жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Уфа қаласында "Ғалия" медресесінде білім алған Қарабалин Ғабдолкәрім
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
УФА ҚАЛАСЫНДА « ҒАЛИЯ » МЕДРЕСЕСІНДЕ ОҚЫҒАН
ҚАРАБАЛИН ҒАБДОЛКӘРІМ
Ғылыми зерттеу жұмысының авторы:
Сисенова Динара Мамутбекқызы
«Тарих» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
Батыс Қазақстан инновациялық –
технологиялық университетінің профессоры
Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы
Орал – 2019 жыл
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................................................................................
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
.........................................................................
1.1 Қарабалин Ғабдолкәрімнің өмірдерегі
1.2 Карабалин Ғабдолкәрімнің 1925 – 1937 жылдар аралығындағы атқарған қызметі
1.3 Алаш ардақтысы - мәңгі ел есінде
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................
ҚОСЫМША....................................................................................
Т Ү Й І Н
Уфа қаласы, « Ғалия » медресесі, Зия Камали, « Ғалия » медресесінде оқыған Алаш зиялылары, Ақпан революциясы,Қарабалиннің ұрпақтары.
К І Р І С П Е
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Алаш тарихына байланысты сонымен қатар халықтың көзі ашық оқыған адамдары қызыл империяның құрбаны болды. Сондай жазықсыз жазаланған жанның бірі – Қарабалин Ғабдолкәрім еді. Менің ғылыми жобамда Ғабдолкәрім Қарабалиннің өмірдеректеріне байланысты материалдарды зерттедім. Оған негіз болған Ғабдолкәрімнің ұлы Сабырдың жетекшіме жазған хаты мен кітаптағы сілтеме әсер етті.
Ғылыми жобаның мақсаты: Еліміз егемендік алғаннан бері халқымыздың өткен тарихын зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде Алаш тарихын зерттеу жан – жақты қолға алынуда. Менің ғылыми жобам ел жадынан тыс қалған, егемендік үшін атсалысқан Қарабалин Ғабдолкәрімді жас ұрпаққа насихаттау. Ол туралы мәліметтерді ұсыну.
Елбасы « Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласында: « Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.» деп өткен тарихымызды зерттеп, зерделеуді жастарымызға аманат еткен болатын. [1]
Тәуелсіздік
жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге
қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды.
Еліміздің тарихи жылнамасындағы
ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге
жол ашқан « Мәдени мұра » бағдарламасы
табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың
өмірі мен олардың ғажап өркениеті
жөніндегі көптеген деректі құжаттар,
әлі де болса ғылыми айналымға түскен
жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде
өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп
жатыр. Алдағы уақытта Алаш тарихын, оның
қайраткерлерінің тағдарын ұрпаққа
таныту мақсатында ғылыми зерттеу
жұмыстары толыққанды жүзеге асырылады
деген үміттеміз.
Кешегі бір «Коммунизм» деп аталатын,
әмбебап, әділетті қоғам орнату жолында
мойнына орасан зор міндет арқалаған
Кеңестік дәуір кезінде адам тағдыры
аяққа тапталып, талайлардың тарих
қойнауынан із - тұзсыз жоғалып кеткені
барлығымызға аян. Сонау қиын қыстау
кезеңде көптеген қазақ зиялылары мен
беделді тұлғалары «Халық жауы» деп
танылып , қуғынға ұшырап, жер аударылып,
кейбіреулері өлім жазасына кесіліп
қатаң тағдырды басынан кешті. Бұл
Кеңестік идеологияның қазақ елінің
тарихында қалдырған қайғылы да қасіретті
кезеңі болды.
Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын асқақтатқан арыстарымыздың үлесі орасан екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп, тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхановтан басталып, Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардың ерен еңбегімен жалғасты. Тарихқа тағзым, өткенге құрмет – елге, жерге, отанға деген құрмет болып табылады. Алаштың асыл аманатын бізге тарихи – мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ қазақы қалпымызда сақтап, қасиеттеуге бастап кеткен де осы Алаш арыстары болатын. Олардан қалған сара жол бүгінде киелі Қазақстанның қастерлі бір бөлшегі болып табылады.[2]
Соған қарамастан өз елінің қамын ойлаған, халқының болашағы үшін күрескен, кейіннен саяси қуғын - сүргінге ұшырап, тағдыр тәлкегіне түскен Алаш қайраткерлерінің бірі – Қарабалин Ғабдолкәрім.
Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
1.1 ҚАРАБАЛИН ҒАБДОЛКӘРІМНІҢ ӨМІРДЕРЕГІ МЕН ОҚЫҒАН КЕЗЕҢДЕРІ
Қарабалин Ғабдолкәрім Батыс Қазақстан облысының Қызылқоға ауданының Қарабау деген жерінде 1891 жылы дүниеге келген. Оның әкесі - Есенұлы Қарабала. Ғабдолкәрім Қарабалаұлы әкесінің үшінші ұлы. Ғабдолкәрім жастайынан жоқшылық көрмей еркін өскен. Жастайынан оқу, өнерге бейім болған. Оның әкесі Қарабала елге беделді, ауқатты адамдардың бірі болған. Көкірегі ояу, көзі ашық, кез-келген адаммен тіл табысып, еркін сөйлесетін жайдары жарқын мінезді адам еді. Сондықтан Ғабдолкәрімнің зейінді бала екені алғашқы кезден білінді. Әкесі Қарабала әдісімен діни молдалардан сабақ алғызған. Кейіннен Қарғалыдағы екі жылдық орыс – қазақ мектебінде Ғабдолкәрімді оқытқан. Осыдан кейін ол білімін Орынбор қаласында жалғастырған.
Ғабдолкәрім 1916-1918 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түскен.Бұл медресседе діни сабақтармен қатар математика, физика, химия, тарих және бірнеше тілдерден жан- жақты білім алған. Ол әртүрлі қалаларда оқи жүре орыс тілін біршама меңгерген алған. Сонымен қатар білімге сусындап, оқу іздеп келген заманының алдыңғы қатарлы жастарымен Ғабдолкәрім таныс болып, олармен тығыз байланыс жасаған. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты қалаларда болып жатқан саяси ахуалдарға қатысып, әртүрлі ұлт өкілдерімен араласып, пікір алмасып, өз бойына рухани мол іс – тәжірибе жинақтайды.
Оқу жылдарында Ғабдолкәрімнің саяси көзқарасы шыңдалып, оның рухани, саяси өсуіне, халқына шексіз қызмет етуге деген құштарлығы артады.
Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесі 1872 жылы ашылған болатын. Оның ұйымдастырушысы әрі директоры – түркі зиялысы Зия Камали еді . Сол кезде «Ғалия» медресесінде 500-ден астам шәкірттер оқып білім алған.
Медреседе Ғабдолкәріммен қатар Алаш зиялылары Мәннан Тұрғанбаев, Мәншүктің әкесі Ахмет Мәметов секілді айтулы тұлғалар қатар оқыған.
Ғабдолкәрім 1917 жылғы Ақпан революциясын өзге зиялы қауым өкілдері сияқты, аса зор қуанышпен қарсы алды. Ол қазақ халқының болашағы саяси күреске түскен Алаш зиялыларымен бірге қызметтес болып, олардың идеяларын жақтады. Алаш қайраткерлерімен бірге елдегі саяси күрес науқанына қатысып, бірге қызметтес болды.
Ол 1918-1920 жылдары Қызылқоға ауданы Қарабау, Қаракөл, Кермақас, Қоғам, Тасшағыл деген жерлерінде ұстаздық еткен. Қазақ тілі, тарих, жағырапия пәндерінен дәріс берген. Ғабдолкәрімнің мінезі жұмсақ ,білімді, мәдениетті ұстанымы халыққа жағымды қызмет етуге мол мүмкіндіктер берді. Жас жігіт халықтың сауатын ашуда құлшына еңбек етті. Ол мектептегі жұмысымен қатар, ересектерді сауаттандыру үшін қызыл отау, қызыл бұрыш, ересектер курсы, оқу үйлері, «Қосшы одағы» және көптеген мәдени шараларға белсене араласты. Сөйтіп, ол 1924 жылы кәсіпшілер одағына мүше болады және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасады.
«Қарабалин Ғабдолкәрім ұзын бойлы, ажарлы кісі болған. Сол кездегі зиялылар секілді ол Сәкен Сейфуллинге еліктеп кербез киініп, сұлу ат мініп, сәнді тұрмыс ұстау ниетінде, мәдениетті киіне білген . Зиялы қауым өкілі ретінде ол білімділігімен қатар қайырымды, бауырмал, ұстамды, кішіпейіл бола білген . Жас кезінен бастап, ағайындарының, таныстарының жүрегінде тек жағымды қылығымен есте қалған.» деп оның ұлы Сабыр Ғабдолкәрімұлы еске алады.[3]
1.2 ҒАБДОЛКӘРІМНІҢ 1925 – 1937 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
Ғабдолкәрім Қарабалиннің кеңестік дәуірдегі қызметі оқу - ағарту саласына бағытталды. Ол 1925 жылдан сауат ашу мектептерінде қызмет істей жүре Алаш зиялыларымен өзінің байланысын үзбеген. Қазақ халқын сауаттандыру мақсатындағы игілікті істерін жүзеге асыру барысында кеңестік ұстанымдарын басшылыққа алған. Дейтұрғанмен, Ғабдолкәрімнің әкесінің ауқатты болғандығы оның Алаш зиялыларымен қатар оқығандығы НКВД - ның үкімет мүшелерінің назарынан тыс қалмайды.
1937 жылы ол мектептен аластатылып, біраз мезгіл бос жүрген . Оның үйіне өзі жоқта УНКВД қызметкерлері келіп үйін тінтіп, күдікті ештеңе таба алмай, бірақ «келген бойда ауданға жетсін» деп хабар салып кетеді . Үйіне келген Ғабдолкәрім тез жиналып, мектептен келген , үлкен қызы - Үмітке және інісі Сүлейменге қысқаша мән-жайды айтып, олармен қоштасып шақырған аудан орталығына жүріп кетеді. Бұл 1937 жылдың 22 желтоқсаны болатын. Бұл естеліктер Қарабалин Ғабдолкәрімнің ұлының жазбаларынан алынды. [4]
Қарабалин Ғабдолкәрім облысқа келген бойда оны НКВД тұтқындап, Калмыкова түрмесіне қамалған (ол кезде Қызылқоға ауданы Батыс Қазақстан облысының құрамында болатын, Калмыкова аудан орталығы еді . Авт) . Сол жылы оның туған ағасы Есенов Қабдырахман Қарабалаұлыда ұсталған . Ол 1938 жылы Свердловск қаласының түрмесінде қаза болған. Ол кісі аңғал, біріңғай таза интеллегент еді- деп есептейді.[5]
Көп ұзамай Қарабалин Ғабдолкәрімді этаппен Орал қаласына жеткізген . Әуелі оған үштіктің шешімімен 10 жыл еңбек түзету лагеріне жіберілуге кесілсе, кейін кенеттен бұл шешім қайта қаралып, оған ең жоғарғы жаза - атуға және дүние - мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарылған. Оған тағылған айып, Орынбор, Уфа қалаларында діни мектептерде оқығаны, әкесінің мешіт ұстаған молда болғаны үшін, діни, буржуазиялық, ұлтшылдық, үгіт тараттың, Қазақстанды КСРО - дан бөліп алып, Қытайдың көмегімен ескі байлық құрылысты орнатуға астыртын жұмыстандың деген айып тағылған.
Қарабалин Ғабдолкәрімге ату жазасы 1938 жылы 19-шы ақпан күні Орал қаласында орындалған .[6]
Қарабалин Ғабдолкәрімнің қудалануына себепші болған Ғұмар Мұхамедрахимов, Әбу Далбанов деген адамдардың арыз-шағымдары және Қажығали Женетов инспекторлық тексерісінің қорытындысы негізінде жүзеге асқан. Ол жөнінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих ғылымдарының докторы Хисмет Табылдиев ағамыз өзінің еңбегінде мынандай мәліметтер береді: «Ғабдолкәрім Қарабалиннің сабағына қатынасқан, аудандық оқу инспекторы, партия мүшесі, Қажығали Женетов «Архитектура саласының дамуы» деген тақырыпты түсіндірген кезде, Ғабдолкәрім мешіт пен шіркеудің құрылысынан сабақ үстінде мысалдар келтіріп, жас ұрпақтарға коммунистік тағлым берудің орнына діни бағытқа назар аударды», - деп сынап, оған жала жабады .[7] Осындай қате, тайыз түсініктегі адамдар кезінде көзі ашық, оқыған адамдарды халықтың ортасынан аластатып, оның отбасын ойрандағаны тарихта белгілі.
1.3 АЛАШ АРДАҚТЫСЫ - МӘҢГІ ЕЛ ЕСІНДЕ
Ең өкініштісі бұл тек бір отбасының зобалаңы емес. Ғабдолкәрімнің әйелі Қадишаның айтуынша: «тек өзі білетін Тайпақ ауданынан сол жылдары 25 оқытушы тұтқындалады. Ол адамдар жөнінде сол кезде анамыз олардың есімдерін айтып отыратын , солардың ішінде менің есімде қалғаны аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Ноғаев Құсайын мен орыс тілінің оқытушысы Анайысов Сисеннің есімдері ғана қалған»-, деп Ғабдолкәрімнің баласы Сабыр еске алады.[8] Олар да елге оралмаған.
Ғабдолкәрімнің баласы Сабырдың айтуынша 1939 жылы Тайпақ ауданының Мәулімберлі деген жерге ағайындарының қасына олар көшіп келеді, малының жартысын салып , « Чапаев » атындағы колхозға мүше болып кірген. Карабалиндер әулетінің басына түскен зобалаң сол кездегі тоталитаризм құрсауындағы үкімет жүргізген солақай саясаттың, дәлірек айтқанда қылышынан қан тамған қызыл озбырлықтың тікелей нәтижесі десек, бұл саясат жасанды тап күресін қоздыру, онсызда рухани деңгейі төмен қалың бұқараны дінге қарсы қою, сауатсыз, белсенділерді «сен кедейсің, заман сенікі» деп еліктіріп, байларға, ел жақсыларына айдап салған. Халық жауаларына қарсы революциялық қырағылықты күшейту, сын мен өзара сынды дамыту деген секілді қағидаларды желеу етіп адамдарды бір - біріне қарсы қою, ағайын арасына, әке мен бала арасына сенімсіздік туғызу арқылы іске асып отырған. Осының салдарынан «домалақ арыз» жаңбырдан кейінгі шөптей қаулап кеткені жөнінде мәліметтер көптеген басылымдарда жазылды. Соның бірі «Үш қиян» газетінде толықтай басылған.[9]
Соғыс жылдарында Ғабдолкәрімнің әйелі - Қадиша шиеттей төрт баламен (Үміт, Мүгілсін, Сабыр,Ғалымжан) көп ауыртпашылықты басынан кешіреді. Әкесі сотталған кезде Қадишаның балаларының үлкені он үште, кішісі әлі жасқа да толмаған еді. Қадишаға «халық жауының» балаларын асырап бағу, білім беру оңайға түспеді .
Ғабдолкәрімнің әйелі Қадиша 1944 жылы қоныс аударып, «Киров» атындағы колхозға, Кәрішеген, Аққұдық деген мекенге көшіп келеді. Бұл жақта да ағайындары болған . Бұл елде біраз тұрып, соғыс ауыртпашылығын бастан өткеріп , жеңісті осы арада қарсы алады, көп жылдар сауыншы болып еңбек етті. Содан кейін 1951 жылдың күзінде Ғабдолкәрім Қарабалиннің отбасы Атырау облысы Жылыой ауданы, Қосшағыл кентіне көшіп келіп қоныс аударады. Осылайша қасиетті Жылыой топырағы Қарабалиндер әулетінің тұрақты, құтты мекені айналады.
Қарабалин Ғабдолкәрім 09.06.1989 жылы үкімет қаулысымен толықтай ақталады. [10] Содан кейін оның балалары ол туралы газет беттерінде жариялаған мақалаларды оқып, әкесі жайлы көптеген мағлұматтарды алған.
Қарабалин Ғабдолкәрім Отан үшін жанын пида қылып, ел басына зобалаң күн түскенде тағдыры тәлкек болып, әділетсіздіктің құрбаны болды. Халқына қалтқысыз қызмет етіп ел абыройына кенелген адам. Бұл тұлға жөнінде әліде болашақта зерттеуді қажет етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық тарихымыздың жарқын беттері саналатын Алашорда ұлттық үкіметі мен Алаш зиялылыларының алатын орны ерекше. Өшкенімізді жағып, жоғалғанымызды тауып, ұмытқынымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп жатқан жаңару кезеңдерінде кешегі күні тіпті есімдерін еске алуға болмайтын Алаштың арыстары ортамызға оралып отыр. Қанша бабаларымыз бостандық жолында, күреске шығып «Ұлтшыл, халық жауы» атанды. Бостандықты аңсаған ата – бабаларымыз «Алаш» деп бар қазаққа ұран тастады. Сол тайғанақты тар жол, тайғақ кешуде өз өмірлерін, қасиетті жолда құрбандыққа шалды. [11]
Тарихты халық жасайды деседі. Тарихты жасасып, тарихта қалу екінін бірінің пешенесіне жазылмаған.
XX ғасырдың басындағы ұлтымыздың алыптарының қазақ әлемінің шоқ жұлдызындардай жарқырап шығуы - елдегі қоғамдық - саяси, әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты болатын. Алаш қайраткерлерінің көксеген армандары тәуелсіз мемлекет құру болса, бұл ойлары ғасыр басында бой көтерсе, ғасырдың аяғында орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Алаш қайраткерлерінің есімдерін халқы естіп, танып, олардың өмірдеректерін, атқарған қызметтерін, шығарған еңбектерін тарихи айналымға түсіріп, жас ұрпаққа таныту ісі қолға алынып жатыр .
Есімі ұлт тарихында сақталған ұлы тұлғалардың бірі Қарабалин Ғабдолкәрім болатын. Ғабдолкәрім Алаш зиялыларымен бірге қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздестіруге өз үлесін қосты. Алаш зиялылары қазақ халқының ұлттық тарихында ойып тұрып орын алмақ.
Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп өткен жол, олардың күресі, қаламгерлеріміздің жүрегі мен ақылынан туған көркем ой – тәуелсіз мемлекет құрған, егемен ел болған қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де тағылым болуға тиісті. Алаш зиялыларының азаттық үшін алысқан күндерінің салмағы мен бағасын ұғынған сайын біз бүгінгі тәуелсіздігіміздің мәнін сезініп, баянды болашағымыз үшін әрекет істеуге дайын бола бермекпіз. Бұл ең алдымен өскелең ұрпағымыз үшін, қазақ елінің өміршеңдігі үшін аса қажетті һәм міндетті қасиетті қадам болмақ. Алаш зиялыларын болашақ ұрпаққа насихаттау біздің міндетіміз. « Ер есімі – ел есінде », - демекші қазақ халқының есінде Алаш қайраткерлерінің есімдері мәңгіге сақталып қалғаны еліміздің тарихында елеулі оқиға десек артық айтпаған болармыз.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы туған елдің тарихына, оның тарихтан ойып орын алатын тұлғаларын халыққа таныту жөніндегі ұсыныстары тарихымызға деген үлкен бетбұрыстың бастауы деп білеміз. Сондықтан өткен тарихымызды екшелеп, болашаққа бағдар ұстауымыз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Н .Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақала
Астана, 22.11.2018 ж.
Д.Сүлейменова Ж.Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы.
Алматы, 2018 ж.
Сабыр Ғабдолкәрім Атадан аманат. Ақтөбе, 2008 ж.
Естелік. Атырау обл. Құлсары қаласы.
Тарихи өлкетану мұражайы. 2000 ж.
БҚО. ҚКД архив. Іс. № 2368
БҚО.ҚКД архив Іс.№ П – 2763 , 5-6-36-37 п.
Х.Табылдиев Ғ.Нығмет «Ақтаңдақтар ақиқаты» Алматы,1999 ж .
// Көкжиек газеті, Атырау, 20.09.2002 ж.
// Үш қиян газеті, Атырау 11.06. 2007 ж.
//Атамекен газеті, Алматы 23.11.2001 ж.
Д.Сүлейменова, Алаш қозғалысы және Ж.Досмұхамедов.
Орал, 2010
МЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАМ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛГЕН ҚОСЫМШАЛАР: ҒАБДОЛКӘРІМ КАРАБАЛИННІҢ ҰРПАҚТАРЫ ТУРАЛЫ.
Әйелі Қадиша Мұхамедиярқызы. Қарабалин Ғабдолкәрім (1891-1938)
Ысық сейтек руынан шыққан
1981 жылы тамыздың 8 - де 86 жасында көз жұмды.
Үлкен қызы Үміт Сабыр Ғабдолкәрім
1924 жылы туған
Ғабдолкәрімнің кенже ұлы Ғалымжан Ғабдолкәрімнің қызы Мүгілсін
(1937 – 1999) (1928 – 2003)
Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесі
1916 жылы Ахмет Байтұрсыновтың Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінің 32 шәкіртімен бірге түскен суреті. Соңғы, төртінші қатардағы оңнан солға, солдан оңға санағандағы жетінші адам-Ғабдолкәрім Қарабалин .Үшінші қатарда Ахаңның желке тұсында тұрған кісі-Мәннан Тұрғанбаев, «Қазақ тілі» газетінің (Семей) алғашқы редакторы , журналист , педогог . Мәннанның сол жағында тұрған Абзал Жиенғалиев, Семей педтехникумының директоры болған, оның сол жағындағы екеу-Қайса Тоқтарбеков пен Абылғазы Иманов. Алдыңғы қатарда басына тақия киіп, саусақтарын жайып кілемнің үстінде бірінші отырған (оңнан солға санағанда)Ахмет Мәметов – дәрігер, ақын, Мәншүк Мәметованың әкесі.
Екінші қатарда сол жақта бірінші отырған, мұртты кісі - Қайролла Ибрагимов, Ленин орденді, Республикаға еңбегі сіңген мұғалім. Суретті 50 жыл сақтап, Семейдегі Абайдың әдеби - мемориалдық мұражайына тапсырған осы кісінің зайыбы – Мағрипа.
Бұл суреттегі аты - жөні белгілі 9 адамның Қ.Ибрагимовтен басқалары -репрессия құрбандары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген