15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Уміт сенім бізді алға жетелейді. Тренинг
Тақырыбы: «Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
Мақсаты:
11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге байланысты
өз-өзіне деген
сенімділікті күшейту, стрестік қалыптан арылту, өзіндік күш-
жігеріне деген қарым-қатынасын нығайту.
Тренинг
ережесімен таныстыру.
1.
Ашық әңгімелесу
2.Белсенді болу және әзілдесе білу
3.Бағаламау
4.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу
5.
Өзгелерді тыңдай білу
І.Ұйымдастырылу кезеңі:
«Кел танысайық» жаттығуы.
ІІ Кіріспе сөз.
ІІІ «Болашақтың кемесі» жаттығу.
ІV «Эксперимент» жаттығуы
V «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
VІ «Күншуақ» жаттығуы
VIІ Қорытындылау бөлім
Ұйымдастырылу кезеңі:
І «Кел танысайық» жаттығу.
Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі. Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.
ІІ.
Кіріспе сөз.
Құрметті
мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның
болашағысыздар, болашақ бүгіннен
басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін
бала болсаңдар, міне бүгін дүбірлі
додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен
сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар.
Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат,
міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар
биіктерің көп болсын. Ұлттың келешегін
анықтап беретін және оның бүкіл болмысын
ашатын ең қасиетті, әрі аса қажетті
мәселе – БІЛІМ! Кім еңбектенсе, соның
бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға
нұр жауар!» деп, яғни еңбек етсек әрқашан
жемісін көреміз.
ІІІ
«Болашақтың кемесі» жаттығу.
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған кемеге жазып, тақтадағы теңізге апарып жапсыру керек. Менің болашақтағы арманым… Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету. Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.
ІV «Эксперимент» жаттығуы
Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.
1.СеЗДірМей жҮРгеН,
ТеК өЗім біЛГен,
БІр сЕНім бАр
ЖОҒалМас мүЛДем.
Сол сЕНІм бАрДа,
АСЫғам аЛҒа,
Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа!
2.
сЕНбе еШКіМге, тҰРса
дА
қАНша маҚТап,
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын
іШКе саҚТап.
Өзіңе
сен,
өзІҢді аЛЫп шЫҒар,
АҚылың
мЕн
еңБЕгің
еКі жаҚТаП.
3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң бИЛеу, өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік- Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы
V «Өз жұлдызыңды тап» /арт терапиялық жаттығу/
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз.Үш рет демалып,үш рет дем шығарыңыз...(баяу музыка ойнап тұрады)
– Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз.Жұлдыздар үлкен және кішкентай,жарық және сығырайған.Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар,ал басқаларға-сан жетпейтін біресе жақындап,біресе алыстайтын жарық нүктелер.
– Сол жұлдыздарға қарап ең кріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды,әлде бақытты,қуанышты,шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсіреді ме?Тағыда жұлдыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз.Бар күшіңізді салыңыз!Сіз міндетті түрде оны аласыз.Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз,жақсылап қарап,оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызбен тізелеріңізді ұстап,төмен қарай аяқтарыңызды сипап,керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштарды,қағазды алып,жұлдызыңыздың суретін салыңыз.Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып,достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер.Олар сендерге білім жолында,барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар,олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды.Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді,ҰБТ-ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!
VІ «Күншуақ» жаттығуы
Мақсаты:оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін жаздыра отырып басқалардың көзімен жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру. Нұсқау:«Күншуақ» деп жазылған парақ таратылады. Ақпараққа өзінің 3 қасиетін жазу тапсырылады.
Ақпарақ екінші адамның арқасына жапсырылады,досы оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазып шығады. Талдау: Әр қайсысына жеке жеке қандай жақсы қасиеттерін достары жазғанын оқытып,талдату.
Қорытынды: «Бір күннің қорытындысы»
Нұсқау: Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз,өзіңіздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып,бір-бірімізге тілек тілейміз.бір кісі сөйлеп отырғанда,басқаларды мұқият тыңдау,сөзді бөлмеу,сыныптастарыңды құрметтеуді сұраймын.
Талдау:1.Өткен трениг сізге не өзгеріс алып келді?
2. Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз?
3. Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?
4. Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз?
Соңынан тренинке қатысушыларға алғыс айтылып, тренингтен естеліктер ұсынылады.
Психолог.
Құрметті мектеп түлектері алдарыңда
үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан
сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр
болмайды, ол бақытты секунд, бақытты
минут, бақытты сәттерден тұрады, біз
сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы
бақытты боламыз. Бір - бірінің қолдарыңды
ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор
дауыспен «Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз!»
деп айқайлаңдар.
Құрметті
түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен
тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін
асқақтатып азаматтары болыңдар! Сендерге
сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген