Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЫБЫРАЙ БАБАМЫЗДЫҢ ҒАЖАП ШЫҒАРМАЛАРЫ БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЫБЫРАЙ БАБАМЫЗДЫҢ ҒАЖАП ШЫҒАРМАЛАРЫ БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ


КӨШЕРБАЕВА МӘДИНА БАХЫТБЕКҚЫЗЫ

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін

мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Арқалық қаласы


Аңдатпа

Мақалада білім саласына тыңнан жол салған бабамыздың мұрасы, шығармашылығы жалпы адам өмірімен тығыз байланысты. Өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі өмірдегі ең құнды еңбегі болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің шығармалары қазақ әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып, қазақ жастарының жан-жақты, білімді азамат болуына өз ықпалын тигізе бермек. «Біз болмасақ – Сіз барсыз, үміт еткен достарым!» деп ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай Алтынсарин арманының жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр.

 Түйінді сөздер: мұра, білім, сенім,арман, халық.


Аннотация

В статье подчеркивается, что наследие, творчество нашего предка, проложившего путь к знаниям, неразрывно связано с жизнью человека в целом. Обращение своего народа к чтению, к искусству является самым ценным трудом в жизни против невежества, зла, раскрывая социальное неравенство, отражая реальность жизни, воспитывая молодежь к добру, к нравственности. Поэтому произведения Ыбырая Алтынсарина будут иметь законное место в нашей казахской литературе и способствовать тому, чтобы казахская молодежь была всесторонним, образованным. «Если нас не будет-вы есть, мои друзья, которые надеются!" он доверял будущим поколениям своего народа. Уверовавший в будущее, считал, что те дела, которые он не смог выполнить, будут исполнены молодыми людьми. Именно это поколение в этот день видит воплощение мечты Ыбырая Алтынсарина.

Ключевые слова: наследие, образование, вера, мечта, народ.

Annotation

The article emphasizes that the heritage and creativity of our ancestor, who paved the way to knowledge, is inextricably linked with human life as a whole. Turning your people to reading, to art is the most valuable work in life against ignorance, evil, revealing social inequality, reflecting the reality of life, educating young people to good, to morality. Therefore, the works of Ybyrai Altynsarin will have a legitimate place in our Kazakh literature and contribute to the fact that the Kazakh youth is a comprehensive, educated citizen. "If we are not there-you are there, my friends who hope!" he trusted the future generations of his people. He who believed in the future believed that the things that he could not do would be done by young people. It is this generation that sees the realization of Ybyrai Altynsarin's dream on this day.

Keywords: heritage, education, faith, dream, people.

«Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз».

Ыбырай Алтынсарин







Біз  келешекте  қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз  десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп  шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп  қарауымыз керек . Осы талап  пен міндеттерді орындалудағы ең бір  пәрменді құрал – оқу, тәлім – тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі  жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ  тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс – тәжірибе шеңберіне енгізу. Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра.

    «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген дана халқымыз. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс», «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» осы сынды Ыбырай шығармаларындағы түйінді ойлар, бұл күндері оқу, білім, еңбек салаларында еркін қолдануға арналған қанатты сөздерге айналған. Білім беру ісі жаңа жанданып келе жатқан қазақ даласы үшін оның пікірінше, мұғалімнің маңызы ерекше жоғары, сондықтан да ол «жақсы мұғалімді дүниедегінің барлығынан жоғары бағалаймын» деген еді.

Ендеше ұлы педагог туралы өз ой толғауымды жазайын. М.Әуезов «Қазақ халқының тарихында үш бірдей биік мұнара бар. Олар Шоқан, Ыбырай және Абай делінген. [3, б.№ 4,5] Тұңғыш ағартушы, ұлы ұстаз, Тұңғыш білім ордасын ашқан ұстаз. Тұңғыш қолына күміс қоңырау алып, қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз. Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ зиялыларының көшбасшысы, халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен ағартушы Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары өшпес тарихта мәңгі сақталары анық. Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеу бойынша, оның идеяларын жаһандық сын – қатерлер мен өзгерістер дәуірінде заманауи білім беру жүйесінде педагогикалық идеяларының сабақтастығын математика ғылымында қарастырсақ. Осы орайда айтқым келеді, «Математика – бар ғылымның бастауы». Ы.Алтынсарин өзі сыпайы айтқан аз ғана білімімен, теңдесі жоқ қызмет атқарып, қазақ даласына кеңінен таңылды. Ең бастысы Ыбырай Алтынсарин – педагог , халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы. Егемен еліміздің өркениеттілікке жету жолында Ыбырай Алтынсариннің де үлесі бар екенін біліп, айта жүретін жаңа буын жастар бар деп сенім артамыз. Әсіресе білім саласындағы еңбегі ерен. Білім саласына тыңнан жол салған бабамыздың мұрасында, мынадай пәндер өтілді: орыс тілі, арифметика, география, шығыс тілдері т.б. Ыбырай шығармалары сол кездегі математиканы оқыту арифметика және шот қағып есептеу әдістерімен үйретілген. Арифметика — математиканың, қарапайым сандар түрлерін (натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар) және оларға қолданатын қарапайым арифметикалық операцияларды (қосу, алу, көбейту, бөлу) зерттейтін саласы. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызған, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолданып, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аударып, оқушыларды сергіту, ойлау қабілеттерін дамытуда Ы.Алтынсариннің өлең жолдарын алып, талдау жасатамын. Соның мысалы:

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы

Күннен-күнге көп болар

Еш жұтамақ жоқ болар.

Ғұлама ақын адамға ең бірінші керегі білім емес тәрбие екенін алға тартқан.

Нұсқауда сонымен бірге оқу материалдары кластарға және оқу жылдарына бөлінді.

Бірінші кластың 2-ші жылынан бастап арифметиканың бас жағын (нумерация) үйрету;

Екінші класта: арифметиканың алғашқы төрт амалы; есептеп шығару тәсілдері, шот қағып есептеу жолдары ;

Үшінші класта: 1-ші жылы арифметиканы аяқтау, есеп шығару тәсілдері, 2-ші жылында арифметиканы қайталау;

Төртінші класта: бұл кластың тәрбиеленушілері бір – ақ жыл оқиды, арифметика: қосу,азайту, көбейту, бөлу. [1, б.876-879]

Бастауыш буында математиканы оқытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларды натурал сандарға амалдар қолдана білуге және сол амалдарды қарапайым шамаларға қолдануға үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта өзімнің сабақтарымда сол кездегі әдіс – тәсілдерді қолданамын. 5 сыныпта «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» , Арифметикалық амалдардың қасиеттері» (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірілімділік, көбейту, бөлу), 6 сыныпта «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдануға есептер шығару» , 7 – 8 сыныптарда «Бірмүшелерге амалдар қолдану» жоғары сыныптарда есептер шығаруда қосу, азайту, көбейту, бөлу күрделене береді. Оқушылар арифметиканың төрт амалымен күнделікті тұрмыста жиі жолығып жатады.

Алтынсарин жасаған оқу жоспарлары мен мектеп программалары әдеттегі бастауыш мектептердің оқу жоспарынан анағұрлым терең еді. Бұл пікірімізді дәлелдеу үшін, орыстың екі кластық мектебі мен қалалық училищесінің оқу жоспарын келтірейік: Екі кластық қатынап оқитын мектепте арифметикадан бастапқы мәліметтер, қалалық училищесінің оқу жоспарында арифметика, практикалық геометрия оқытылды. Оқуды түрлендіру үшін кейде арифметикадан сабақ беріледі, ол есепшотпен кубиктер арқылы есеп үйретуден басталады. Арифметиканы үйреткенде, балаларға таныс, өздерінің күнделікті араласып, көріп жүрген тұрмысынан мысалдар келтіріп, алғаш қарапайым, оңай, кейінірек қиындау сұрақтар беріп, оқушылардың ойлау қабілетін дамытқан. Арифметикадан сабақ бергенде Грубе немесе Евтушевский бойынша теориялық жағын тым тереңдетпей, сабақты оқушылардың үлгіріміне, қабілетіне, түсінігіне қарай жүргізген. Қазіргі таңда білімнің алға жылжуының нақты бір дәлелі, баланың миын шынықтыру үшін қосымша білім беру бағдарламасы ментальді арифметика – бұл ауызша есептеу жүйесіне негізделген 4 жастан бастап, 16 жасқа дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытудың бірегей әдістемесі. Осы әдістемемен оқи отырып, бала калькулятордың көмегіне жүгінбестен, жылдамырақ ойда бірнеше секунд ішінде кез келген (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның квадрат түбірін есептеу) арифметикалық тапсырмаларды шеше алады. Сонымен қатар баланың зейіні мен фотографиялық есте сақтау қабілеті артып, шығармашылық ойлау, байқампаздық, өз – өзіне сенімділік, нақтылық, жылдамдық пайда болады.

Тұңғыш мектеп қазақ даласында 1864 жылы Торғай қаласында ашылады. Орталықта 50 баладан 100 балаға дейін оқытатын бір – бірден орысша – қазақша мектептерді ашады. 28 жыл бойы халық ағарту саласында еңбек етіп, 15 оқу орнын ашып, бұлар жайында жазған еңбектері, оқу құралдары, мақалалары т.б. ұрпаққа үлкен таусылмас мұра болып отыр. Қазіргі кітапханалардың ашылу, даму тарихы қазақ даласында алғашқы кітапханаларды ашқан мәдениет қайраткері Ыбырайдан бастау алған десе артық болмайды. Демократ, ағартушы, ұстаз Ыбырайдың халқының көзін ашып, білімге, ғылымға қолын жеткізу үлгісі бүгінде қанатын кеңінен жаюда. Біздің елімізде жас ұрпақтарға білім беру қарқыны күшейіп келеді. Үкіметіміздің жүргізіп жатқан «Жүз мектеп, жүз аурухана» осы үлкен жұмыстың жалғасы. Ыбырай «Орынбор листогі» газетінде «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, әбден мұқият түрде жүргізген инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» – дей келіп, қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», – деген. [4, б. 355 ] Қазіргі уақытта білім мен ғылымның, техниканың дамуы, 50 елмен бәсекелестік білімді ұрпақтар даярлауда үкіметіміздің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы – мектептерді көбейту, оқу құралдарымен жабдықтау (компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс т.б.) мұғалімдердің жалақысын өсіру т.б. толып жатқан жұмыс жүріп жатыр. [5, б. 529 ]

1879 жылы Ы. Алтынсарин тарихта тұңғыш рет училищелердің бірінші дəрежелі инспекторы болып тағайындалғаны белгілі.

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!– дейді

қазақтың ұлы ағартушы, педагог, үлкен-кішімізге, қай – қайсымыз болмасын білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған ұстаз Ыбырай Алтынсарин. [6, б.№ 4,5] Ұстаздықты сөз етсек, Ыбырай есіміне тоқталмай кету, тәрбие мен оқуды сөз етсек, «Қазақ хрестоматиясы» жайында бірер сөз айтпау мүмкін емес. Қазақ даласындағы аумалы – төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас тағдырына терең үңілген Ыбырай Алтынсарин атамыз «Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы» екенін ескерген. Ол өз халқын жан тәнімен сүйіп, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсауы нағыз патриоттықтың белгісі.

«Пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамамыз келгенінше қызмет ету – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деп Ыбырай Алтынсарин өзі айтқандай бүкіл өмірін халқына пайдалы іске жұмсады. Үлгі еткен тәрбие, халықтық өнеге, жақсылық, адамгершілік бүгінгі өмірде де қымбат. «Мұғалім – мектептегі басты тұлға» дейді, ендеше адам ағзасында жүрек қандай қызмет атқарса, мұғалім де мектепте сондай қызмет атқаруы керек.

Өмір жолындағы негізгі қызметі ағартушылық болған Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын тұңғыш рет зайырлылық бағыттағы мектепте дүнияуи пәндерді оқытатын мұғалім ретінде алғашқы дәрісін өлеңмен бастағанда, бүкіл жан дүниесімен тебіреніп тұрып алдымен Алла сөзін айтады.

Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық дәлелі, және бұл тарихи істің жемісті болуы үшін Алланың жар болуын тілейді, жас өспірімдерге сол ойды ұғындырады. Бұдан әрі ұстаз жас шәкірттердің жаңа есейіп келе жатқан ақыл – санасы жетер деңгейден толғап, адам өміріндегі пайдасын түсіндіреді және оларды саналы тәрбие мен сапалы білім алуға шақырады.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Ал адамның өмір тіршілігіндегі оқудың арқасында іздемей табылатын игіліктері қандай еді, оқымай қалғанның көрер қорлығы не түрде болмақ? Білім таусылмас байлық, таптырмас азық екендігін педагог өз жырлары арқылы қарапайым халықтың санасына әсер ете білді. [7, б. 214 ] Мақсаты ауыл баласы оқысын көзі ашық, көкірегі ояу азамат болсын деген ниеттен туған.

Ыбырай бабамыз жүрек қалауымен ұстаздық жолын таңдап, хаттарының бірінде...Назым Хикметтің

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап.

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылсын, –

деген жолдарымен және Ыбырай мектебінің түлегі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың мына бір өлең жолдарымен:

Мен бұқтым, жаттым

Сен бұқтың, жаттың,

Кім істемек қызмет? – сауалымен үндестігі кездейсоқтық емес шығар. [2, б.18-20] Бұл жалынды жыр жолдарымен өз елін шексіз сүйетін патриотизмнің иесін көреміз. Қазіргі патриоттық тәрбиеге нақты үлгі, өнеге боларлық мысал емес пе?!

Әлеуметтік желідегі достарымның жеке парақшаларына қарасам, олардың қабырғаларында өзге ұлы данышпандардың айтқан сөздері, ойлары сақталып тұрады. Ал оның орнына Ыбырай секілді данышпандарымыздың айтқан нақыл сөздерін немесе кішкентай ғана әңгімелерінде айтылған терең ойларының мазмұнын алып кетсек болар еді. Бір жағынан өзіміздің қазақ тілінде жазылған, екінші жағынан өзіміздің Отандық тұлғамыздың айтқан ойлары. Ал үшіншіден, елі үшін ерең еңбек еткен, келесі ұрпақтың күні қараң болып қалмасын деп, білім көзін ашып берген данышпанымызды ұмытпай, оны кеңінен насихаттау.

Қорыта келе, келешек ұрпаққа жеткізу болашақ жастар, біздің еншімізде. Және уақытын бос, пайдасы жоқ тірлікке емес, уақытын тиімді падалануға, Ыбырай секілді бабаларымыздың қайталанбас ғажап туындыларымен танысып содан үлгі алуымыз керек. Қазақ даласында надандық пен қараңғылықты алғаш рет дүр сілкіп, қатты тойтарыс берген, Ыбырай өз еңбегінің нақты жемісін онша көре де алмай, творчестволық күш-жігері әбден толысқан, кемелденген кезінде, алдағы күніне зор үміт артумен, өзі бастаған ұлы істің өлмейтіндігін айқын сезінумен өмір жолын аяқтады. Бірақ ұлы ағартушының жаққан білім шамшырығы қазақ халқының жүрегінде мәңгілік жарқырап тұра бермек.












































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мәдени мұра» Ұлттық Стратегиялық бағдарламасы – Қазақстандағы білім беруді жетілдірудің негізі, ғылыми журналы №3 2009ж

  2. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» Алматы – 1969ж Ә.Сыдықов

  3. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы 2008ж

  4. «Білім» журналы №1 Алматы 2009ж.

  5. Қазақ әдебиеті 9 сынып “Мектеп” баспасы 2013ж.

  6. «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж,

  7. М.Әуезов «Уақыт және Әдебиет» , Алматы, 1950ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12