Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары және төлдері»
Сабақтың мақсаты: Балаға үй жануарлары туралы түсінік
беру.
Олардың адам баласына тигізер
пайдасын айтып
жеткізе білуге
үйрету.
Түзету мақсаты
: Түрлі тапсырмалар арқылы есте
сақтау,
қабілетін
дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
- Баламен
амандасу.
- Көңіл- күйін
сұрау.
ІІ Жаңа
сабақ
Жансая бүгін біздің сабағымыз
ерекше сабақ.
- Қарашы Жансая мынау
не?
- Сиқырлы
кілемше.
Ал , сиқырлы кілемшеде не бар
екенін көрейікші. Ол үшін алдымен кілемшедегі түстерді атап, содан
кейін аяқпен басып, естіген дыбыстардың ненің дыбыстары екенін
тауып айтуымыз керек.
- Жансая дыбыстарды есту
арқылы қандай жануарларды таптық?
- Бұл жануарларды бір сөзбен
қалай атаймыз?
- Үй
жануарлары.
- Жарайсың
Жансая!
Олай болса бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары және төлдері». Қазір біздер үй
жануарларына байланысты бірнеше қызықты тапсырмалар
орындаймыз.
Тапсырманы орындауға дайынсың
ба? Әр тапсырманы жақсы орындасан мен сені жұлдызшамен
бағалаймын.
1-тапсырма «Төлдерін
тап»
Шарты: Бала үстелдің үстінде жатқан суреттерді мұқият қарап, үй
жануарларының төлдерін тауып, тақтаға
жапсырады.
2 – тапсырма
Аппликациямен жұмыс.
Табиғи өнімнен алынған мақтаны
пайдалана отырып, қой бейнесіне желім арқылы мақтаны
жапсыру
3-
тапсырма «Көлеңкесін тап»
Шарты:
Үй
жануарларының көлеңкесін тауып, сызық арқылы
қосу.
III.
Қорытынды: