Материалдар / "Ыдыстар"

"Ыдыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлімі: сөйлеуді дамыту, қазақ тілі; сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру Міндеттері: «Ыдыстар» ойыны арқылы зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту; өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру; түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, түсті таңдау; жұмысты ұқыпты орындау, қауіпсіздік ережелерін сақтау; дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Ыдыстар» ойыны



Бөлімі: сөйлеуді дамыту, қазақ тілі; сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру

Міндеттері: «Ыдыстар» ойыны арқылы зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту; өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру; түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, түсті таңдау; жұмысты ұқыпты орындау, қауіпсіздік ережелерін сақтау; дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу.

Көрнекілігі: сиқырлы қорап, ыдыстардың түрлері, шығармашылық жұмыстарына керекті құрал-жабдықтар

Әдістер: сөздік, саусақ жаттығуы, көрнекілік , тосын сый, АКТ

Барысы:

Сәлемдесу

Ғажайып сәт

  • Қараңдаршы балалар менде тосын сый қорабы бар. Оның бетінде бір жазулар бар екен. Оқып көрейін. Шешуін таппай жұмбақтың аузы ашылмас. Ой, балалар біз мұнда жазылған жұмбақтарды шешсек болғаны, қораптың аузы ашылады екен. Ендеше, мұқият тындаңдар шешуін табуға тырысыңдар.

«Кім тапқыр?» ойыны

Беті дуылдап тұр,
Танауы шуылдап тұр.(Шәйнек)

Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды (қазан)


Басы құдық,

Сабы сырық (ожау)


Сабы бар, Басы шатыр

Табысын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр (қасық)


Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)


Қорап ашылады.

Ішінде шыны, пластмасса, ағаш, қағаз және жезден жасалған ыдыстар болады.

- Бүгін немен танысатынымызды өздерің де түсінген боларсыңдар.
-Ыдыстар туралы білетін боламыз

- Жалпы асхана құралдарына не жатады?
- Қазан, таба, тарелке, шәйнек, қасық, шаңышқы т. б.
- Дұрыс. Ыдыс - аяқтың түрлері өте көп.
Олар өздері:

Тамақ жасауға арналған ыдыстар
Тамақтануға арналған ыдыстар

Тамақты сақтауға арналған ыдыстар болып бөлінеді.


- Қалай ойлайсыңдар тамақ жасауға арналған қандай ыдыстар жатады?
- Қазан, кастрөл, таба.
- Ал тамақтануға қандай ыдыстар жатады?
- Тәрелке, кесе, қасық, шаңышқы, табақ т. б.
- Тамақты қандай ыдыстарға сақтайды?
- Банкі, контейнер сауыты, бөшке т. б.
Балалар, ыдыс - аяқтар қандай заттардан жасалады деп ойлайсыңдар?
- Шыны, темір, құм, фарфор, метал, пластмассадан, ағаштан т. б.
- Дұрыс айтасыңдар.
Педагог шыныаяқ және кесенің шай ішуге арналғандығын, оның су немесе шай құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді.
- Шыныаяқ пен кесенің айырмашылығы қандай?
- Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар?
- Тағы қандай ыдыстарды білесіңдер?
- Қант, тосап салынған ыдыс неден жасалған деп ойлайсыңдар?
- Осы аталған заттарды бір сөзбен қалай айтуға болады?

-Ыдыстар
- Жарайсыңдар, балалар, бұл ыдыстар шай ішуге арналған ыдыстар екен.
- Дұрыс айтасыңдар, енді балабақшада тамақ ішетін ыдыстарды есімізге түсірейікші. Тамақ ішкенде тағы қандай ыдыстарды пайдаланатын едік?
- Тәрелкелер не үшін керек?
- Сорпаны қандай тәрелкемен ішер едіңдер?
- Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл ыдыстарды көбінесе түскі, кешкі ас ішкенде пайдаланады екенбіз.
- Ал ыдыс - аяқты пайдаланғаннан кейін не істеу керек?

-Тазалап, жуып, кептіріп қою керек.

Балаларды ұлттық ыдыстармен таныстыру.

Бұл жерде ұлттық ыдыстар бейнелеген. Ертеде, адамдар топырақты, құмды пайдаланып кесе, құмыра жасаған. Содан кейін ағашты өңдеп, өрнектеп тостаған ағаш, қасық, тегене, шөген, аққұман жасаған. Осы ыдыстарды күнделікті тұрмыста қолданған
Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.

Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.

Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.

Торсық- айран, қымыз, шұбат құятын, теріден жасалған ыдыс
Тыныс алу жаттығуы

Қолға кесе аламыз
Кесеге шай құямыз.
Шәй ыстық фу-фу деп үрлейміз.
Шәйден барлығымыз ішейік (2-3 рет)

Артикуляциялық жаттығу: «Кесе»

Жаттығудың орындалу тәсілі: ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек, 10-15 сек. ұстап тұру керек.

«Ыдыстар» бейне-ролик көрсету

Саусақ жаттығуы

«Добым, добым домалақ»

Добым, добым домалақ, Саусақтарды доп секілді домалатып, біріктіру

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстің бүлдірдің, Ұрысқан кейіп келтіріп, саусақ ұшын сермеу

Тәрелкені сындырдың. Сол алақанға оң алақанды қырынан қою

Тентек болып кеттің деп, Сұқ саусақты нұсқау

Тұрмын сені тепкім кеп.

Шеберхана

  • Балалар бүгін біз осы танысқан ыдыстарымызды шеберханаға барып жасап көргілерің келе ме?

Сурет салу. Дайын торсықты бояйды. Ыдыстардың суретін салады.

Банканың сыртына сурет салып бояйды, құмыра жасайды

Мүсіндеу. Саз балшықтан, ермексаздан ыдыстарды мүсіндейді.

Құрастыру. Киндер жұмыртқасынан ыдыстарды жасайды.

Жапсыру. Ыдыстарды қағаздан қиып, жапсырады.

Қорытындылау












ЖИ арқылы жасау
28 Қаңтар 2025
149
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі