400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ыдыстар», «С» дыбысын қою.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ыдыстар түрлерімен таныстыру. Демонстрационды суреттерді атап, оларды не үшін пайдаланатынымыз туралы қысқаша айту. Балалардың ыдыс туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді_________

_________

Мұғалім-логопед: Нарымбетова Ж.Е.

Күні: 08.02.-12.02.2021ж.ж.

Сабақтың тақырыбы: «Ыдыстар», «С» дыбысын қою.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Балаларды ыдыстар түрлерімен

таныстыру. Демонстрационды суреттерді атап,

оларды не үшін пайдаланатынымыз туралы

қысқаша айту. Балалардың ыдыс туралы білімдерін

одан әрі жетілдіру.

2. Түзете-дамытушылық: «С» дыбысынан келетін

ыдыстарды атау. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

С дыбысын буында, сөзде, сөйлемде айту. Сөздік

қорларын одан әрі арттыру;

3. Тәрбиелік: Ыдыстарды таза ұстауға баулу.

Сонымен қатар ыдыстар тұрған сөрелерді жиі

тазалап тұру.

Әдіс-тәсілдері: Сөжеттік-рөлдік ойын ойнау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, педагог пен баланың іс-әрекеті, бақылау, мадақтап отыру.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі суреттер, дидактикалық құралдар, артикуляциялық жаттығулар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Жұмыс түрі: Аралас жұмыс (жеке және топтық).


Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалармен амандасу;

  • Сұрақ-жауап арқылы сабаққа ынталандыру;

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

  • Сабаққа назарын аудару;

  • Ауызекі сөйлесу;

Артикуляциялық жаттығулар: «Кесе», «Тәтті тосап», «Күрекше», «Тіс тазалау», «Сағат», «Ат шауып келеді».

Тыныспен жұмыс: Тыныс алу жаттығуларын орындау

  1. Жеңіл заттарды бір тыныста үрлеу;

  2. Құстар ұшады. Терең тыныс ала отырып үрлеу;


II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақ бойынша тақырыптарды қайталау.

Сұрақ-жауап арқылы қайталау.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Қыста қандай киім киеміз?

III. Жаңа сабақ: Балалар біз бүгін сендермен ыдыстар түрлерімен танысамыз. Ыдыс-аяқ - тағам дайындау, прима және сақтау үшін пайдаланылатын тұрмыстық заттардың жалпы атауы. Барлық тағамдарды бірнеше санатқа бөлуге болады:

Ыдыс: пластиналар, табақтар, табақтар, ыдыс-аяқ, салат сауыттары, шыныаяқтар, үйірмелер, тостаған, кесе, стакан, шарап көзілдірік, атып көзілдірік, табақшалар, қақпақтары; 
Пісіруге арналған өнімдер: кәстрөлдер, қуырғыш табалар, кастрюльдер, шу; 
Тамақты сақтауға арналған кемелер;

  1. Басы домалақ , сабы сызық. (ожау)

  2. Өзімен біз шәй ішеміз, ұзын түтігі бар. (шәйнек)

  3. Шәйнекпен оған шәй құямыз, өзі домалақ пішінді. (кесе)

  4. Сорпа, ас ішкенде керек зат? (тарелка)

5.Басы өткір, сабы сызық? (пышақ)



IV. Дауыс ырғағыменен тақпақ айтамыз (трек сызбаға қарап).

  1. Жуан – аю сияқты

2) жіңішке – түлкі сияқты

3) баяу –

Қақпағы бар, басы жоқ

Аузы бар тісі жоқ

Бізді шайға тойдырады

Шәйнек деген кіші зат



Қолға кесе аламыз

Кесеге шай құямыз

Шай ыстық фу, фу, фу-деп үрлейміз

Шайдан барлығымыз ішейік.



Жаңылтпаш айтамыз. (буклеттегі суреттер арқылы)

Шеше-шеше, неше кесе сынды кеше?

  1. Дидактикалық ойын.

  1. Кесе қандай жұмсақ па, қатты ма?

  2. Пішін домалақ па, төрт бұрышпа?

  3. Түстері әртүрлі болама?

  4. Кесеге немен құяды шайды шәйнекпен бе, кастрюльмен бе?

Дыбыспен жұмыс: «С» дыбысын қою.

« С» дыбысын дұрыс айт, анық айт.

Са – со – су – сы

Со – су – са - сы

Сұ – со – са – сы



Аса асы Усу осы

Осо асу Ысы ұсы

«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Ма .................са тол ..................са

Ала ................са айт ...................са

Бол ................са Қайт ................са



«Сы» буынын қосып сөзді аяқта.

Дыб .............ыс ту...............ыс

Айт ...............ыс қу..............ыс

Жар ................ыс ал ..............ыс

V. Жаңылтпаш жаттау

1. Асан массаж жасар,

Массаж жасап шаршар.

2. Биыл жазда маса аз,

Маса азда,

Маза аз.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Ыдыс деген не

-Ыдыстар неден жасалады?

-Тамақтану үшін ыдыс керек пе?

-«Ыдыс» сөзінде «С» дыбысы қайда кездеседі?


VII. Үйге тапсырма:

Мына сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.

С + ай = сай

С + ана = сана

С + ұлу = сұлу

С + ара = Сара

Қарамен белгіленген сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.

ҚЫМБАТ -1, ЖАБЫН - 1, ТОҚТЫ -1, ҚАТЫҚ- 3, ЖУАН- 4, ТАРЫ - 1

АЛАТАУ, АУДАН – сөздердің ішінен қарамен жазылған буынмен, дыбысты алып сөздің басына С дыбысын қойып оқы.

Мадақтау!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі