды Ыбырай Алтынсарин
Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлерін іс – тәжірибе шеңберіне енгізу қажет. Қоғамдық ой – сананың дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарында Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог.
Жан-жақты Ыбырай Алтынсарин есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге ілесіп келеді.Ұлы тұлғаның өнегелі өмірі, өрісі кең биікке шарықтаған таланты өз заманында қандай болса бүгінгі таңда сол қалпында артындағы ұрпаққа қалдырған асыл мұралар болып жалғасын табуда.Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерді.Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтар үшін жазды.Осындай баға жетпес мол тағылым мен тәрбиеге тұнып тұрған ұлы ағартушының жарық жұлдыздай жол көрсеткен бағыты менің ұстаздық жолымдағы жауапкершілігім мен іс-тәжірибемді шыңдай түсті.
Сондықтан да алдыма келген шәкірттерімді оқыту, тәрбиелеу үшін талмай ізденіп, білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндетім деп ойлаймын.Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет болса, осы бағытта келешекте қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың талабы деп қарауымыз керек . Осы талап пен міндеттердің орындалудағы ең бір пәрменді құрал – оқу, тәлім – тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеялары менің бастауыш сыныпта еңбек еткен 36 жылғы тәжірибемде жол көрсеткен жарық жұлдыздай болды. Ең алғаш бірінші сыныпқа бүлдіршіндерді қабылдағаннан бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға аттандырғанға дейінгі жеткен жетістіктеріме Ыбырай Алтынсаринның барлық педагогикалық теориясында жас
1
жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруге бағытталған еңбектерін ықпал етті. Адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата – ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатынын ескергеніміз жөн.
Өз заманында Ыбырай Алтынсарин дарқан бейнесі мен іс- әрекетінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы еді. Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты: Қазақ балаларына алғаш мектеп
ашты, Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп – интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Қоғамның заңды тіршілік етуі тек қана халықтың ағартушылық
деңгейі қоғамдық және дара сананың дамуы арқылы мүмкін
болатынын тарихи іс-тәжірибесінде көрсетіп отыр.
Тек шәкірттер ғана емес жалпы қазақтың сауатты болуын қалады.
М
Төте жазумен ғана шектелген 5 ата-анамен қосымша сабақтар жүргізілді.Нәтижесінде баламен бірге сабақты талдап ,кері байланыс беруге жетті.
оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолдану керек деген педагогикалық тәжірибесінен алған жұмыс бағытым деп ойлаймын. (5-слайд)
Биылғы жыл Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай сынып ата –аналарымен «Мен баламның бос уақытын қалай жоспарлаймын?» атты пікіралмасу жиынын өткіздім. Бұл кездесуге дейін ата-аналарды үш топқа бөліп мақсаты айқындалып, тапсырма берілді
1-топ «Әке мен бала», «Алтын шеттеуік пен бала», «Бір уысмақта»
2
2-топ «Тышқанның өсиеті», «Байұлы», «Шеше мен бала»
3- топ «Бай мен жарлы баласы» әңгімелерін оқып,отбасында балаларым талдап келу ұсынылды. Бұндағы мақсатым сыныбымдағы оқушыларымның тәрбиесінде кездесіп қалып жүрген олқылықтарды толықтыру еді. Осы жұмыстан кейін ата –аналармен қазіргі жаңартылған білім саласында пайдаланып жүрген Жигсо әдісі арқылы талдау болды.(6-слайд)
1-топта ұқыптылықты, үнемшілдікке тәрбиелеуге
2-топта өзгеге аяушылық білдіріп, өзгенің затына қызықпай қанағат етуге тәрбиелеу болса ,
3-топта Үсен арқылы отбасындағы балаларының еңбексүйгіштігін , әр нәрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. (7-слайд)
Бұдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз.Қорытындысында алдағы жұмыстарыма бағыт алу үшін БЛУМ таксономиясы арқылы кері байланыс алып, жұмыс нәтижесі қорытындыладым.
Ал оқушылар әр сынып сайын Ы Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдерін қызыға оқып ,талдауға ынталары зор.Таза бұлақ кітабындағы «Үш ұры» әңгімесінен қойылым қоя отырып, ВЕНН диограммасы арқылы адам баласының жағымды жағымсыз жақтарын талдап, жаман әдеттерден аулақ болу керек екенін түсінді.Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді.(8-слайд)
«Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала» әңгімелерін «Ыстық орындық» әдісімен талдады.Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқуға қатысып , ынталандырылды.( 10-слайд)
Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал өзім істесем, үйреніп алам». Бұл дегенің қазіргі білім беру саласындағы жұмыстардың жалпы түйіні десек те болады. Осы бағытта Ыбырайдың игілікті ісін ықыласпен қолдап, оны егемен елдің білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану,оқыту міндеттерінің талабы болған абзал деген ойдамын.
Ыбырайдың шығармалары тәлім-тәрбиеге негізделгендіктен оқушыларға білім беру,санасына жеткізіп өздігінен шешім шығарып, өз ойын топ ортада дәлелдей алатындай жетістіктерге жету үшін,оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсене қатысып өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырып бір-біріне кеңес беруге және өз ойы үшін тәуекелге бара
3
алатындай шәкірт даярлау мақсатында Оқу пирамидасын басшылыққа алу зор жетісікке жеткізеді.Яғни, оқушы өздігінен оқыса 10%,аудио-визуалды қабылдаса 20%, көрсетілім арқылы 30% талқылау арқылы50%, практика арқылы75%, өзгеге түсіндіру ,ой бөлісу арқылы90% ақпаратты есте сақтайтындығы дәлелденген.Ы.Алтынсаринның да басты педагогикалық бағытының негізі бала санасына жол көрсету.[9-слайд]
Егер балалар бірдеңені тұсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек,әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек,орынсыз терминдерді қолданбауы керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді....Ыбырай Алтынсарин.[12-слайд]
Міне Ыбырай Алтынсаринның бұл ойын өз тәжірибемізде пайдаға жарату үшін біздің бойымызда құзырлы мұғалімге тән 3 қасиет болуы керек.
1)Кәсіби түсінік- тәжірибені түсіну,дамыту,жетілдіру,зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді
2)Оқытудың тәжірибелік дағдылары- демонстрациялау, түзету,оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық,тәжірибелік дағдылар мен тәсілдерді білуді талап етеді
3)Кәсіби- өнегелілік тұтастық- ұстаз мамандығының этикалық және моральдік құндылықтарын ұстанады.
Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсаринның бойында осы қасиеттің барлығын
ның бар екені айтылған. Қорытындылай келе ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры.
Олай болса ел болашағы болатын шәкірттерімізге білім нәрімен қатар саналы тәрбие беруде талмай еңбек ете берейік.Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman,2017) деп атаған қасиеттерді бойымызға жинап, талмай еңбектене берейік.

“Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек .Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі”
Әбу Насыр әл-Фараби
Мұндай қателік жібермеу үшін Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық идеяларының бүгінгі білім берудегі өзектілігін өз тәжірибемізде басшылыққа алайық.Қазіргі бәсекелестікке төтеп беруде білімі күшті озады.[11-слайд]
4
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестомиясы». Алматы «Білім» 2007ж 2-басылым.
2. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5
3. Бес ғасыр жырлайды. Алматы, «Жазушы», 1989 І том
4. «Аңыз адам» № 17 2013ж
5. Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж
6. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары.14-21 бет
7. Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» Алматы,1988ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген