Сабақтың тақырыбы : Ыбырай –даланың дара
ұстазы,дана ұстазы.
Сабақтың мақсаты
1)Ыбырай шығармалары арқылы оқушылардың бойына
адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
2)Оқушылардың ғылыми көзқарасын
арттыру.
3)Оқушылардың пікіріне сыйластықпен
қарау.
Сабақтың көрнекілігі :Суреттер, бүктеме қағаздар.
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі
«Ыбырай-даланың дара ұстазы,дана ұстазы» атты сайысымызды ашуға
рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші :
Бүгінгі сайысымызға
қатысушы «Жас қанат»және «Қыран»топтарының басшыларын ортаға
шақырайық.
Жүргізуші:
Әділдікпен баға берер бұл сайысқа,
Әділдікпен қара қылды
жаруға.
Әділқазы алқаларын
сайлайық,
Жеңген топты таңдап бүгін
алуға.
Жүргізуші: Алдымен
екі топтың білімін, шешендік шеберлігін байқап баға беруші
әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Ақбаева Айсұлу
2.Джаналиева Малика
3.Құлмырзаева Клара
Жүргізуші: Ал,
ендеше сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1.Таныстыру.Сайысқа
қатысудағы мақсаты.
2.Ақынның өлеңдерін
мәнерлеп жатқа айту.
3.Еңбекпен табылған дәм
тәтті»деп аталады.Ақынның әнгімелерінен көрініс көрсетеді.
4Біле білген білімді» деп
аталады.Сұрақ-жауап.
5.Бүктеме сайыс.
Жүргізуші: Ал,ендеше
сайысымызды бастайық.Қай топ бірінші бастайтынын анықтап алу үшін
жеребе тастаймыз.
Жүргізуші: Құлақтан
кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Жүргізуші: Кезекті
әнге берейік
Жүргізуші :Ыбырай
Алтынсарин –бар саналы ғұмырын туған халқын өнер білімді,жаңа
заманның өркениетті, мәдениетті елдерініңқатарына қосу жолына
арнаған көрнекті тұлға.
Жүргізуші : Ал
ендігі кезекті таныстыруға берейік.
Жүргізуші: Түн
жарықта ұйқымды ашатұғын
Сүйкімдісің бишілер,
сүйкімдісің
Ән шығарып тамаша жыр
жаздырған
Бәлкім сенің болар-ау сиқыр
күшің.
Жүргізуші : Қазақ
биі.
Жүргізуші:
Оқысаңдар, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегеннің алдынан
Іздемей-ақ табылар.
Жүргізуші:Ақын бір
жағынан жастарды оқу-білімге үндесе,екіншіден өмірдің бар қызығы
байлықта деп ойлайтын надандарға тиістіріп жазады.
Ал, ендігі кезекте ақынның
өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
Жүргізуші: Аса тұрып
ғажайып келбетіңе
Аққудайын асасың
келбетіңе
Ақ сүтінен ананың
айналайын
Сендей баланы әкелген жер
бетіне
Жүргізуші: «Желсіз
түнде жарық ай» әнін тарту етеміз.
Жүргізуші: Еңбекті
сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.Оны
жазушышағын әңгімелерде үгіт,өсиеттүрінде берсе,кей шығармаларында
халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы
бейнелейді
Жүргізуші: Кезекті
көрініске берейік.
Жүргізуші: Бишілер
әдемі ғой ,әдемі
Әдемілік әсемдіктің
әлемі
Көрерменге дос жаранға
қуаныш
Мың бұралған бишілердің
селемі
Жүргізуші :
Алдарыңызда «Қазақ биі»
Жүргізуші: Біле
білген білімді зерек дейміз,
Білімімен ел- жұрттан ерек
дейміз.
Елге қызмет ететін
оқушылар,
Оқу оқып,білім қуған керек
дейміз.
Жүргізуші: Ал,
ендігі кезек «Біле білген білімді»деп аталады.
Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылар,-деп
ендігі кезекті бүктеме сайысқа берейік.
Жүргізуші:
Мен өлеңге сыйғыза алам
Ыбырайды,
Жыр құдайы жоғарыдан
қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне
қазақтың,
Шымырлаған шуақ болып
тарайды.
Өлең- жырдың көктеткен боз
тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап
ақырын.
Қазақ бүгін көтереді
көгіне
Халық үшін қан жылаған
ақынның.
Жүргізуші: Құрметті
бүгінгі кештің қонақтары ақиық ақын Ырырайға арналған сайысымызды
аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.