Улттык музыка тренд

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Улттык музыка тренд

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык Сабак Ересек топ Улттык музыка тренд
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған ашық іс әрекетінін жоспары



Тақырыбы:«Ұлттық музыка бренді, қазағымның тренді»

Мақсаты:

-Балалардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру, ұлттық музыка ырғағына баулу;

-Балалардың музыкалық көкжиегін кеңейту;

-Әуенге, күй ырғағына сәйкес ырғақты қозғалу және қимылдарды өзгерту қабілетін қалыптастыру;

-Музыкалық ырғақты ойнау қабілетін қалыптастыру;

- Баланың эмоционалды саласын дамыту;

- Музыкалық ойын жаттығуларының эмоционалды-бейнелі орындалуын дамыту;

Демонстрациялық материал: Презентация, жасанды интеллект, видеолар

Құрал-жабдықтар: музыкалық аппарат, проект экран, музыкалық ағаш таяқшалар, қызыл түсті қағаздар, ойыншық аттар, фетрдегі нота, сылдырмақтар, аттардан жасалған шағын макеттер

ҰІӘ кезеңдері

Музыкалық жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Кіріспе бөлім













Қыздар билеп "Қамажай" музыкасымен, ұлдар "Алаш аманаты" күйімен залға кіреді.

Музыка жетекшісі қонақтармен және балалармен сәлемдеседі.

Музыка жетекшісі:

(фондық дауыста жазылған):

"Ұлттық музыка брендте,

Қазағым болсын трендте.

Осындай ұлы тақырып,

жақын болды жүрекке.

Ерекше сабақ ойландым,

Жан- жақты ойға бойладым.

Бренд, тренд те болсын деп,

Креативті сабақ қойғанмын.

Балалар музыка залына билеп кіреді.




Балалар амандасуы (фондық дауыста жазылған):

Өнерді тек талаптар,

Қызықты бізде сабақтар.

Тамашалап, қол соққын,

Армысыздар, қонақтар!





Негізгі бөлім


Экранда "ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ" видеосы


ЖИ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен жасанды интеллект боламын. Бүгінгі керартивті ҰІӘ сендерге өзімнің креативті, өте қызықты "Қазақ music" атты музыкалық ұсынамын

Музыка жетекшісі: Балалар экранға назар аударайық.



Экранда 6 ұяшық берілген.

Ұяшықтар сүреттері (білезік, сырға, сәукеле, асық, садақ, қамшы)

Осы ұяшықтарды "Қыздың жолы жіңішке" деп қыздарымыздан бастайық.


"Білезік" суретіндегі ұяшықта

Абай атамыздың "Торжорға" күйіне қағаздармен ырғақтық жаттығу жасау.



"Асық" суретіндегі ұяшықта

Халық күйі "Салкүрең" кішкентай аттармен ырғақтық жаттығу жасау.


"Сырға" суретіндегі ұяшықта

"Қазақтың ұлттық би қимылдары" қимыл-қозғалысын жасау

Экранда суреттер берілген

1. Қызғалдақ

2. Жалын

3. Ұялу

4. Ұршық иіру

5. Бидай боз

6.Білезік


"Садақ" суретіндегі ұяшықта

Қазақтын ұлттық "Бәйге" ойыны

музыкалық қимыл-қозғалыс


Музыка жетекшісі ал енді балалар бір сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті "Қазақтың ою-өрнегі" музыкалық-ритмикалық сергіту.


"Сәукеле" суретіндегі ұяшықта

"Жастар" күйіне музыкаграмма


"Қамшы" суретіндегі ұяшықта

"Қосалқа" күйіне музыкаграмма



Музыка жетекшісі: Тамаша, балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңдар.

Ал енді "Беу. құрбым-ай" әнімен қарсы алыңыздар!



Келесі кезекте Нұржан Тәжікеновтің "Ла ла лей" музыкасына ағаш таяқшалар арқылы қонақтармен бірге музыкалық қимыл қозғалыс жасайық.









Балалар мұқият тыңдайды.










Қыз балалар ұяшық таңдайды.


Қағаздармен ырғақтық жаттығу жасайды.




Ұлдар кішкентай аттармен ырғақтық жаттығуды жасайды.







Қыздар би қимылдарын жасайды.






Ұлдар "Бәйге" ойының ойнайды.




Балалар сергтіу сәтн қайталап жасайды.




Қыздар сылдырмақтармен музыкаграмманы жасайды.

Ұлдар қолдарымен музыкаграмманы жасайды.



Қыздар "Беу, құрбым-ай"

әнін орындайды





Барлығы бірге жасайды

Қорытынды бөлім

Рефлекция

Музыка жетекішісінің сұрақтары.

-Біз қандай заттармен ырғақты ойындар ойнадық?

-Музыкада неше нота бар?

-Бүгін қандай оркестр ойнадық?

-Бүгін қонаққа кім келді?

Музыка жетекшісі: -Рахмет, балалар бүгінгі ұйымдастырған іс әрекетіне белсене қатыстындар.

Сол үшін мен сендерді марапаттағым келіп тұр.

Балаларды марапаттау.

Балалармен қоштасу.

Сау болыңдар, балалар!




Балалар музыка жетекшісінің сұрақтарына жауап береді.



-Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ырғақ жайлы және олардың қалай орындалатынын біледі;

Игереді: Музыканы тыңдап ,сол музыкаға лайықты қимыл жасауды игереді;

Меңгереді: сылдырмақтар, әртүрлі заттар арқылы ырғақты тыңдау арқылы музыкамен бірге оркестр ойнауды меңгереді;

Толтырған: Кергефер К.В


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2025
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі