Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану

Күні: 15.02.17

Сыныбы: 3 класс


Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ылғал сүйгіш су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін өй өрісін, қызығушылығын ояту, топпен жұмыс істеуге қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі мен құрал – жабдықтары: Жұмбақтар, өсімдік рөлі,
беде, бақбақ, қоңырбас, жантақ, сексеуіл, сүттіген, жүзгін ағаш суреттері
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс
әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару
1. Оқушыларды топқа бөлу
І топ. Ылғал сүйгіш өсімдіктер
ІІ топ. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

ІІ. Психологиялық дайындық
Оқушылармен дайындық жұмысын жүргізу.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Бүгінгі алғаң бағаң
Кілең бестік болсын!

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Суретпен жұмыс
а/ 117 беттегі суретке ат қойып, әңгімеле жазып келу.
Сұрақтар:
1. Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қандай жағдайлар қажет?
2. Суреттегі тірі табиғаттарды ата?
3. Суреттегі өлі табиғаттарды ата?
4. Кез келген өсімдік қайда тіршілік етеді?
У. Жаңа сабақ
Ой қозғау
« Сиқырлы ағаш» ойыны
Жұмбақтар шешу.
І топ: Бидай, Жүзім, Шабдалы
ІІ топ: Күнбағыс, Жаңғақ, Таңқурай,
Өсімдіктердің ерекшеліктеріне қарай ағаш, бұта, шөптекті өсімдік болып 3 топқа бөлінеді.

Ағаштар – Қайың, терек, көктерек, жиде, үйеңкі, қарағаш, емен, алма, өрік, шие, шырша, қарағай
Бұталар – Қарақат, таңқурай, итмұрын, жыңғыл, сексеуіл, жүзгін, жүзім

Шөптекті – қоңырбас, жоңышқа, мия, беде, жусан, жантақ, бидай, бақбақ, көкөністер, сүттіген
Бүгінгі жұмбағымыздың жауаптары Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктер.
УІ. Мағынаны тану
Электрондық оқулық «Өсімдіктер әлемі»
Оқушыларға Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы түсініктеме беру
Ылғал сүйгіш өсімдіктердің жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген. Жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады. Суды буландырған кезде саңылаулар ашылады. Өсімдік булануды реттейді. Мұндай өсімдіктер ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктерді су өсімдіктері деп атайды.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Жантақ, сүттіген, сексеуіл, жүзгін. Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, ыстық жерде өседі.

УІІ. Суретпен жұмыс
1. Мына өсімдіктер қандай тіршілік ету ортасына жатады?
2. Ылғал сүйгіш өсімдіктер – Бақбақ, Беде, Қоңырбас.
3. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер – Жантақ, Сүттіген, Сексеуіл,
Ылғал сүйгіш - суреттегі өсімдіктердің жапырақтары жалпақ, тамырлары онша ұзын емес, шашақты, сабағы иілгіш, тік ылғалды буландыруға бейім.
Құрғақшылыққа төзімді – Жантақ жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келген. Сүттіген тамыры қысқа, қалың жапырақты суды аз буландырады.

УІІІ. «Жарнама» ойыны
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер өздерінің өсімдіктерін визитка беру арқылы жарнамалайды. Олар: 1 топ Бақбақ, Беде 2 – топ Жантақ, Сексеуіл






















































Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Дүниетану пәні, 3 сынып

Сабақтың мақсаты: окушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру; ылғал сүйгіш, су өсімдіктері және қүрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер туралы әңгімелеу; логикальқ ойлауларын дамыту;

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.

Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қандай жағдай қажет?

Табиғат- адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы”.

Оның мұқабасның тысы қызыл. Қызыл түс қауіп-қатердің белгісі сияқты.

Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлернің жер бетінен жоғалып,құрып кету қаупі төнгенін ескереді.

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейім.

Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктер су өсімдіктері деп аталады.

Балықоты, балдыршөп —

су бетінде қалқып немесе су

ішінде өсетін көпжылдық

шөптесін өсімдіктер.

Қазақстанда 3 түрі: бүкір,

үшқұлақты, кіші Балықоты

Тобыл, Есіл өзені бойында,

ағынсыз не ағыны аз, тұщы

суларда өседі. Өте сирек

гүлдейді.

Болбыр – сукөріктер

тұқымдасына жататын көп

жылдық шөптесін өсімдік.

Шығыс Қазақстанда Ертіс

өзені мен Зайсан көлінде,

ағысы баяу су бетінде қалқып

деңгейіне дейін батып өседі.

Болбырмен суда тіршілік

ететін жәндіктер мен

балықтар қоректенеді.

Бұрандажапырақ суда

өсетін көп жылдық

өсімдіктер. Тропиктік,

субтропиктік кейде

қоңыржай аймақтардағы су

айдындарында кездесетін

6 – 10 түрі анықталған.

Қазақстанда Каспий, Арал

теніздерінде, Түркістан

өңіріндегі өзен-көлдерде,

ащы, тұщы суларда өсетін

Жауқияқ, сарықияқ

сукөрік тұқымдасына

жататын көп жылдық

шөптесін өсімдіктер туысы.

Қазақстанның көлдерінде,

ағысы баяу су айдындарында

кездесетін бір түрі – кәдімгі

жауқияқ . Қысқа сабағы суға

батып тұрады, тек гүлдеген

кезде ғана, жапырағы мен

гүлі су бетіне шығады

Балдыр— төменгі

сатыдағы су өсімдіктері.

Теңіз, көл, өзендерде,

ағынсыз да өседі.

Су шылымы — суда

өсетін іржылдық шөптесін

өсімдік. Су астындағы

жапырақтары ықшамдалған

(кішірейген), жүзіп

жүргендері жертаған

жапыраққа жиналған,

жапырақ сағағы үрленген қап

тәрізді, жапырақ алақаны

ромб тәрізді. Гүлдері

жалғыз, су үстінде өседі. Су

шылымы таралу аймағы мен

саны азайып бара жатқан сирек

кездесетін түр. Қазақстанның

"Қызыл кітабына" енгізілген.

Тұңғиық. өзі аттас тұқымдасқа жататын су өсімдіктері. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз,

ыстық жерде өседі. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20

метрге жетеді.







жантақ сексеуіл сүттіген

Сергіту сәті

Сергітудің енді сәтін бастайық

Бір-екі-үш,алға қадам басайық

Орнымыздан тұрып қолды созайық

Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.

Бір-екі оңға,үш-төрт солға

Сау болудың қамын біздер

жасайық!!!

Табиғат туралы мақалдар

Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс,

Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар,

Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.

Мақал-мәтелдер жасыру ойыны

Мақал-мәтелдер жасыру ойыны


1. Әр атаның өз ұлы бар,

2. Гүл өссе жердің көркі,

3. Гүл сабағымен қадірлі,

4. Дала көркі — гүл,

5. Үкісіз қыз болмас,

6. Гүлсіз жапырақ тұл,

7. Бір гүл толып ашылады,

8. Гүл қайда болса

9. Гүлсіз болса жер мұнды,

10. Қыз халықтың гүлі,


әр бұтаның өз гүлі бар.

қыз өссе елдің көркі.

ас табағымен қадірлі.

ана көркі — ұл.

тікенсіз гүл болмас.

көксіз топырақ тұл.

бір гүл солып ашылады.

көбелек сонда.

күлкісіз болса ел мұңды.

өлең сауықтың гүлі.

Жұмбақтар

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады.

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады.

Тереземіздің әйнегін

Жуады,

Бірақ сүртпейді.

Табиғат –біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған өсімдіктерді, құстарды , жануарларды қорғайық.




Сабақты қорытындылау

1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.

Олардың қандай ерекшеліктері бар?

2.Егер осы өсімдіктердің тіршілік еті ортасын

ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?

3.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. Жаңа тапсырманы оқу.

Келесі кездескенше!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
13207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12