жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ыдыстар әлемі
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Ыдыстар әлемі»
Мақсаты:
Ыдыстардың әртүрлі материалдардан жасалатыны туралы түсініктерін кеңейту; сапасымен таныстыру; ыдыстардың тікелей пайдасы мен қажеттілігі туралы білімдерін кеңейту..
Ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Әдіс- тәсілдер: жұмбақ, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: сурет салу, жапсыру, музыка, көркем әдебиет, құрастыру.т.б
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, ыдыс-аяқтар, дид/қ ойындар материалдары
Билингвалды компонент: ыдыс-посуда
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. /2 мин/ Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақанымыз арқылы жылу беріп, жақсы тілектер айтып, амандасып алайық. Армысың, қайырымды Аспан ата! Армысың, шұғылалы Алтын күн! Армысың, мейірімді Жер ана! Армысың, сүйікті балабақша! Армысыздар, апайлар! Армысыңдар, достарым!
Топқа бөлу. /1 мин/ «Қасық» тобы, «Кесе» тобы, «Кастрөл» |
Шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады.
Ұнатқан суреттерін алып, урет бойынша топқа бөлінеді. |
Ұйымдастыру-шылық, Ізденістік |
Жұмбақ шешеміз. /3 мин/ Иығында
құлағы
Отқа
қойсаң елпілдеп Сабы
бар,
Өткір
жүзді келеді Кесе, шыны, пиала Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді Бәрінің атын не дейді? (ыдыстар) Суретпен жұмыс. /2 мин/ Интерактивтік тақтадағы ыдыстардың түрлерімен танысады. «Ыдыстар әлеміне саяхат» /2 мин/
Ыдыстардың не үшін керектігін, неден жасалғанын, ыдыстарды таза, ұқыпты ұстау қажет екенін, уақытында жуып, сүртіп отыру керек екенін айтамын Ас ішкенде таза, ұқыпты болу керек. «Дастарқан әзірлеп үйренейік». Машық жұмысы. /3 мин/ Балаларға ыдыстардың атын атата отырып, дастарқан әзірлету. Ол ыдыстарға қандай тағам салатындығын айтқызу. «Есіңе сақта!» Пышақ – қауіпті. Жүзі - өткір, ұшы – үшкір. Балаларға пышақ ұстауға болмайды. «Жұбын тап!» ойыны /1 мин/
Шәйға → қант
Саңырауқұлақ → себет
Шырынды → стақанға «Сергіту сәті» «Шөжелер биі» /1 мин/ «Не жасырыланын тап» ойыны Тақтада ыдыстардың бірнеше суреттері болады. Мұқият қарап алуларын өтінемін. Көздерін жұмып, 1-2 ыдысты алып тастаймын. Балалар не жасырылғанын табады. /1 мин/
«Топпен жұмыс» /6 мин/ «Қасық» тобына тапсырма: «Қасықтың суретін боя» «Кастрөл» тобыны тапсырма: «Артық затты тап!» ойыны «Шәйнек» тобына тапсырма: «Суретті құрастыр» |
Жұмбақ шешеді, суретін тамашалап, не үшін қажеткенін айтады.
Суретті тамашалайды, ыдыстардың түрлерімен танысады.
Ыдыстарды ұстап көріп, салыстырады, пішінін, түсін айтады.
Дастарқан әзірлеп үйренеді.
Пышақтың қауіпті екенін ұғады. Ойын ойнайды
Өлең ырғағымен билейді.
Ойын ойнайды.
Тыйым сөздер айтады.
Суретті бояйды Ойын ойнайды Суретті құрастырып, ақ қағазға жапсырады. |
Рефлексивті- түзетушілік |
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорыту: /2 мин/
Балаларды мадақтау. Сендер бүгін өте ақылды, тәртіпті, үлгілі бала болдыңдар. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. /Балаларға смайликтер тарату/ Орнымыздан тұрайық Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық. |
Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жолдарын бірге айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ыдыстардың әртүрлі материалдардан жасалатынын
Нені игереді:: ыдыстардың әртүрлі тағамдарға арналатынын
Нені біледі: ыдыстардың пайдасы мен қажеттілігін және оны күтіп ұстауды.
Тәрбиеші: Сатыбалдиева Г

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген