жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Университеттік кітапханалар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы.Морфология
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ежелгі кітапханалар |
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау; 6.4.4.3- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселені талдай алады . Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 12 минут
5 минут
8 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Белгісіз басшы» жаттығуы. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1.Жұмбақ жасыру
1)Бір
нәрсе білмегенді білгізеді,
2)
Сандығым бар өзгеше, Шешуі: кітап
2. Суреттерге мұқият қараңдар. Қандай ой туындады? Ой бөлісіңдер.
1-тапсырма Топтық жұмыс 1) Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Тыңдалым мәтіні: Адамзат баласының мәдениеті кітаптың шығу мәдениетімен тығыз байланысты. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ –ІІ мыңыншы жылдарда Ежелгі Египетте жазу жазатын алғашқы материалдардың бірі папирус болды. Папирус Ніл өзенінің батпақты жағалауында өскен. Папирустың сыртқы қабатын алып тастап, ішкі жақтарын жолақтарға кесіп, ауыр жүкпен бастырып тастаған. Кепкен паирустар өзара желімденіп, жазатын материал дайын болған. Папирустардан орама түріндегі қолжазбалар жасалынған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ғасырларда Еуропада кітаптар бұзау, ешкі немесе қой терілерінен ерекше әдіспен иленіп жасалған. Кітап әзірлеу кезінде кең пайдаланылған материал пергамент болды. Пергамент түрлі температураға, дымқыл ауаға төзімді болған. Қажеттілігіне қарай пергаменттің бетіндегі керексіз мәтіндер, суреттер өшіріліп, оның орнына жаңа мәтін – суреттер жазуға болатын ІХ ғасырдан бастап үлкен көлемді, ауыр кітаптар оюлармен әшекейленіп, боялып, алтындалып өрнектелінді. Ол кездері ғибадатханалар білім орталығы болғандықтан, негізінен діни мазмұнды кітаптар дайындалды. Бұл кітаптардың мұқабасын әшекейлеу үшін платина, піл сүйегі, лағыл тастар мен інжу-маржандар қолданылды. («Кітаптың тарихи кезеңдері»)
1-топ: «Мәтінге жуық әңгімелесу» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңдар. 2-топ: «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, талдау жасаңдар.
3-топ: Сұраққа жауап беріңдер. 1. Ежелгі жазба ісі қай уақыттан басталған екен? 2. Бұрынғы кітаптарды жасауда қандай заттар пайдаланылған? Себебі неде деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде. 3. Қазіргі кітаптар мен бұрынғы жазбаларды ортақтастыратын не деп ойлайсың? Пікіріңмен бөліс.
Тілдік бағдар. Мақсат үстеуі үстеуі Қимылдың, іс-әрекеттің мақсатын білдіретін үстеудің түрі мақсат үйстеуі деп аталады. Мақсат үстеулері неліктен? Не мақсатпен? Деген сұрақтардың біріне жауап береді. Мақсат үстеулеріне: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана деген санаулы сөздер жатады. Мысалы: Әдейі өзіміз жақтың әндерін салдым. (Ғ.Мүсірепов).
12-тапсырма. Кітапты пайдалану ережесімен танысыңдар. Өз тараптарыңнан ережеге тағы не қосар едіңдер? Мақсат үстеуін қолдана отырып, ережені толықтырып жазыңдар. 1. Кітапты тек таза қолмен ұстау керек. 2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады. 3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді. 4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан. 5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек. 6. Кітап бетін қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
ЕББҚ оқушыға тапсырма 4-тапсырма. 175-бет. Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді аяқтап жаз.
Көне Египетте жазу жазатын алғашқы материалдар ретінде папирус әдейі қолданылған, өйткені... Кітаптардың мұқабаларын әшекейлеу үшін әдейілеп платина, ..., ..., ... қолданылды.
9-тапсырма Төмендегі сұрақтарға ойланып жауап беріңдер.
Үйге тапсырма: 11-тапсырма
Ойтаразы Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
|
Психологиялық ахуал «Белгісіз басшы» жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.
Суретке қарап, өз ойларымен бөліседі.
Сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселені анықтайды.
«Мәтінге жуық әңгімелесу» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндайды.
«Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, талдау жасаңдайды.
3-топ сұрақтарға жауап береді.
Кітапты пайдалану ережесімен танысады. Мақсат үстеуін қолдана отырып, ережені толықтырып жазады.
Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді аяқтап жазады.
Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.
Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Смайлик арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -мәтіннің мазмұнын баяндайды – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 2 балл. -сұрақтарға жауап береді – 3 балл,
Дескриптор Білім алушы -ережемен танысады – 1 балл, -ережені толықтырады – 1 балл, -мақсат үстеуін қолданады – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл |
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 2-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ежелгі кітапханалар. Отырар кітапханасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.4.1-
ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің
тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін
салыстыру; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыра алады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
15 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1.«Дала мәдениеті» дегенді қалай түсінесің? Қазақ халқы қандай шаруашылықтармен және өнер түрлерімен айналысқан ? 2.Қазақстанның қандай кітапханаларын білесіңдер? 5-тапсырма (оқулықтан) Оқылым мәтіні Мәтінді мұқият оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтаңдар. 1. Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды? 2. Медреселерде қандай пәндер оқытылған? 3. Түркі ғалымдары қандай қалаларда білім алған екен? 4. Кітапхананың сол кезеңдердегі адамдар үшін маңызы қандай еді? Себебі неде? 5. Отырар кітапханасы туралы қандай мәлімет әсер қалдырды? Неліктен? Ойыңмен бөліс. 6. «Егер Отырар кітапханасы күлге айналмаса...» деген ойды бір сөйлеммен қалай жалғастырар едің?
Жұптық жұмыс 1) Екі мәтіннің стилін мәтіндегі сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңдер. 1-мәтін Кітапханада төмендегідей тұрақты кітап көрмелері құрылады: «Елімнің бақыты тәуелсіздік!» «Ер есімі – ел есінде» «Ұлы халықтың ұлы Абайы» «Бір ел – бір кітап» Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызатын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында кітапханада шаралар өткізіліп келеді. Сондай ақ 2020-2025 жылдарға арналған мектеп кітапханаларын дамытудың Жол картасы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша түрлі бағытта тәрбие сағаттары өтілуде. Кітапхана жұмысының міндеті:
2-мәтін – Сәлеметсіз бе, Райхан Сәбитқызы! – Сәлемет бол! – Кітапханаға жазылып, кітап алсам бола ма? – Әрине, болады. Мына қағазға аты-жөніңді, оқитын мектебіңді, сыныбыңды, мекенжайыңды жазып бер. – Жаздым. Кітап қарасам бола ма? – Алдымен, кітапхана ережесімен танысуың керек. Біздің кітапхананың ережесі: кітапты таза ұстау, жыртпау, уақытында қайтару. Ережелермен келісесің бе? – Келісемін. – Онда ережелермен танысқаныңды растап, қол қой. Сосын кітап таңдауыңа болады. – Рақмет. – Біздің кітапхананың белсенді оқырманы болады деп сенемін.
2) Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңдар.
Жеке жұмыс Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңдар
ЕББҚ оқушыға тапсырма 9-тапсырма. (оқулықтан) Төмендегі сұрақтарға ойланып жауап бер.
Үйге тапсырма: 13-тапсырма. Тілдік бағдардағы мақсат үстеулерін қолдана отырып, «Кітапты кім ренжітті?» тақырыбында шағын мәтін жаз.
Рефлексия
|
Ой шақыру мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді.
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздер: Үлгі: оқытылған екен, тәжірибе алмасқан екен.
Екі мәтінді мұқият оқиды. Стилін мәтіндегі сөздер арқылы анықтап, дәлелдейді.
Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырады.
1-мәтін Стилі: ресми стиль Тақырыбы - Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, кітапхана жұмысының міндеттері Мазмұны: кітапханадағы тұрақты кітап көрмелерімен таныстырады. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқуға насихаттайды. Кітапхана жұмысының міндеттерімен таныстырады. Тілдік ерекшеліктері: Көрме атаулары, тұйық етістікпен аяқталған сөйлемдердің болуы. 2-мәтін Стилі - ауызекі стиль Тақырыбы – кітапханадан кітап алуға барған оқушы мен кітапханашының сұхбаты. Мазмұны : Кітапханашы жаңа келген оқырманға кітапхана ережесімен таныстыра отырып, кітап таңдауына мүмкіндік береді. Тілдік ерекшеліктері: сұраулы сөйлемдердің болуы, қаратпа сөздердің қолданылуы.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазады.
Төмендегі сұрақтарға ойланып жауап береді.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтайды – 2 балл, -сұрақтарға жауап береді – 4 балл.
Дескриптор Білім алушы -ауызекі және ресми стильге тән ерекшеліктерді анықтайды. -екі мәтіннің тақырыптарын салыстырады, -мазмұнына талдау жасайды, -тілдік ерекшеліктерін салыстырады.
Жетон арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -мәтіндерден негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді – 2 балл, -жинақы мәтін жазады – 2 балл. |
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 3-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6 .1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады; Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
15 минут
7 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Сәлеметсіңдер ме?» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру 1-тапсырма Жұмбақ жасыру
1.Бір
нәрсе білмегенді білгізеді,
2.Сандығым
бар өзгеше, Шешуі; кітап
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Кітап – білім бұлағы. Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітап қана мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Адам кітаптың бетін ашқан сайын оның тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кітап оқыған сайын адамның шет қалмасы анық. Қазіргі заманда техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі компьютер адамның денсаулығына, әсіресе көзіне зиян. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап -адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі.
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Автор кітапқа қатысты қандай маңызды деректермен өздеріңмен бөлісіп отыр? 2. Өздерің қандай кітаптарды оқуды ұнатасыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер. «Пікірлер базары» әдісі арқылы дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатыса отырып, ойларыңды анық жеткізіңдер.
7-тапсырма. (оқулықтан) Өткен сабақтарды есіңе түсір. Тыңдалым, оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолдана отырып, «Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?» тақырыбында мәтін жазыңдар. Үстеу түрлерін қолданыңдар. Төмендегі жоспарды негізге алыңдар. І.Кіріспе бөлім. «Кітап – білім бұлағы». ІІ. Негізгі бөлім. «Кітаптардың қоймасы – кітапхана». ІІІ. Қорытынды бөлім. «Кітапханалар – кітапсүйер қауымның мекені».
9-тапсырма. Жұптық жұмыс Төмендегі қанатты сөздерді оқыңдар. Өзіңдер ұнағанын талдаңдар. пікірлеріңмен бөлісіңдер.
(М. Горький).
Үйге тапсырма: 8-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Сәлеметсіңдер ме?» Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату. Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады: - Қол алысу; - Мұрындарын түйістіру арқылы; - Құшақтасу; Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бірбірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бірбірімізбен құшақтасамыз.
Жұмбақтың шешімін табады.
Дайын тіркестер мен терминдер: ең ауыр кітап, географиялық атлас, кітаптың салмағы, кітаптың ұзындығы, қалыңдығы, он екі кітап, ең кіші кітап, көлемі .
«Пікірлер базары» Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады.
Өткен сабақтарды есіне түсіреді. Тыңдалым, оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолданады. «Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?» тақырыбында мәтін жазады. Үстеу түрлерін қолданады. Берілген жоспарды негізге алады.
Берілген қанатты сөздерді оқиды. Өзіне ұнағанын талдайды, пікірімен бөліседі. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 3 балл, - дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады – 2 балл,
Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -тыңдалым, оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды қолданады – 1 балл, -жинақы мәтін жазады – 2 балл, -жоспарды негізге алады – 1 балл, -үстеу түрлерін қолданады – 1 балл,
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 4-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар. Конгресс кітапханасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. 6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Жел соғады...» жаттығуы 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Кітап- білім бұлағы, ақыл-ойдың жемісі, Осы баға жетпес, құнды зат туралы қандай мақалдар білесіңдер? Білетін мақалдарыңмен бөлісіңдер. Мағынасын түсіндіріңдер. 1.Кітап- білім бұлағы, білім- өмір шырағы. 2.Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі. 3.Күш- білімде, білім-кітапта 4.Жақсы кітап- жан азығы. 5. Кітап – алтын қазына.
4-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. •Америка, Ұлыбритания елдерінде сақталған кітапханалардың басты ерекшеліктері неде? •Ресей кітапханалары қандай мақсатта тұрғызылған? •Кітапхана мұрағаттарының көп немесе аз болуы немен байланысты деп ойлайсың? Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыр.
Үлгі:
ЕББҚ оқушыға тапсырма 5-тапсырма. Оқылым мәтініндегі кітапханаларға қатысты ақпараттарды дұрыс сәйкестендіріп белгіле.
Көптілді және әмбебап Вашингтон қ Көптілді және І Петр әмбебап
Конгресс
кітапханасы 61 млн 150 млн-
Британдық
кітапхана
Лондон тұрған
1714 ж
2
Ресей
Ғылым академиясының кітапханасы сирек 32 млн кітап қолжаба
4,8 млн карта АҚШ ІІ Екатерина 1 млн құжаттар жинағы
Тілдік бағдар Себеп-салдар үстеуі Қимыл, амалдың себебін не салдарын (нәтижесін) білдіретін үстеудің түрі себеп-салдар үстеуі деп аталады. Себеп-салдар үстеуі қалай? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді. Оларға мынадай үстеулер жатады: босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердің қайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т.б. туынды үстеулер де көбінесе осы топқа жатады.
3-тапсырма. Сөйлемдердегі себеп-салдар үстеулерін көшіріп жазыңдар. Морфологиялық талдау жасаңдар. 1. Орнынан амалсыздан тұрған ол есік жаққа қарай беттеді. 2. Әрқашан да осылай, ешкім сенбейді маған, босқа жүрмін шабылып. 3. Кеше жауабын беремін деп уәде еткен едім, лажсыздан келістім. 4. Ертең, бүрсігүні не бітіресіз, бекерге шаршайсыз, келмеңіз. Өзім жауабын айтармын. 5. Манадан бері неге айтпадың? Босқа тосып отырмыз ба? 6. «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың» деген сол.
Үйге тапсырма: 10 -тапсырма
|
Психологиялық ахуал «Жел соғады...» жаттығуы Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..» Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет «Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып, жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады. Кітап туралы бірнеше мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіреді.
Мәтінді мұқият оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Оқылым мәтініндегі кітапханаларға қатысты ақпараттарды дұрыс сәйкестендіріп белгілейді.
Сөйлемдердегі себеп-салдар үстеулерін көшіріп жазады. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -өзінің тұжырымдарн көрсетеді – 1 балл, -кластерді толтырады – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -нақтылау сұрақтарын қояды – 1 балл, -негізгі ақпараттарды анықтайды – 1 балл, -қосымша ақпараттарды табады – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Дескриптор Білім алушы -ақпараттарды дұрыс сәйкестендіреді – 1 балл.
Дарабоз 1) сабаққа қатысуы; 2) оған даярлығы; 3) тапсырманы орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы.
Дескриптор Білім алушы - себеп-салдар үстеулерін анықтайды – 1 балл, -морфологиялық талдау жасайды 1 - балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 8-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 5-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлемдегі таңғажайып кітапханалар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау; 6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдай алады, үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 7 минут
8 минут
5 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Телетайп»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Әлемдегі ірі кітапханалар туралы өзіңнің тұжырымдарыңды төмендегі кластер бойынша көрсетіп, толтыр.
Әлемдегі
ірі кітапханалар
1-тапсырма 1) Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңдер. Қытайдың ұлттық кітапханасын Цин әулетінің (1644-19911) соңғы императоры Пу И 1909 жылы қыркүйекте құрды. Бүгінде оның көлемі 250 мың шаршы метрді алып жатыр. Ол Вашингтондағы Конгресс кітапханасы мен Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітапханасынан кейін әлемде үшінші орынды алады. Ал кітапхана кітап қоры жөнінен әлемде бесінші орынға шығып отыр. 2008 жылы оның қорында 26 миллион томнан астам кітап болды. Қытай ұлттық кітапханасының жаңа ғимаратында оқырмандар залы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған залдар, конференц залдар орналасқан. Кітапханаға келушілер үшін дәмхана, музыкалық зал, кинотеатр және кітап дүкені қарастырылған.
2) Мәтіндегі негізгі ойды және көтерілген мәселені анықтаңдар. 3) Қытай кітапханасының ерекшелігі неде деп ойлайсың?
2-тапсырма. Жұптық жұмыс «Бізге ерекше әсер қалдырған кітапхана» тақырыбында жұпта/топта диалог құрыңдар. Өз сөздеріңде «Ежелгі кітапханалар», «Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар» тақырыптары бойынша мәліметтерді пайдаланыңдар. Сұрақ, жауаптарыңды қысқа, тұжырымды, түсінікті ойластырыңдар. Тілдік бағдар Топтау үстеуі Қимылдың, іс-әрекеттің бірігу арқылы істелетінін білдіретін үстеудің түрі топтау үстеуі деп аталады. Бұл үстеу қаншадан? нешеден? нешеуден? қалай-қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-бірлеп, аздаған, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына т.б. Жеке жұмыс «Түртіп алу» әдісі Берілген мәтіннен үстеулерді теріп жазыңдар, мағыналық түрлерін ажыратып, сөйлемдегі қызметін анықтаңдар. Үстеудің синонимдік қатарларын қолданып, мәтінді әңгімелеңдер. Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады. XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық біраз кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Қазір кейбір деректердің хабарлауынша моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптардың жерасты жолдарында сақталуы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
3-тапсырма. «Кітап» және «кітапхана» сөздерін төмендегідей топтау үстеулерімен байланыстырып, сөйлем құрап жаз. Екеулеп, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, бас - басына.
Үйге тапсырма: 9-тапсырма
|
Психологиялық ахуал «Телетайп» Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір қатысушы адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған адамның адресіне байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған жүргізушінің міндеті - белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің қолында екенін табу. Ұсталып қалған ойыншы ортаға тұрады.
Әлемдегі ірі кітапханалар туралы өзіңнің тұжырымдарын төмендегі кластер бойынша көрсетіп, толтырады.
2) Мәтіндегі негізгі ой: Мәтінде Қытай ұлттық кітапханасының құрылуы, оның қазіргі көлемі мен халықаралық орнын сипаттайтын ақпарат беріледі. Сондай-ақ, кітапхана қорындағы кітаптар саны, оның ішіндегі ғылыми және мәдени жұмыстар үшін арнайы бөлінген залдар, оқырмандарға арналған түрлі қызметтер мен қондырғылар туралы баяндалады.
Көтерілген мәселе: Қытай ұлттық кітапханасының даму тарихы, оның әлемдегі алатын орны және кітапхана қызметінің қазіргі заманғы қажеттіліктерге сәйкес келетіндігі жайлы мәселе қозғалған.
3) Қытай кітапханасының ерекшелігі: Қытай ұлттық кітапханасының ерекшелігі оның әлемдегі ең ірі кітапханалардың қатарында болуымен және кітап қорының молдығымен байланысты. Оның құрылымы оқырмандар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдар үшін қолайлы. Сонымен қатар, кітапхананың жанында дәмхана, музыкалық зал, кинотеатр және кітап дүкені болуы, оның көпфункционалды әрі мәдени-әлеуметтік орта ретінде қызмет атқаратынын көрсетеді. Бұл оның тек кітап сақтау орны ғана емес, мәдениет пен білімді насихаттайтын маңызды алаң екенін білдіреді.
Берілген тақырыпта жұпта/топта диалог құрады. Өз сөздерінде «Ежелгі кітапханалар», «Әлемдегі кітап мұрағаттары мол кітапханалар» тақырыптары бойынша мәліметтерді пайдаланады. Сұрақ, жауаптарын қысқа, тұжырымды, түсінікті ойластырады.
Берілген мәтіннен үстеулерді теріп жазады. Мағыналық түрлерін ажыратып, сөйлемдегі қызметін анықтайды. Үстеудің синонимдік қатарларын қолданып, мәтінді әңгімелейді.
«Кітап» және «кітапхана» сөздерін берілген топтау үстеулерімен байланыстырып, сөйлем құрап жазады.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -тақырыпқа сәйкес өздерінің тұжырымдарын кластерге түсіреді, -ақпараттарды жинақтайды.
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -негізгі ойды анықтайды – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл, -ерекшеліктерін түсіндіреді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -мәтіннен үстеулерді анықтайды – 2 балл, -мағыналық түрлерін ажыратады – 2 балл, -синонимдік қатарларын қолданады – 1 балл, -мәтінді әңгімелейді – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 6-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлемдегі таңғажайып кітапханалар. Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы |
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады. |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басталуы 7 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
15 минут
8 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру «Әлемдегі таңғажайып кітапханалар» тақырыбында бейнежазбаны мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. «Кезбе тілші» әдісі
4-тапсырма (оқулықтан) Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды? Кітапхана туралы қандай мәліметтер әсер қалдырды? Не себепті? Еуропадағы кітапханалардың басты ерекшелігі неде? Кітапханалар салынғанда шіркеулер болып, кейін қалайша кітапханаға айналған? Өз пікіріңмен бөліс. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды, көтерілген мәселені анықтаңдар. Үлгі:
8-тапсырма «Коллаж-әңгіме». Төмендегі суреттер бойынша себеп-салдар, топтау үстеулерін қатыстыра отырып, әңгіме құраңдар.
Сен-Галль аббаттығының кітапханасы
Страговск монастырының кітапханасы
Сиэтл кітапханасы
ЕББҚ оқушыға тапсырма 5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрау есімдіктерін пайдалана отырып, сөйлем құра. Не? Қайда? Қашан? Қанша? Қандай? Не болды?
Қорытындылау Кітап туралы ойларыңды «Бес саусаққа» жазыңдар. үстеулерді қолданыңдар. Бас бармаққа – ең жақсы нәрсе; Балаң үйрекке – баса назар аударатын мәселе; Ортан терекке – ең көп сандық дерек және оның маңызы; Шылдыр шүмекке – қосымша ақпарат; Кішкен тай бөбекке – ең аз сандық дерек, оның маңызы; Алақанға – қорытынды
Үйге тапсырма: -тапсырма Рефлексия
|
«Кезбе тілші» әдісі - Мұрағатында 5 миллион кітабы бар кітапхана иесі кім? -Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. -Әлемнің таңғажайып кітапханалар саны қанша? -Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы бар. -2005 жылы жүргізілген санақ бойынша Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасында қанша кітап бар екені анықталды? - 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. -Прага қаласында орналасқан Страговск монастырі кітапханасының негізі қай жылы қаланған? -Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған. -Ең үлкен көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхананы ойлап тапқан кім? -Джей Уокер — америкалық ойлап тапқыш әрі кәсіпкер.
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды, көтерілген мәселені анықтайды. Үлгі бойынша сызбаны толтырады.
«Коллаж-әңгіме». Төмендегі суреттер бойынша себеп-салдар, топтау үстеулерін қатыстыра отырып, әңгіме құрайды.
Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрау есімдіктерін пайдалана отырып, сөйлем құрайды.
Бүгінгі сабақта не пайдалы болғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта қандай өзгерістер енгізуге болатындығы жөнінде айтып, рефлексия жасайды.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы - сұрақтарға жауап береді – 2 балл, -негізгі ақпараттарды анықтайды – 1 балл, -қосымша ақпараттарды анықтайды – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -суреттер бойынша әңгіме құрастырады – 2 балл, -үстеулерді қолданады – 1 балл. -әңгіменің құрылымын сақтайды – 2 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 7-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстандағы кітапханалар |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
7 минут
5 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1. Біздің елімізде қандай кітапханалар бар? 2. Өзің қай кітапхананың оқырманысың? 3. Балаларға арналған кітапханаларға бардың ба? 4. Онда қандай талаптар бар? 5. Өзіңнің жеке кітапханаң бар ма? 1-тапсырма «Допты лақтыру» әдісі Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Диалогке қатысып, өз ойларыңды анық жеткізіңдер. Сұрақ қоя біліңдер. Өзгенің қойған сұрақтарына анық жауап беріңдер. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Тыңдалым мәтіні Қазақстан кітапханалары жайлы дерек кімге болсын, қызық. Әсіресе, еліміздегі ең ірі, тарихы бай, кітап қоры көбірек жинақталған кітапханалар жайлы біліп жүргеніміз артық емес. 2019 жылдың деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 4 мыңға жуық кітапхана бар. Оның 21-і – ғылыми кітапханалар. Ал 3915-і – әмбебап, яғни, көпшілік кітапхана. Кітапханалардың көпшілігі Түркістан облысы (390), Батыс Қазақстан облысы (370), Ақмола облысы (365), Қостанай облысы (350) мен Солтүстік Қазақстан облысы (323), Қарағанды облысы (317), Шығыс Қазақстанда (305) орналасқан. Алматы қаласында 31 кітапхана, Шымкентте 41 кітапхана, Нұр-Сұлтан қаласында 24 кітапхана орналасқан екен. Қазақстандағы кітапханалардың барлық кітап қорын қосқанда – 112 млн кітап қоры шығады. Оның ішінде 28 миллион кітап қазақ тілінде, қалған 70 миллионы – орыс, ағылшын, француз және неміс, қытай тілінде жазылған кітаптар. Соның бірі- Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы . ҚР Ұлттық кітапханасы 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылған. Бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында шағын оқу залы ретінде ашылып, 1931 жылы Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып құрылып, мемлекеттік мәртебе алады. Ал 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кітапханаға "Ұлттық" атауы беріліп, ерекше құнды мәдениет объектісі ретінде мемлекеттік және қоғамдық маңызға ие болды. Жалпы кітапхананың қазіргі ғимараты 1970 жылы салынған. Ал 2015 жылы еліміздегі маңызды мәдени ескерткіштердің тізіміне енді. Қазіргі уақытта кітапханаға жылына 1 миллион адам келеді, жылына 2 млн дана кітап беріледі. Келушілерге 1,5 мың орындық, сондай-ақ арнайы 14 оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхананың жеке ғаламтор ресурсы бар. Электрон каталог пен ақпараттық ресурсқа кіріп, кітап қорын, мерзімді басылымдар тізімін іздеуге болады. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс Төмендегі жауаптарға сұрақ қойып, жұпта/топта диалог құрыңдар. Сұрақ: Жауап: Бүгінде С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы – ең ірі балалар кітапханасы. Сұрақ: Жауап: С. Бегалин атындағы Республикалық мемлекеттік балалар кітапханасы 1951 жылы мамырдың 10-ында құрылды. Кітапхана Кеңес Одағындағы алғашқы республикалық балалар кітапханасы болып саналды. Сұрақ: Жауап: Кітапхана Алматы қаласында Төле би көшесі 27-үйде орналасқан. Сұрақ: Жауап: Кітапханада: абонемент, бөбектерге арналған оқу залы, 5-сынып оқушыларына арналған абонемент, жоғары сынып оқушыларына арналған оқу залы, өнер әдебиетінің бөлімі, ақпаратбиблиографиялық бөлімі, даму және жаңа технологияларды енгізу бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі деп аталатын бірнеше бөлім бар. Сұрақ: Жауап: Кітапхана директорының айтуынша, қазір балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, келушілердің саны көбейген. Тілдік бағдар Күшейткіш үстеу Заттың сынын, мөлшерін, көлемін, қимылдың сапасын не аса күшейтіп, не солғындатып көрсету үшін қолданылатын үстеудің түрі күшейткіш үстеу деп аталады. Күшейткіш үстеулер қалай? қандай? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Мысалы, ең, тым, өте, тіпті, аса, әбден, мүлде, нақ, қақ, орасан, нағыз, ылғи, кілең, сәл, дәл, өңкей т.б.
11-тапсырма. Тілдік бағдардағы күшейткіш үстеулерді қолданып, «Мен оқыған кітап» тақырыбында шағын мәтін жаз.
ЕББҚ оқушыға тапсырма 3-тапсырма. Сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жаз. 1. Үйдегілердің бәрі: апам, Айна, інім бәрі маған ылғи қамқорлығын көрсетіп жүреді. 2. Ол ойланып барып былай деді: «Биыл тым асығыстау емес пе? Келесі жылы барайық». 3. Адамға ең ыстық туған жер ғой, шіркін! 4. Сол жылы қызылшадан өте көп өнім алдық. 5. Жарықтық өзі әбден титықтап шаршаған екен. 6. Тіпті маған мойнын бұрар емес, қатты өкпелепті.
Үйге тапсырма: 10-тапсырма Рефлексия 12-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілін пайдалана отырып, сабақ бойынша түсінгеніңді жаз. Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
|
Психологиялық ахуал «Күн! Тас! Қоршау!» Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.
Мәтінді мұқият тыңдайды. Мұғалім оқушыға доп лақтырып, сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.
Берілген дайын жауаптарға сұрақ дайындайды. Жұпта/топта диалог құрады.
Тілдік бағдардағы күшейткіш үстеулерді қолданып, «Мен оқыған кітап» тақырыбында шағын мәтін жазады.
Сөйлемдердегі күшейткіш үстеулерді теріп жазады.
«Төрт сөйлем» тәсілін пайдалана отырып, сабақ бойынша түсінгеніңді жазады.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -сұраққа жауап береді – 2 балл, -мәтінге қатысты сұрақтар қояды – 1 балл, -өз ойын еркін жеткізеді – 1 балл.
Бағалау Барлық тапсырмалар асық арқылы бағаланады. Алшы – (9-10 балл)
Тәйке (7-8 балл)
Бүге (бүк) – (4-6 балл)
Шіге (шік) – (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы -мәтін құрады – 1 балл, -күшейткіш үстеулерді қолданады – 2 балл, -тақырыптан ауытқымайды – 1 балл. -құрылымын сақтайды – 2 балл. |
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстандағы кітапханалар. Қазақстандағы ғылыми кітапханалар |
||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру; 6.3.6.1 - мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыра алады. Мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакцияла алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Кішкентай суретші» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру
Қазақстан Респубикасының Ұлттық кітапханасы жайлы бұған дейін қандай ақпараттар білдіңдер? «Борт журналы» әдісі бойынша кестенің бірінші бөлігін толтырыңдар. «Борт журналы»
4-тапсырма 1)Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды? Кітапхана туралы қандай мәліметтер әсер қалдырды? Ғылыми кітапхананың басты ерекшелігі неде деп ойлайсың? Ғылыми кітапханада қандай бағдарламалар бар екен? Сандық кітапхана дегенді қалай түсінесің? Ұлттық кітапхананың ерекшелігі неде? 2) Екі мәтіннің стилін мәтіндегі сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңдер. 2-мәтін Академик Мекемтас Мырзахметовпен сұхбат – Мекемтас аға, алғаш оқыған кітабыңыз есіңізде ме? – Авторын ұмытыппын, латын әрпімен жазылған «Сырлы арал» деген кітап екені есімде. Батыстан тәржімаланған көркем шы ғарма болатын. Ең қызығы, әлгі кітапты күндіз оқып аяқтай алмай, түнде айдың жарығымен қарағанмын. – Сіздің кітапханаңыз бар ма? – Жалпы, үш жерде кітапханам бар. Алғашқы кітапханам – Түркістан қаласында. Онда 6 мыңға жуық кітап бар. 2001 жылы Таразға қоныс аудардым, мұндағы үш бөлмелі пәтерімнің бір бөлмесі кітапханаға айналды. Кітап көп жиналды. Бұл кітапханамды (6 мың кітап) М.X.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне тарту еттім. – Бұл бір біткен іс екен. – Үшінші кітапханамды кейінгі жылдары Алматыда жинақтадым. Мұның қоры да екі-үш мың. Қарап отырсам, балалық шағымнан кітап жинаппын. Қолыма тиын түссе, кітап алатынмын. – Ұлы тұлғалардың талайының көзін көріп, сөзін естідіңіз. Солардың қаншасынан кітапқа қолтаңба ала алдыңыз? – Алғаш рет Сәбит Мұқановтан қол таңба алғанмын. Ташкентте Қазақ әдебиетінің онкүндігі өтті. Жиынға Сәбит Мұқанов келген екен. Сәбең берген сол қолтаңбалы кітап менде әлі сақтаулы тұр. Баукең де бірнеше кітапқа қолтаңба қалдырған. Мұхтар Әуезовтің де қолтаңбасы бар менде. Басқа да ірі тұлғалар қолтаңба берген... («Кітап патшалығы» журналынан)
3) Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңдар.
8-тапсырма. (оқулықтан) Төмендегі мәтінді оқыңдар. Орфографиялық, пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп жазыңдар. Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білім керек. Талаптың өзінін біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей іздегенмен табылмас. ... Адам көнілі шын меиірленсе, білім ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. ... Ғылымды үйренгенде ақыйқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.. ... Ғылымды ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен жеңілдікпен я біреудің орынсыз сөзіне я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсен мінездін беріктігі бұзылады. (Абай. «Отыз екінші сөз»).
9-тапсырма. (оқулықтан) Сөйлемдердің тыныс белгілерін түзетіп жазыңдар. 1. Қарт күрсінді: – Ұлым желік қуыпсың! 2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат нұрлы ақыл жылы жүрек. 3. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын үшеуі: Айжан Гүлнұр Болат. 4. Бәріне: ауыл адамдарына мектеп оқушыларына қонақтарға сый берілмек. 5. Мені көріп қалған жерде: – Нәзира айналайын сен біздің үйге неге келмейтін болып кеттің? Үйге жүр деп, үйіне ертіп әкелді. 6. «Орамал тон болмайды жол болады» дейді қазақ... 7. Оқып білім ал бөбек!
Үйге тапсырма: 6 -тапсырма Рефлексия «Борт журналы» әдісі бойынша кестенің екінші бөлігін толтырыңдар. «Борт журналы»
|
Психологиялық ахуал «Кішкентай суретші» Мақсаты: Қоршаған адамдарға назар аудара білуін дамыту. Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол бір тыңдаушыны «натура» ретінде біреуін таңдап, теріс қарап «сурет салуды бастайды» (сөзбен портретін сипаттайды) Қалғандары бұл кім екенін шешулері қажет.
Қазақстан Респубикасының Ұлттық кітапханасы жайлы бұған дейінгі білетін ақпараттарын жинақтайды.
«Борт журналы» әдісі бойынша кестенің бірінші бөлігін толтырады.
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап береді.
Екі мәтіннің стилін мәтіндегі сөздер арқылы анықтап, дәлелдейді.
Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырады. 1-мәтін Стилі ғылыми стилі Тақырыбы: Ғылыми кітапханалар, олардың қызметі, қорлары мен жетістіктері. Мазмұны: Қазақстандағы ғылыми кітапханалардың қызметі мен құрылуы, олардың оқу залдары мен ақпараттық жүйелерінің ерекшеліктері, қордың көлемі мен сандық көрсеткіштер. Тілдік ерекшеліктері: Ғылыми терминдер мен сандық мәліметтер жиі қолданылады. ақпараттық және нақты сипатта баяндалады.Термин сөздер: Ғылым академиясы, магистранттар, автоматтандырылған ақпараттық кітапханалық жүйе (ААКЖ) бағдарламасы т.б 2-мәтін Стилі: Публицистикалық стиль. Сұхбат түрінде берілген. Тақырыбы: Академик Мекемтас Мырзахметовтің кітапқа деген қызығушылығы мен жеке кітапханасы. Мазмұны: Мекемтас Мырзахметовтің өз кітапханаларын қалай жинақтағаны, өміріндегі маңызды тұлғалардан алған қолтаңбалары мен әдебиетке деген көзқарасы туралы сұхбат беріледі.
Тілдік ерекшеліктері: Әңгімелесу тілі мен бейнелі сөздер қолданылған. Бұл мәтін бейресми сипатта және жеке пікірлер мен эмоцияларға көп орын беріледі. Тілде әңгімелеу мен сұхбат түріндегі диалог кездеседі.Сұраулы сөйлемдер,сандық мәліметтер, қаратпа сөздер бар.
8-тапсырма Төмендегі мәтінді оқиды. Орфографиялық, пунктуациялық қателерді анықтап, түзетіп жазады.
Білім -ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінін біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей іздегенмен табылмас. ... Адам көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. ... Ғылымды үйренгенде , ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.. ... Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездін беріктігі бұзылады.
1. Қарт күрсінді: – Ұлым, желік қуыпсың! 2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 3. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын үшеуі: Айжан, Гүлнұр, Болат. 4. Бәріне: ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға сый берілмек. 5. Мені көріп қалған жерде: – Нәзира, айналайын, сен біздің үйге неге келмейтін болып кеттің? Үйге жүр,- деп, үйіне ертіп әкелді. 6. «Орамал тон болмайды, жол болады»,- дейді қазақ... 7. Оқып білім ал, бөбек!
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -екі мәтіннің стилін анықтайды – 1 балл, -екі мәтіннің тақырыбын анықтайды – 1 балл, -қысқаша мазмұнын жазады – 1 балл, -тілдік ерекшеліктерін салыстырады – 1 балл.
Бағалау
Бағалау «Дарабоз» әдісі
1) сабаққа қатысуы; 2) оған даярлығы; 3) тапсырманы орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы.
Дескриптор Білім алушы -орфоргафиялық қателерін анықтайды – 1 балл, -пунктуациялық қателерін анықтайды – 1 балл, -қателерін түзетеді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -тыныс белгілерін түзетеді – 1 балл, -сөйлемдерді көшіріп жазады – 1 балл. |
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 9-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Университеттік кітапханалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Айдаһар» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру «Университет» сөзіне анықтама беріңдер. «Университет пен кітапхана», «Мектеп және кітапхана» ұғымдары бір-бірімен қаншалықты байланысты? Қазақстандағы қандай танымал университеттерді білесің? Өз мектебіңдегі кітапхана қандай? Электронды кітапхана туралы білесіңдер ме? 1-тапсырма (оқулықтан) Мәтінді тыңдап, «Қолшатыр» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Өзіңнің кітапханаларың туралы баяндап бер. 2. Қандай жанрдағы кітаптарды оқуды ұнатасың? 3. Соңғы рет қандай кітап оқыдың? 4. Ондағы оқиға сені несімен қызықтырды? 5. Кітапты кітапханадан алып оқуды қалайсың ба әлде ғаламтордағы электронды әдебиеттерді оқисың ба? 6. Кітап оқуды саған кім жиі ұсынады? Тыңдалым мәтіні Кітап барлық адамға қажет, сондықтан оған құрметпен қарау керек. Сирек кездесетін кітаптармен оқу залында танысуға болады, оларды үйге алып кетуге рұқсат берілмейді. Кітап – біздің ақылшымыз, досымыз. Жазушылар кітап арқылы бізбен өздерінің білімі, өмірлік тәжірибелерімен бөліседі. Кітаптардан біз басқа елдер мен мемлекеттер, ондағы адамдардың өмірі, жан-жануарлардың әлемі, жалпы тарих туралы оқып білеміз. Кітаптарда адамзат туралы барлық ақпарат сақталады. Кез келген адамның үйінде өзінің сүйікті, арнайы кітаптары сақталатын қандай да бір кітапханасы болады. Ал егер бізге бір қызықты мәліметтер, деректер қажет болса, кітапханаға барамыз. Бұл жерде кітапханашы барлық сұрақтарға жауап тауып береді. Кітапхананың өз ережелері бар. Мысалы кітапханада: -әдебиеттермен жұмыс жасап отырған оқырмандарға бөгет жасамау үшін, тыныштық сақтау керек, ұялы телефонды өшірген дұрыс, қатты сөйлеуге болмайды; -кітапханаға кіргенде, «сәлеметсіз бе», «рақмет», «сау болыңыз» деген сияқты сыпайы сөздерді қолдануды ұмытпаңдар; -оқу залына тамақпен кіруге болмайды; -кітап парақтарын бүктеуге, жыртуға болмайды. Кітап барлығына керек, сенен кейін де ол әлі қаншама адамға қызмет етеді, сондықтан оны күтіп ұстау қажет.
2-тапсырма (оқулықтан) Жұптық жұмыс «Сұхбат» әдісі
Парталасыңмен біріге отырып, «Біздің мектептегі кітапхана» тақырыбында сұхбат құрыңдар. Сұхбатта төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңдар.
Жұмыс тәртібі, демалыс күні, кітаптар бөлімі, қызықты дерек (кітап, фильм), кітапханашы, тапсырыс беру, кітаптар қоры, тыйым салынған, ұқыпты ұстау, мерзімінде тапсыру, рақмет, сәлеметсіз бе, сау болыңыз, дерекқор, кітап қоймасы.
9-тапсырма. (оқулықтан)
«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша үстеу сөздердің түрлерін талдаңдар.
ЕББҚ оқушыға тапсырма «Сәйкестендіру» әдісі бойынша берілген үстеулерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, кестені толтырыңыздар.
Үйге тапсырма: 7 -тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Айдаһар» Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.
«Қолшатыр» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Парталасымен біріге отырып, «Біздің мектептегі кітапхана» тақырыбында сұхбат құрады. Сұхбатта дайын сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.
«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша үстеу сөздердің түрлерін талдайды.
«Сұхбат» әдісі
Берілген үстеулерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, кестені толтырады.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды – 1 балл
Бағалау
Дескриптор Білім алушы -сұхбат құрады – 1 балл, -сұхбатта дайын сөздер мен сөз тіркестерін қолданады – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -үстеу сөздердің түрлерін талдайды – 2 балл, -сұрақтарға жауап береді – 2 балл, -семантикалық картаны толтырады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -үстеулердің мағынасын ажыратады; -үстеулерді мағынасына қарай сәйкестенді реді.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 10-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Университеттік кітапханалар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.6.1 - мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Мəтіндегі орфографиялық жəне пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялай алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету Құндылық: әділдік және жауапкершілік -өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 10 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
7 минут
10 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру https://www.youtube.com/watch?v=NH55ITawprc «Әл-фараби» ғылыми-көпшілік кітапханасы туралы бейнекөрсетілімді мұқият көріп, тыңдаңдар.Топтық жұмыс «DEAL» әдісі арқылы бейнекөрсетілім бойынша топта талқылау жүргізіңдер.
3-тапсырма. (оқулықтан) 191-бет Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты теріп жазыңдар. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңның негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңдар. Сұрақтарыңның негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңдер. Үлгі: Негізгі ақпарат: 1) Ғылыми кітапхана – студенттер мен магистранттар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық. 2) Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі. Қосымша ақпарат: Кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен XVI–XIX ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылым жинақталған. 5-тапсырма. Жұптық жұмыс Оқылым мәтініндегі кітапхананы өздерің тұратын елді мекендегі кітапханамен салыстырып, Венн диаграммасы арқылы талдап көрсетіңдер. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылаңдар. Ортақ белгілерін шығарыңдар. Ғылыми Елді мекендегі кітапхана кітапхана
Жеке жұмыс Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптерлеріңе жазыңдар. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңдер. Ең үлкен кітапхана - Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005-жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүз-ге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. Екінші, Дублиннің Тринити-колледжінің Кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған. Үшінші, Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149-жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ - ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 -кітап, 1500 - мерзімді баспасөз, 2500 - қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған. Төртінші, Джей Уокер — америкалық ойлаптапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көп деңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар. Бесінші, Йель университетінің сирек кездесетін кітаптармен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның негізі 1963-жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған. Қорытындылау «Бір минут» әдісі Кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлеңдер.
Үйге тапсырма: 8-тапсырма Рефлексия
|
«Әл-фараби» ғылыми-көпшілік кітапханасы туралы бейнекөрсетілімді мұқият көріп, тыңдайды. «DEAL» әдісі арқылы бейнекөрсетілім бойынша топта талқылайды.
«DEAL» D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты теріп жазады. Мәтіннен іріктелген ақпараттарының негізінде бірнеше сұрақтар құрастырады. Сұрақтарының негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескереді.
Оқылым мәтініндегі кітапхананы өздерің тұратын елді мекендегі кітапханамен салыстырып, Венн диаграммасы арқылы талдап көрсетеді. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын топта талқылайды. Ортақ белгілерін шығарады.
Мәтінді мұқият оқиды. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріне жазады. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйенеді.
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады – 1 балл; -қосымша ақпараттарды табады – 1 балл; -сұрақтар құрастырады – 2 балл; -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі кітапхананың ерекшеліктерін анықтайды, -елді мекендегі кітапхананың ерекшеліктерін анықтайды, -екі кітапхананың ұқсастықтарын талдайды.
Дескриптор Білім алушы -мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтайды – 2 балл; -қателерді түзетеді – 2 балл; -дәптерге қайта редакциялап жазады – 1 балл.
Жетон арқылы бағалау
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
https://www.youtube.com/watch?v=NH55ITawprc
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 11-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Нәиже сабақ . Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.5.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: әділдік және жауапкершілік - оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 10 минут
8 минут
Сабақтың ортасы 7 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Мотивация» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; 1-тапсырма Қазақстандағы кітапханалар тізімін жасап, атауы бойынша ол кітапхананың кімдерге арналғанын, қандай бағытта жұмыс істейтінін кестеге түсіріңдер. Үлгі:
8-тапсырма (оқулықтан) Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқыңдар. Мәтіннің негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңдар. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген. Бүгінде кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу – нағыз өнер. Соншама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу. Үлгі:
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма Оқу мақсаты : 6.3.5.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 20 минут Тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқыңдар. 1-мәтін Отырар кітапханасы Жібек жолы бойымен кіре тартқан көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды, тіпті бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды.Бұқаралық ғұлама Рузбехан: «Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды тек қала тұрғындары емес, шалғайдағы Сығанақ қаласының тұрғындары да пайдаланып отырды»,-деп жазады. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүниежүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды.Солардың ішіндегі ең атақтысы – біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол әлемнің екінші ірі кітапханасынан білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық еуропа, араб және қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана шапқыншылардың аяғына тапталады. Бұл – 1218 жыл болатын. Алайда моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Әйгілі Отырар кітапханасының ата-бабамыз мкен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер болғаны – ақиқат. (baq.kz) 2-мәтін Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады. XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша, моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптарды қорғау үшін жерасты жолдарында сақтауы мүмкін. Кейіннен оларды жеті жасар бала тауып алады делінеді. Десе де мұндай жорамалдар нақты дәлелдемелерге негізделмегендіктен ғылымда мойындалмай отыр.
2. Мәтін абзацтарынан сөйлемдерді іріктеп алып, негізгі ойды анықтаңдар және жинақы мәтін жазыңдар.
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Мотивация» Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.
Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Негізгі ақпарат: Бүгінде кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу – нағыз өнер.
Қосымша ақпарат: Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -кітапханалар дың атауын жазады- 2 балл, -орналасқан жерін анықтайды -2 балл, -жұмыс бағытын анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -сұрақтар құрастырады – 2 балл, -негізгі ақпаратты анықтайды – 2 балл, -қосымша ақпаратты анықтайды – 1 балл.
Бір- бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 12-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстан ғылымы |
|||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; |
|||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
5 минут
5 минут
7 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Ойланып сурет саламыз!» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1. Ғылымның адам өмірінде қандай маңызы бар? 2. «Жаңалық ашу» дегенді қалай түсінесің? 1-тапсырма. (оқулықтан) 1) Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Тыңдалым мәтіні Ғылым – қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамның сананың дербес формасына айналад. Себебі қоғамдағы сан салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар ғылымның білім жүйесі әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі – латынша «Scienia» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім адамзаттың әрқилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан , өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. 2) Ондағы мәселе бойынша ой тұжырымдаңдар. Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңдар. Ойларыңды анық жеткізіңдер. Дайын тіркестер мен терминдер: ғылым, білім, рухани мәдениетінің, әлеуметтік институт, даму заңдылықтарын, этимология, тіршілік ету сферасы, логикалық заңдарға
2-тапсырма Сұрақтарға жауап бер. 1. Ғылым мен білімнің айырмашылығы неде? 2. Адам ғылымды қалай игереді? 3. Білімді болу үшін не істеу керек? 3-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі ресми сөздердің энциклопедия немесе сөздіктерден анықтамасын тауып айт. • Ғылым • Білім • Мәдениет
Тілдік бағдар Пунктуация термині латынның «punctum» – нүкте деген сөзінен алынған. Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, жазу емлелерімен бірге, белгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады; екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді. Біршама аяқталған ойды білдіретін сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылуына қарай нүкте, сұрау, леп белгілері қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңынан келетін белгілер деп аталады. Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте (.) қойылады. Мысалы: 1) Жасы да, еңбегі де үлкен. 2) Сол үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сендер осы мектепте оқисыңдар ма? Лепті, бұйрықты сөйлемдерден кейін леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: – Сәтбала, есігіңді аш! (Ғ. Сланов) – Мамыр біткен биылғыдай болсайшы! – деді аспанның түнгі көрінісіне сүйсінген Қайырбек (Ғ. Сланов). Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте (.), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (...). Бұлар даралаушы қызмет атқарады. Сонымен қатар сөйлем соңында тыныс белгілерінің қабаттасып келетіні де болады. Олар: сұрау белгісі және леп белгісі, сұрау белгісі мен көп нүкте, леп белгісі мен көп нүкте.
9-тапсырма. (оқулықтан) Мақал-мәтелдерді сәйкестендір. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.
ЕББҚ оқушыға тапсырма 6-тапсырма. (оқулықтан) Сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз.
Үйге тапсырма: 8-тапсырма Рефлексия
«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. 1. Бүгін не үйрендім? 2. Сабақ бойынша нені түсінбедім? 3. Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?
|
Психологиялық ахуал «Ойланып сурет саламыз!» Суретті қозғалыста салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды: -Тоқтауға болмайды! -Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. -Суретке ренжуге болмайды!
Мәтінді мұқият тыңдайды. Ондағы мәселе бойынша ой тұжырымдайды. Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады. Ойын анық жеткізеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалым мәтініндегі ресми сөздердің энциклопедия немесе сөздіктерден анықтамасын тауып айтады.
1.Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. 2. Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge) — адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. 3. Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдірген. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан, тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіреді. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
Сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл, -диалогке қатысады – 1 балл, -дайын тіркестер мен терминдерді қолданады – 1 балл, -ойын анық жеткізеді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі ресми сөздерді анықтайды – 1 балл, -сөздіктерден анықтамасын іздейді – 1 балл.
Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -мақал-мәтелдерді сәйкестендіреді – 2 балл, -тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді – 2 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 13-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстан ғылымы. Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы |
||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.2.1 - ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажырата алады. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыра алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 12 минут
13 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал Мен қандай адаммын? 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; 1-тапсырма. Екі мәтіннен ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеуге тән стильдік ерекшеліктерді анықта. Кестені толтыр. 1-мәтін – Шәкірт Сәтбаев, тақта алдына! – дейді Григорий Васильевич. Қаныш жан-жануарлардың суреті ілінген тақтаға келеді. – Мынау не? – Жеребенок. – Дұрыс, балақан. Түсі қандай? – Саврасый. – Осы құлынды қасқыр жеп кетті дейік. Соны енді Имантай атаңа қалай айтасың? Бала томсырайып тұрып қалады. -Қане, қасқырды орысша қалай айтасың? -Білсем де айтпаймын!-деп шәкірт теріс айналады. -Әй-әй -, сірә, ұмытып қалғансың, ә? -Потому что не мог жеребенка съесть волк. Наш Касен-ага – шибко смелый табунщик, не дал бы ему... 2-мәтін Сәмен Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде кенет астындағы торы осқырынып жалт берді. Аяқ астынан үріккен аттың жалын құшып қалған ол әнтек құламай қалды. Тізгінді күшпен тартып, торыны әзер тоқтатып, артына бұрылғанда тұла бойы түршігіп, шошып кетті. Қараса, сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт-сары. Жер бетінен бір метрдей биікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді. Жол-жөнекей ұшқын ұшып түсіп жатыр. Бұл не деген керемет! Сәмен аузын ашып аңқиып тұр. Қозғалуға дәрмен жоқ. Сәменнің ойына бір кезде атасынан естіген ескі аңыз түсті. Көшпелі алтын! Бұл көшпелі алтын ғой! Ол ой түкпірін қазбалап, есіне аңызды түсіре берді... Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстыр
2-тапсырма Байланыс құралдарының тұтыну дәрежесі қаншалықты екендігін деректер жинау арқылы дәлелдеп көр. Дәлеліңнің нәтижесін кесте арқылы ұсын. Әлемде телефон, планшеттердің көптеген түрлері бар. Олардың біразын ғалымдар зерттеп, адамға қаншалықты пайдалы не зиянды екендігін дәлелдеуге тырысып жатыр. Алайда бұл техниканың түрінсіз адамның күнделікті тіршілігін елестету қиын болып бара жатыр.
Қорытындылау Мәтінді мұқият оқы. Мәтінге байланысты «Инсерт» әдісімен төмендегі кестені толтыр. Қазақстан ғылымы Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 383 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда. Осыған орай қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін кеңейту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған дәуірі. Адамзаттың өмір сүру дағдысы ауырдан жеңілге ойысқан сайын, адам бір ғана түймешік арқылы бүкіл әлемді басқарғысы келеді. Адам армандайды. Адамның қолынан бәрі келеді. Ұшатын кілем болса, айшылық жерден жылдам хабар алсам дейді. Ақырында, ұшақтың да, ұялы байланыстың да сан түрін ойлап тапты. Бұның бәрі ғылым мен білімнің дамығандығының нәтижесі.
Үйге тапсырма: 7-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал
Мен
қандай адаммын?
Екі мәтіннен ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеуге тән стильдік ерекшеліктерді анықтайды. Кестені толтырады.
1-мәтін Стилі: ауызекі сөйлеу стилі Тақырыбы. Шәкірт Қаныш туралы Мазмұны: Шәкірт Қаныш пен ұстазының арасындағы әңгіме. Шәкірт Қаныш ұстазы Григорий Васильевичтің берген сұрақтарына тапқырлықпен жауап береді. Тілдік ерекшеліктері: сұраулы сөйлемдер, орыс тіліндегі сөздер, қаратпа сөздер. 2-мәтін Стилі: көркем әдебиет стилі Тақырыбы. Кейіпкер Сәменнің таңғажайыпқа тап болуы Мазмұны: Сәмен Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде астындағы торы осқырынып жалт береді. сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт-сары. Сәменнің ойына бір кезде атасынан естіген ескі аңыз түседі. Тілдік ерекшеліктері: торы осқырынып жалт берді –метонимия, үріккен аттың, көшпелі алтын – эпитет, бір от келе жатыр екен – кейіптеу, Үлкендігі аттың басындай –теңеу.
Байланыс құралдарының тұтыну дәрежесі қаншалықты екендігін деректер жинау арқылы дәлелдеп көреді. Дәлелінің нәтижесін кесте арқылы ұсынады.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -екі мәтінді салыстырады, -мәтіндердің стилін анықтайды, -тақырыбын салыстырады, -мазмұнын салыстырады, -тілідік ерекшеліктерін анықтайды.
Бағалау «Ай» әдісі
Т
Дескриптор Білім алушы
-тақырыпқа қатысты мәлімет жинақтайды; -мәліметтерінің негізінде кесте құрастырады
Дескриптор Білім алушы -мәтінді оқиды, -кестені толтырады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 14-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация
|
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ ғалымдары |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады. Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
15 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Ғалым деп кімді айтады? Қазақтың қандай ғалымдарын білесіз?
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңдар. Ойларыңды анық жеткізіңдер. «А,В,С» әдісі бойынша А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Тыңдалым мәтіні Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. Шоқан – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды жақсы көрді. Шоқан Уәлиханұлы 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2-3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында-ақ болашақ ғалым деп білген. Шоқан Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинаған. Ш. Уәлиханұлының ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында 22 жасында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Потанин Шоқанды «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деген. 1856 жылы Ш. Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды. 1857 жылы Шоқан Уәлиханұлы Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш. Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі болып саналатын ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. Оның «Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болды. Шығыс Түркістандағы Қашғария еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтты. Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты. Тілдік бағдар Тыныс белгілерінің қойылуы Нүкте 1. Хабарлы сөйлемнен кейін қойылады. Қыс түсті. 2. Жай, екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін қойылады. Апа, сізді жақсы көремін. 3. Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін қойылады. Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл! 4. Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ескертпе (ремарка) сөйлемнен кейін жақша ішінде қойылады. Мүсірепов. (құлазып.) Қыбыр еткен жан жоқ. 5. Адамның аты-жөні қысқарғанда қойылады. Ғ. Мүсірепов / Ғ.М. 6. Газет-журнал атауын шартты түрде қысқартқанда қойылады. «Қазақ әдебиеті» / Қ.Ә. 7. Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда қойылады: тағы сол сияқты – т.с.с. Сұрау белгісі 1. Сұраулы сөйлемнен кейін қойылады. Олжас қайда? 2. Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғандығын аңғару үшін, сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады. Пысық деген (?) ат шықты. Леп белгісі 1. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін қойылады. Қандай керемет! Бері кел! 2. Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемнен кейін қойылады. Қалағаныңызды алыңыз! – деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп (С. Мұқанов). 3. Ұранды сөйлемнен кейін қойылады. Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным! 4. Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін қойылады. – Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін! Қолымнан келгені осы. 5. Көтеріңкі дауыспен «иә», «жоқ» деген сөздерден кейін қойылады. – Жоқ! Қайтсең де тауып әкел! 6. Сәлемдескенде айтылған, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін қойылады. – Амансың ба, қарағым? – деп қария балаға қарады. Көп нүкте 1. Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда, сөйлем соңында көп нүкте қойылады. Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... 2. Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін қойылады. Туып-өскен жері, елі... Ұста деймін... қаттырақ ұста. 3. Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады. ... Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай). 4. Айтуға қолайсыз, тұрпайы сөздің орнына қолданылады. Қарашы, мына ... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?! 5. Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіп қалған орынға қойылады. Қиын тиді ... оларға Аз кісі-ақ қайтып санарға (Абай). 2-тапсырма Мақал-мәтелдерді толықтырып, тыныс белгісін қойып жазыңдар, мағынасын түсіндіріңдер. • Оқусыз ... жоқ Білімсіз ... жоқ • Оқу ... құдық қазғандай • Ғалыммен жақын болсаң ... жетер Залыммен жақын болсаң ... кетер • Ақыл азбайды ... тозбайды • Күш ... де • ... – теңіз, ... – кеме ЕББҚ оқушыға тапсырма 4-тапсырма. (оқулықтан) Берілген сөйлемдерге тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. 1. Оқуға бар ынта-жігеріңді сал 2. Өзіңе мына көйлектердің қайсысы ұнайды 3. Шіркін-ай, атты қалай таңдап қояды 4. Бұл қайсың, Мұратпысың 5. Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған 6. Ғылым-білімге түгелдей берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады Үйге тапсырма: 10 -тапсырма Рефлексия
|
Сұрақтарға жауап береді. Қазақтың ғалымдары жөнінде білетін ақпараттармен алмасады.
Мәтінді мұқият тыңдайды. Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады. Ойларын анық жеткізеді. Топта үшеуден отырады. А,В,С» әдісі бойынша А - сұрақ қояды. В - жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, болмаса толықтырып отырады.
Дайын тіркестер мен терминдер: Шоқан Уәлиханұлы , бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші, Омбыдағы кадет корпусы, озат оқушыардың, ауыз әдебиетінің үлгілері, тарихы мен этнографиясы, Орыс географиялық қоғамы, энциклопедиялық дастаны, тарихи деректер.
Мақал-мәтелдерді толықтырып, тыныс белгісін қойып жазады, мағынасын түсіндіреді.
• Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. • Оқу инемен құдық қазғандай. • Ғалыммен жақын бол саң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң басың кетер • Ақыл азбайды, Білім тозбайды • Күш білімде • Білім – теңіз, мектеп – кеме.
Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігіне рефлексия жасайды. Қызықты болған тұстарын, түсінбеген тұстарын жеткізеді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -диалогке қатысады – 1 балл, -сұрақтарға жауап береді – 2 балл. -дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады – 2 балл, -ойларын анық жеткізеді – 1 балл.
Бағалау Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. (9-10 балл) Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл) Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. (4-6 балл) Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы -мақал-мәтелдерді толықтырады – 2 балл, -тыныс белгілерін қояды – 1 балл, -мағынасын түсіндіреді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қояды; -қатесіз көшіріп жазады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 15-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация
|
|||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ ғалымдары. Әлкей Марғұлан |
|||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. («келісу, келіспеу» эссесі) |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал Мотивация
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру
Әлкей
Марғұлан
5-тапсырма. (оқулықтан) Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыр.
11-тапсырма. Қазақ ғалымдарының біреуінің өмірі туралы (өзің таңдап) эссе жаз. Көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсет. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.
Үйге тапсырма: -тапсырма Рефлексия 12-тапсырма. Сабақта алған біліміңді, әсеріңді төмендегі сұрақтарға сәйкес айтып бер. 1) Не үйрендім? 2) Қанша мәлімет алдым? 3) Әлі де білгім келеді. 4) Нені түсінбедім? |
Психологиялық ахуал «Мотивация» Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.
Мәтінді мұқият оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.
Қазақ ғалымдарының біреуінің өмірі туралы (өзі таңдап) эссе жазады. Көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсетеді. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -нақтылау сұрақтарын қояды – 1 балл, -негізгі ақпараттарды анықтайды – 1 балл, -қосымша ақпараттарды табады – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -берілген жағдаятқа сай эссе жазады – 1 балл; -эссенің тақырыбынан ауытқымайды – 1 балл; -абзацтар жүйесін сақтайды – 1 бал; - өзіндік көзқарасын білдіріп, келісу-келіспеу себептерін айқын жазады – 1 балл. -тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 16-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ғылымдағы жаңалықтар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.2.1 -əлеуметтік-мəдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мəселені талдау; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әлеуметтік-мəдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мəселені талдай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 8 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
7 минут
5 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру
Ғылым деген сөзді айтқанда еске түседі? Ғылымға қатысты бұрыннан қандай ақпараттар білесіңдер? 1-тапсырма. (оқулықтан) 1.Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Тыңдалым мәтіні Грек философы Гиппократ қазіргі заманғы медицинаның негізін бұдан 2500 жыл бұрын қалағаннан бері медицина ұзақ жолдан өтті. Медицинаның барлық саласы бойынша бүгінде қол жеткен жетістіктердің нәтижесінде адамдар анағұрлым ұзақ салауатты және бақытты өмір сүретін болады. Заманауи медицинада дәрігерлерге заттарды қатты кішірейтетін нанотехнологиялар тиімді әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Болашақта Нанотехнологиялар медицинада төңкеріс жасауы мүмкін. Хирургияда кіп-кішкентай механизмдер - нанороботтарды ішкі құрылысқа ота жасауда хирургтерге (оташыларға) көмектесу үшін қолдануға болар еді. Нанороботтар біздің қанымызда айналса, зиянды вирустарды жойып жібереді. Дене өзін – өзі қалпына келтіре алмайтын жағдайда нанотехнологиялар дәрігерлерге көмекке келеді. Оңтүстік Африкада тұратын Оскар Писториус серіппелі протезбен жүгірудің чемпионы екен. АҚШ-тың бұрынғы жаяу әскері Клаудиа Митчелл мидың командасымен өзінің протез қолын қозғайды. 2.Тыңдалған мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақ қойыңдар. Ақпараттарды анықтаңдар. Мәтін мазмұнын жаңалықтарды хабарлау түрінде мына сұрақтарға сәйкес айтып беріңдер. • Қазіргі медицинада қандай жаңалықтар болып жатыр? • Қазақстан медицинасы туралы не айтар едіңдер? • Нанотехнологиялармен жасалатын ота туралы не білесіңдер? • Өз қалаңда немесе өлкеңде қандай медициналық жаңалық жасалды? 3-тапсырма. (оқулықтан) Мәтін бойынша «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін толтыр.
Тілдік бағдар
ЕББҚ оқушыға тапсырма 6-тапсырма. Тілдік бағдарға сай тыныс белгілерін қолдана отырып, үзілістегі оқиға жайлы шағын мәтін жаз.
11-тапсырма. Тілдік бағдар айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қызметін, маңызын талда.
Үйге тапсырма: 12-тапсырма
|
Психологиялық ахуал
«Жунглидегі
жаңбыр»
Танымдық ақпарат Ғылым – адам қызметінің нәтижесі. Қазіргі әлемде адамдардың көпшілігінің өмірінің негізін технологиялық жетістіктер құрайды. Бүгінгі таңда өмірді биотехнологияларсыз, компьютерлік технологияларсыз және ғылымның басқа да жетістіктерінсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар жаңа ашылымдар мен техникалық өнертабыстар ғылыми білімге негізделеді. Ғылым адамның дүние туралы, оның заңдылықтары туралы білімін қамтиды. Бұл білімді меңгеру ұзақ, жүйелі, күрделі және даулы таным процесін қажет етеді.
Мәтінді мұқият тыңдайды. Тыңдалған мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Ақпараттарды анықтайды. Мәтін мазмұнын жаңалықтарды хабарлау түрінде қойылған сұрақтарға сәйкес айтып береді.
Мәтін бойынша «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін толтырады.
Тілдік бағдарға сай тыныс белгілерін қолдана отырып, үзілістегі оқиға жайлы шағын мәтін жазады.
Тілдік бағдар айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қызметін, маңызын талдайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -тыңдалым мәтіні бойынша сұрақ қояды – 1 балл, -ақпараттарды анықтайды – 1 балл, -мәтін мазмұнын хабарлау түрінде баяндайды – 1 балл.
Бағалау
Дескриптор Білім алушы -мәтіннен үзінділерді жазады – 1 балл, -өз пікірін білдіреді – 1 балл, -ой-тұжырым жасайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шағын мәтін құрады, -тақырыпқа сай жазады, -тыныс белгілерін дрыс қолданады.
Дескриптор Білім алушы -тыныс белгілерінің өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды – 1 балл, -қызметін талдайды – 2 балл, -маңызын талдайды – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 17-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ғылымдағы жаңалықтар. Нанотехнология |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
5 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. «Жүректі тазарту»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап беріңдер. Атом ядросы. Кванттық механика. Кибернетика 1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба? 3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Танымдық ақпарат Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі. Атом (грек тілінен аударғанда «бөлінбейтін») материяның ең кіші құрылымдық бірлігі болып саналды. Атом ядросының зарядын алғаш рет 1913 жылы Г.Мозли өлшеген.
Кванттық механика (толқындық механика) — микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың, молекулалардың, атом ядроларының) және олардың жүйелерінің (мысалы, кристаллдардың) қозғалу заңдылықтарын анықтайтын, сондай-ақ, бөлшектер мен жүйелерді сипаттайтын физикалық шамаларды макроскопиялық тәжірибеде тікелей өлшенетін шамалармен байланыстыратын теория.. Кибернетика (грекше kybernetіke — басқару өнері, ағылшынша cybernetіcs) — басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі организмдердің нерв жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады.
4-тапсырма. (оқулықтан) Мәтінді оқыңдар Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды және қосымша ақпараттарды теріп жазыңдар. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңның негізінде бірнеше сұрақтар құрастыр. Сұрақтарыңның негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңдер. Тілдік бағдар Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерінің бірі – қос нүкте. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі – сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету. Қос нүкте сөйлемде мынадай жағдайларда қойылады: • бірыңғай мүшенің алдында келген жалпылауыш мәнді сөзден кейін қойылады. Мысалы, Үйдегілердің бәрі: апам, Айна, інім, қонақтар да далаға жүгіріп шықты. • құрмалас сөйлемнің құрамындағы бірінші жай сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып ашылса, берілетін салаластардың арасына қос нүкте қойылады. Мысалы, Үй артындағылар үшеу екен: інім, көршінің баласы және мен білмейтін бейтаныс бала. • автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Мысалы, Ол ойланып барып былай деді: «Биыл асығыстау емес пе? Келесі жылы барайық». • түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан соң қос нүкте қойылады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады. 7-тапсырма. Мәтінді оқы.Нүктелі үтірді қолданып, нанотехнология жайлы өзіндік пікіріңді дәлелдеп, шағын жазбаша мәтін құра. Нанотехнология Нанотехнология – адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, әлдебір құрылымды жасап шығару. «Нано» сөзі миллиардтың бір бөлігі деген мағынаны білдіреді. Оны қазақ тілінде «кішкентай өлшемді технология» деп атауға болады. Бүгінде нанотехнологиялар арқылы заманауи есептеуіш мәшинелер мен өндірістік технологиялардың, тіпті дәрі-дәрмектердің де өндіріліп жатқаны белгілі. Осындай құрылғылар адамның ішкі ағзасын қалпына келтіреді немесе біздің қанымызда айналып, хирургтерге микробтарды жоюға көмектесе алады. (Балалардың танымдық энциклопедиясынан) ЕББҚ оқушыға тапсырма 12-тапсырма. (оқулықтан) Сөйлем ішінде қос нүктені жиі қолданып, Қазақстан ғылымы жайлы 4–5 сөйлем жаз Үйге тапсырма: 13 -тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады: Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мәтінді оқиды. Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды және қосымша ақпараттарды теріп жазады. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңдың негізінде бірнеше сұрақтар құрастырады. Сұрақтарының негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескереді.
Мәтінді оқиды.Нүктелі үтірді қолданып, нанотехнология жайлы өзіндік пікірлерін дәлелдеп, шағын жазбаша мәтін құрайды.
Сөйлем ішінде қос нүктені жиі қолданып, Қазақстан ғылымы жайлы 4–5 сөйлем жазады. |
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Бағалау Дарабоз 1) сабаққа қатысуы; 2) оған даярлығы; 3) тапсырманы орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы.
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады – 2 балл; -қосымша ақпараттарды табады – 2 бал; -сұрақтар құрастырады 1 - балл; -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -тақырыпқа сәйкем мәтін құрайды – 1 балл, -өзіндік пікірлерін дәлелдейді – 2 балл, -нүктелі үтірлі қолданады – 1 бал.
Дескриптор Білім алушы - тақырыпқа сай сөйлем құрайды, -қос нүктені қолданады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 18-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазіргі заманауи технологиялар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыра алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 10 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
15 минут
5 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Еден-төбе-мұрын» жаттығуы 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ұшатын көлік, аспан пойызы, робот сөздері арқылы топқа бөлу 1-топ: Аспан пойызы 2-топ: Ұшатын көлік 3-топ: Робот Ой шақыру Заманауи технологиялар туралы не білесіңдер? Әр топ өз атауларына қатысты білетін ақпараттары жайлы ой қозғайды. 1-тапсырма. (оқулықтан) Мәтінді мұқият тыңдап, ат қойыңдар. Тыңдалған мәтін бойынша 2-3 сұрақ құрастырыңдар. Көтеріліп отырған мәселе келешекте қандай көрініс табады? Болжам жасаңдар. «Робот» сөзін естіген кезде ойыңда қандай бейне пайда болады? Ойларыңды анық жеткізіңдер.
Тыңдалым мәтіні Автоматтандырылған машиналар, яғни роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде жұмыс істей алады. Роботтардың сыртқы түрі мен жүріс – тұрысы адамдарға өте ұқсас болуы мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды адамдарға барынша ұқсас қылуға тырысы жатыр. Роботтардың бір жақсы жері – олар ешқашан жалықпайды және жұмысты адамдарға қарағанда өнімді істейді. Одан бөлек, роботтар ешқашан ауырмайды немесе демалуды қажет етпейді, яғи олар күніне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Роботтар ешқашан «қолым тимей жатыр», «шаршап жүрмін» деген сылтауларды айтпайды және оларға түскі үзілістің де қажеті жоқ. Адамға қауіпті немесе қиын жұмыстарды робот қиындықсыз атқарып шығады. Роботтардың көпшілігі тұрақты және механикаландырылған жұмыстарды атқару үшін зауыттарда пайдаланылады. Роботтардың көптеген түрі бар. Бүгінде роботтар зауыттар мен фабрикаларда, зертханаларда, тауар қоймасында, ауруханаларда және басқа да көптеген өндіріс орындарында сан түрлі жұмыстар атқаруда, яғни роботтар өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады.
2-тапсырма Топтық жұмыс Мәтінді оқы. Ұсынылған тақырып бойынша басқа да деректер жинастырып, сызбаға түсір.
1-топ: Аспан пойызы Қытайдың Циндао қаласында «Аспан пойызы» деген атауға ие болған ең жылдам әуе пойызы сынақтан өткізіле бастады. Инженерлердің сөзінше, кішкентай рельсті жолда тұрақты магниттермен жабдықталған электр қозғалтқыштардың жаңа технологиясы қолданылады. Олар өзге көлік түрлеріне қарағанда ерекше: қуаттылығы жоғары, шағын көлемді, шудың деңгейі төмен және салмағы жеңіл. Пойыз кіші рельспен жерден 5–10 метр биіктікте жүреді. Оның құрамы 5 вагоннан тұрады және 510 жолаушыны сыйғыза алады. Орташа жылдамдығы – сағатына 70 шақырым.
Ықтимал жауап
2-топ: Ұшатын көлік Американың «Terrafugia» компаниясы әлемде бірінші болып ұшатын автокөлік жасап шығарды. Автокөлікті аспанға алып шығатын TF-X қондырғысы өзінің алғашқы аэродинамикалық сынағын бастап кетті. Өндіріс орны жаңа көліктің 2018 жылы жаппай шығарыла бастайтынына сенімді болып отыр. Құрастырушылардың айтуынша, көліктің 300 аттың күшіне тең екі жылжыма лы қанаты бар. Солардың көмегімен TF-X сағатына 322 шақырымдық жылдамдықпен ұша алады. Ұшу кезінде машинаны автопилот басқарады. Жүргізушісі компьютерге тек баратын жерді айтса, жетіп жатыр. Ұшатын автокөлік жолаушыны қонатын нүктеге барынша қысқа жолмен өзі алып барады.
Ықтимал жауап:
3-топ: Робот
Робот
– алдын ала орнатылған бағдарлама
бойынша әрекет ететін, түрлі механикалық
операцияларды жүргізуге арналған
автоматты құрылғы. Ықтимал жауап
11-тапсырма Компьютердің пайдасы мен зиянын анықтап, диаграммамен көрсет.
Үйге тапсырма: 5-тапсырма Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем» : - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... - сабақтан соң маған........келді. - бүгін маған..........сәті түсті. - қызықты болғаны..... - ......қиындық тудырды
|
Психологиялық ахуал «Еден-төбе-мұрын» жаттығуы Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Мәтінді мұқият тыңдап, ат қояды. Тыңдалған мәтін бойынша 2-3 сұрақ құрастырады. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын жеткізеді.
Қосымша ақпарат Қытайда Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Sky Train — елдегі тұңғыш аккумуляторлық батареямен жұмыс істейтін аспалы темір жолы қолданысқа берілді, деп хабарлайды CCTV телеарнасы. Литий батареялары пойыздың 4 қозғалуына мүмкіндік береді. Аялдау кезінде аккумуляторларды қуаттап алуға болады. Пойыз сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүреді. Пойыз құрамында панда секілді боялған екі вагон бар. Екі вагонға жалпы саны 230 жолаушы сыяды. Әзірге панда-пойыз Сычуань провинциясында ғана жүреді, аспалы дара рельстің ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды. Алайда, жақын күндері билік рельсті 6 шақырымға дейін ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады epochtimes.ru.
Қосымша ақпарат
«Тerrafugia» деп аталатын массачусетстік компанияның бұл туындысы Нью-Йорк қаласы Javits Convention Center-де болған автошоуда көрермендердің көрермендердің таңдайын қақтырды. Көлемі үлкен джиппен бірдей болатын осы екі орынды автокөлік (купе) жылдамдығын айтарлықтай арттыра алады. Оның жылдамдығы тас жолда сағатына 115 км-ге жетеді. Ал егер 8 метрге жететін қанаттарын жаятын болса, 600 метр биіктікте самғай алады. Ұшатын көлікті меңгеру үшін жүргізуші/ұшқыш 20 сағаттық дайындық курсынан өтуге міндетті. АҚШ-тың кейбір штаттарында ұшу тек әуежай арқылы ғана рұқсат етілетін болады. Алайда жеңіл моторлы ұшақтарға тас жолдан ұшуға болатын Монтана және Аляска штаттарында Transition Roadable Aircraft тіпті тұрған орнынан ұшуға рұқсат берілген.
Қосымша ақпарат
«Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты оры стың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. “Seiko Epson” деп аталатын жапондық компания дүниедегі ең кішкентай роботты құрастырды. Роботтың салмағы небәрі бір жарым килограмм, ал ұзындығы 1 сантиметр.
Компьютердің пайдасы мен зиянын анықтап, диаграммамен көрсетеді.
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады – 1 балл, -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -көтерілген мәселені анықтайды – 1 балл, -өз ойын еркін жеткізеді – 1 балл.
Топтық жұмыс Дескриптор Білім алушы -ұсынылған тақырып бойынша деректер жинайды – 2 балл, -сызбаға түсіреді – 1 балл.
Өзара топтық бағалау 1-топ: Ертегі құрастыру арқылы бағалайды. 2-топ: Алғыс хат беру арқылы бағалайды. 3-топ: Келесі топқа “SMS” жазу арқылы бағалайды.
Дескриптор Білім алушы
-компьютердің пайдасын анықтайды – 1 балл, -компьютердің зиянын анықтайды – 1 балл, -диаграммамен Көрсетеді – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 19-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазіргі заманауи технологиялар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.2.1 -ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажырата алады. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
8 минут
10 минут
7 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; 1-тапсырма. Екі мәтіннен ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеуге тән стильдік ерекшеліктерді анықтаңдар. Кестені толтырыңдар.
1-мәтін
Өнер
- білім бар жұрттар 2-мәтін — Бұл не ғажап! Жердің астында да белоктық заттар шоғырланған ба? — деп күбір етті Туранов. — Ахмет-ау, сіз өзіңіздің қайда тұрғаныңызды ұмытып кетіпсіз-ау. Сіз сиқырдың үстінде тұрсыз,— деп Мәриям оның сөзін бөлді. Бұрғыны қайтесіз, онан да ана біреу шұбалып өсіп тұрған арқандар ағаш па, басқа ма соны барып көрсек қайтеді. Туранов басын шайқады. — Ағашқа ұқсамайды. Жыланша сусып тұрған бірдемелер ғой. Пәлесінен аулақ. — Қараңызшы, арқандардың табан асты үңірейіп тұр. Қып-қызыл бірдеңе жылтырайды, — деді Мәриям. Атомобиль ағаштарға 50-60 метр жақын келіп тура қалды. Кибер киноаппаратын суырып арқандардың әрбір қозғалысын суретке түсіріп жатыр. Сол кезде телерация қызыл от берді. Экраннан Оразовтың бейнесі шыға келді. — Неғып тоқтап қалдыңдар? — Кісі жегіш ағаштарды бақылап тұрмыз,— деп жауап қатты Кибер.
Тілдік бағдар СЫЗЫҚША 1.Бастауыш сілтеу есімдігінен я жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, баяндауышы қай сөз табынан жасалса да, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Қазір бұл – Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. 2.Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есім болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бес жердегі бес – жиырма бес 3. Бастауыш та, баяндауыш та есім сөздерінен болып, есім сөздерінен болған баяндауыштар жіктік жалғаусыз, көмекші етістіксіз атау күйінде айтылса, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады. Арасына сызықша қойылып жазылатын бастауыш пен баяндауыш ауызекі сөйлеуде дауыс ырғағымен (интонациямен) бөлініп айтылады. Мысалы: Аяқ – азамат, қол – мүлік, бас – сандық, тіл – кілт (М. Мағауин). 4. Бастауышы тұйық етістік болып, баяндауышы зат есімдерден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Егістік жерге қар тоқтату – мол өнім алудың басты шарттарының бірі. 5. Бастауыш есім сөзі болып, баяндауыш тұйық етістік болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Біздің алдымыздағы ең жауапты міндет – қысқы сессияны ойдағыдай әзірлікпен қарсы алу. 6. Бастауыш -ған -ген, -қан, -кен жұрнақтарымен жасалған есімшеден (не есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Абайды таң еткен – сол екі жігіт. 7. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы «дегеніміз» (деген) сөзі тұрса, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Мия дегеніміз – қоймалжың қорыс батпақ.
6-тапсырма. Бүгінгі отандық ғылым жаңалықтары туралы сызықшаны пайдаланып 4 сөйлем жазыңдар. ЕББҚ оқушыға тапсырма 3-тапсырма. Кестедегі сөйлемдерден сызықшаның қойылу дұрыс/бұрыстығын тексер.
9-тапсырма. Сәйкестендіріңдер, айырмашылықтарын табыңдар. 1. Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттарды атаңдар. 2. Қазіргі заманғы тұрмыстық техникаларды айтып беріңдер. 3. Оларға салыстырмалы талдау жасап, айырмашылықтарын түсіндіріңдер. Үлгі: ат арба – мәшине
Үйге тапсырма: 12-тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Жақсылық тамшысы» Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
Екі мәтіннен ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеуге тән стильдік ерекшеліктерді анықтайды. Кестені толтырады.
Бүгінгі отандық ғылым жаңалықтары туралы сызықшаны пайдаланып 4 сөйлем жазады.
Кестедегі сөйлемдерден сызықшаның қойылу дұрыс/бұрыстығын тексереді.
Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттарды атайды. Қазіргі заманғы тұрмыстық техникаларды айтып береді. Оларға салыстырмалы талдау жасап, айырмашылық тарын түсіндіреді.
Бүгінгі сабақта не пайдалы болғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта қандай өзгерістер енгізуге болатындығы жөнінде айтып, рефлексия жасайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -екі мәтіннің стилін анықтайды – 1 балл, -тақырыбын анықтайды – 1 балл, -мазмұнын баяндайды – 2 балл, -стильдік ерекшеліктеріне талдау жасайды – 2 балл.
Жетон арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -тақырыпқа сай сөйлемдер жазады – 1 балл, -сызықшаны қолданады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -сөйлемдердің дұрыс/бұрысты ғын анықтайды, -шартты белгілермен белгілейді.
Дескриптор Білім алушы - бұрынғы замандағы және қазіргі дамыған кездегі тұрмыстық заттарды салыстырады – 1 балл -айырмашылық тарын көрсетеді – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 20-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлеуметтік желілер – технология жетістігі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру; 6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізе алады; Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыра алады. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу. -бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу; Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық -тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу; - өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 17 минут
Сабақтың ортасы 8 минут
7минут
8 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Стикерде жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді. 1-топ: «ARPANET» 2-топ: «INTERNET» 1-тапсырма Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы ой бөлісіңдер. Дебат ойыны (жақтаушы және даттаушылар) Сұрақ: Ғаламтордың пайдасы басым ба әлде зияны көп пе? Ойын барысы
Жақтаушы-1 Біздің тобымыз «ARPANET» деп аталады. Тобымыздың мүшелері: ____ Біз ғаламтордың пайдасы басым дейміз. Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып жатады. Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. Даттаушы -3 Жақтаушы-1-ге сұрақ қояды. «Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық», -деген сөзіңе қандай дәлелдер келтіре аласың? Жақтаушы-1-дің жауабы Дүние жүзі бойынша халықтың 89 пайызы ғаламторды пайдаланады. Соның ішінде 66 пайызы ғаламторды пайдалы десе, ал 23 пайызы зиынды деп есптейді. Демек, ғаламторды пайдалы деушілер басымдау. 2.Даттаушы-1 Біздің тобымыз «INTERNET» деп аталады. Тобымыздың мүшелері: ____ Біз ғаламтордың зияны басым дейміз. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Жақтаушы-3 Даттаушы-1-ге сұрақ қояды. Сіз жаңа өз сөзіңізде «Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. ғаламторға тәуелділік»,-деген пікір айттың. Ал осы тәуелділіктен қалай құтылуға болады?. Жақтаушы-1-дің жауабы: Ғаламторға тәуелді болмау үшін, ең алдымен белгілі бір уақыт мөлшерінде пайдалануды ретке келтіру қажет. Екіншіден, өзге де пайдалы нәрселермен, спортпен, кітап оқумен жиі айналысу керек. Жақтаушы-2 (Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді). «INTERNET» тобының айтқан «Ғаламтордың зияны басым» пікірлеріне бір жағынан келісуге болады. Өйткені ғаламторға деген тәуелділік, жастардың арасында қолындағы ұялы телефонға үнемі телміріп отыруы үйреншікті әдетке айналып барады. Даттаушы-1 Жақтаушы-2-ге сұрақтар қояды. -Ұялы телефонға үнемі телміріп отыратын құрбы-құрдастарға қандай кеңес айтар едің? Жақтаушы-2-нің жауабы: Монитордың алдында ұзақ отыру денсаулыққа зиян. Сол себепті пайдалану ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Белгілі бір уақыт шеңберінде пайдалануға дағдылансақ деймін. Даттаушы -2 (Даттауды жалғастырады. Жақтаушы-2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктемелерін айтады). 2-жақтаушының өзі де ғаламтордың зияны бар екендігімен келісіп отыр, әсіресе, денсаулық үшін зиянды болатыны өте рас. Компьютердің алдында ұзақ отыру әрі дұрыс отырмау көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы, адам ағзасын әлсіретіп, әртүрлі ауруға ұшыратуға себеп болады. Жақтаушы-1 Даттаушы-2-ге сұрақтар қояды. Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін қандай шаралар қолдануға болады? Даттаушы-2-нің жауабы Күніне 15 минут-20 минуттан артық ұзақ отырмау керек. Пайдаланушы өзінің компьютермен арақашықтығы сақталуы тиіс. Компьютерге арнайы көзілдірік кию артық етпейді. Жақтаушы-4 (Анализ жасап, өз ойларының ұтымдылығын айтады). Ғаламтор баланың ізденіс жұмыстарына оңды көмегін тигізеді, кез келген тақырыпта іздеген ақпаратты, мәліметті жедел түрде тауып алуына жол ашады. Шет елдегі достарыңмен, туыстарыңмен де оңайлықпен хат алмасып, сөйлесуге мүмкіндік береді. Онымен қоса күнделікті әлемдік жаңалықтарға құлағдар болып, саясатқа деген қызығушылық сезімдерін арттырады. Және де шет тілдерін үйренем деушілерге де ғаламтордағы арнайы сайттар арқылы тіл үйренуге мүмкіндік береді. Даттаушы-4 (Анализ жасап, өз ойларының ұтымдылығын айтады). Ғаламтордың зияны басым екенін білсек те, оны күнделікті өмірде пайдаланамыз. Алайда компьютерді талғаммен пайдалануды ұмытпайық. Өйткені ол-жансыз техника, ал біз жаны бар адамбыз.
Сол
себепті ғаламторды өз игілігімізге
дұрыс пайдалана білсек, тәуелділікке
мойынсынбасақ, нұр үстіне нұр болар
еді. Тырнақша 1.Сөйлеуші я жазушы өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей, сол қалпында қолданса, ондай сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. 2. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданылғанда тырнақшаға алынады. 3. Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары, мәшинелер мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда тырнақшаға алынады. 4.Біреудің сөзінің ішінде мақал-мәтелдер, нақыл сөздер тырнақшаға алынады. Мұндайда оның алдыартынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Жақша 1.Өзінен бұрынғы сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын айқындау мақсатында қолданылған түсіндірме мәнді қыстырма сөздер жақшаға алынады. 2. Сөйлемдегі бір ойдың мағынасын ашып көрсететін немесе оған автордың көзқарасын білдіретін түсіндірме мәнді қыстырма сөйлемдер сөйлем ортасында келсе де жақшаға алынады. 3. Алынған дәйексөз, мысал кімдікі екендігін және қайдан алғандығын көрсету үшін, соңынан жазылған кітаптың аты, авторы т.б. жақшаға алынады. 4. Бір сөйлемнің ішінде әрі қыстырма сөз, әрі түсіндірме мәнді қыстырма сөйлем өзара тіркесіп келетін болса, бұлар түгелдей жақшаға алынады да, қыстырма сөз қыстырма мәнді сөйлемнен үтірмен ажыратылады. 5. Драмалық шығармалардағы автордың түсініктемелері, кейіпкерлердің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін т.б. білдіретін сөздері жақшаға алынады. 5-тапсырма (оқулықтан) Жұптық жұмыс Жұбыңмен бірге сөйлемдерді ережеге сүйене отырып сәйкестендір.
7-тапсырма Төмендегі тыныс белгілерін негізге ала отырып, сөйлем құрап жаз.
1. ________: ________, ________, ________. 2. ________: __________________________? 3. ... _________________________________. 4. ____________________________________... 5. ... ________, _______, ________________!
Үйге тапсырма: 9-тапсырма Рефлексия
|
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы дебат ойыны (жақтаушы және даттаушылар) ой бөліседі..
Жұбымен бірге сөйлемдерді ережеге сүйене отырып сәйкестендіреді.
Берілген тыныс белгілерін негізге ала отырып, сөйлем құрап жазады.
Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігіне рефлексия жасайды. Қызықты болған тұстарын, түсінбеген тұстарын жеткізеді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Өзара топтық бағалау
Дескриптор Білім алушы - тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсінеді, - сөйлемдерді ережеге сүйене отырып сәйкестендіреді.
Дескриптор Білім алушы -сөйлем құрастырады, -берілген тыныс белгілерін негізге алады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 21-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Әлеуметтік желілер – технология жетістігі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. оқылым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жаза алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 10 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
20 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру 1. Өзіңнің жеке парақшаң бар ма? 2. Әлеуметтік желі не үшін қажет?
3-тапсырма. (оқулықтан) 212-бет Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, графиктік диктант жаз.
6-тапсырма. Әлеуметтік желінің жетістіктері, артықшылықтары туралы жарнама құрастыр. Тыныс белгілерді дұрыс қой. Үлгі: 1) Әлеуметтік желінің сипаты, өзгешелігі; 2) пайдасы, бағасы, жеңілдіктері; 3) желі туралы мәліметтерді жарнамаға сай безендіру, рәсімдеу; 4) әлеуметтік желі ұсынған фирманың менеджері болып сөйлеу; 5) сөйлемдердегі тыныс белгілерді дұрыс қолдану. Бөлім «Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация» Оқу мақсаты 6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу; Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 20 минут Тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқыңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз. Негізгі ақпараттың тұсына «+» белгісін, қосымша ақпараттың тұсына «-» белгісін, ал мәселенің тұсына «?» белгісін қойыңыз. IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен. Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
2.Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселелер бойынша жұбыңызға сұрақтар (кемінде 3 сұрақ) құрастырыңыз. Сұрақтардың ақпараттар мен мәселелерді анықтауға бағытталуын ескеріңіз 3. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Рефлексия «Сатылым»
|
Өз ойларынмен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді оқиды. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, графиктік диктант жазады.
Әлеуметтік желінің жетістіктері, артықшылықтары туралы жарнама құрастырады. Тыныс белгілерді дұрыс қояды.
«Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды.
Оқушылар бүгін не үйренгендерін стикерге жазып, оны сөмкеге салады, ал егер, келесі сабақта не үйренгісі келетіні жайлы ойлары болса, оны дүкенге қояды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -мәтінннен негізгі ақпараттарды анықтайды – 2 балл, -қосымша ақпараттарды анықтайды – 2 балл, -графиктік диктант жазады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -тақырыпқа сай жарнама құрастырады – 1 балл, -құрылымын сақтайды – 3 балл, -тыныс белгілерін дрыс қояды – 1 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 22-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жылдық қайталау. Тест сынағы
|
|||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.3.4.1- эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу ("келісу, келіспеу" эссесі) 6.4.5.1- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады ("келісу, келіспеу" эссесі). Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту; |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
25 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Ойланып сурет саламыз!»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
8-тапсырма. (оқулықтан)
Тыныс белгілерінің өзіне тән ерекшелігін, қызметін, маңызын талда.
Жеке жұмыс
Эссенің абзацтар жүйесін сақтап, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңдар.
Бүгінде ғалымдар бірнеше жылдан кейін роботтар адам еңбегінің орнын басып, кейбір мамандық иелерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін екендігін айтуда. Сенің ойыңша, адам қолымен, адам ақылымен жасалуы тиіс жұмыстарды роботтар толықтай атқара алуы мүмкін бе? Ғалымдардың бұл пікірімен сіз қаншалықты келісесің?
Үйге тапсырма: 11 -тапсырма Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Ойланып сурет саламыз!» Суретті қозғалыста салу керек. Ол үшін оқушылар қолдарына дәптер мен қаламсаптарын алып, шеңберлене тұрады, сол жаққа бұрылып, сынып ішінде шеңберді бұзбай жүре бастайды. Олар алдында тұрғанның арқасына дәптерін қойып, арттағы оқушының суретін салуға тырысуы керек. Бұл жерде мынандай ережелерді сақтаған орынды: -Тоқтауға болмайды! -Шеңбер жүруін тоқтатқанша суретті сала беру керек. -Суретке ренжуге болмайды!
Тыныс белгілерінің өзіне тән ерекшелігін, қызметін, маңызын талдайды. Кестені толтырады.
Оқушылар бүгін сабақтан пайдалы не алғанын, не түсінгенін, нені түсінбей қалды, алдағы уақытта не істеуге болатындығы жөнінде рефлексия жасайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -тыныс белгінің ерекшеліктерін анықтайды- 1 балл, -қызметін талдайды, -маңызын сипаттайды – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы - эссенің тақырыбынан ауытқымайды – 1 балл; - абзацтар жүйесін сақтайды – 2 балл; - өзінің көзқарасын білдіреді – 1 балл; - келісу-келіспеу себептерін айқын жазады – 1 балл, -сауатты жазады – 2 балл.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||||||||||||||||||||
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 23-сабақ
Бөлім: |
9-бөлім: Əлемдегі ірі кітапханалар. Морфология 10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Тоқсандық жиынтық бағалау |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау; 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сайресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу; 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану; 6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру; 6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу ("келісу, келіспеу" эссесі); 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану |
|
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты көтерілген мәселені талдаңыз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты синонимдік қатарларды түрлендіріп қолданыңыз.
[10]
1-мәтін
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті . Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
2-мәтін
«Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б . ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.
Автор «ғылым» ұғымына анықтама берген абзацты көрсетіңіз.
1
2
3
барлық абзацта
[1]
Мәтінге қатысты тақырыпты табыңыз.
А) Болашақ технология
В) Ғылым мен технология туралы
С) Жаңа технология жетістіктері
Адамзат дамуының артықшылығы
[1]
Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
дерт, ауру _______________________
қозғалыс _________________________
түсіндіру________________________
қорқу______________________
[2]
Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.
Негізгі ақпарат |
Қосымша ақпарат |
||||||
|
|
[3]
Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.
______________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз.
Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша өз пікіріңізді нақты мысалдар келтіріп жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы |
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру |
||
|
|
дұрыс қолдануы |
|
|
қабілеті |
|
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық |
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. |
||
|
|
құрылымдардың |
қолдану |
аясын |
|
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. |
|
|
өте жақсы түсінеді. |
|
|
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе |
|
|
|
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда |
|
алады. |
||
|
|
мардымсыз қателерді жібереді. |
|
|
||
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық |
|
Тақырыпты жақсы түсінеді. |
||
|
|
құрылымдардың |
қолдану |
аясын |
|
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі |
|
|
жақсы түсінеді. |
|
|
|
орынды жеткізеді. |
|
|
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда |
|
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе |
||
|
|
қателер жібереді. |
|
|
|
алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет |
|
|
|
|
|
|
етеді. |
|
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық |
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, |
||
|
|
құрылымдарды |
қолдану |
аясын |
|
бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір |
|
|
орташа түсінеді. |
|
|
|
қиналады. |
|
|
Сөз саптауы дұрыс, қателері |
|
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. |
||
|
|
байқалғанмен, түсінуге кедергі |
|
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, |
||
|
|
тудырмайды. |
|
|
|
жауаптарын алдын ала дайындап келгендей |
|
|
|
|
|
|
көрінеді. |
|
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық |
|
Тақырыпты түсінуде қиналады. |
||
|
|
құрылымдардың |
қолдану |
аясын |
|
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, |
|
|
аздап түсінеді. |
|
|
|
тақырыпты ашуды дамыта алмайды. |
|
|
Сөз саптауы нақты емес, |
|
|
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін |
|
|
|
түсініспеушілікті тудырады. |
|
көрсете алмайды. |
||
|
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық |
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. |
||
|
|
құрылымдардың |
қолдану |
аясын |
|
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, |
|
|
өте аз түсінеді. |
|
|
|
тіпті жауап бере алмайды. |
|
|
Түсініспеушілікті тудыратын, |
|
Талқылауға өте аз қатысады. |
||
|
|
қайталанып келетін қателер жиі |
|
|
||
|
|
кездеседі.
|
|
|
|
|
Оқылым
№ |
|
Жауап |
|
Балл |
|
|
|
1 |
|
А |
|
1 |
|
|
|
2 |
|
В |
|
1 |
|
|
|
3 |
|
Індет, құбылыс, пайымдау, үрей. |
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
/Оқушы жауабы ескеріледі./ |
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
/Оқушы жауабы ескеріледі./ |
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
10 |
|
|
|
Жазылым |
|||||||
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
|
||||
Оқырманға
ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл
құралдары
орынды қолданылған.
9-10 Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады,
техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір
техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер
(мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың,
бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,
пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.
Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер
(сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 24-сабақ
Бөлім: |
10-бөлім: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жылдық қайталау. Тест сынағы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсініп, дұрыс қолдана алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 10 минут
5 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал Психологиялық ахуал тудыру кубигі 1.Амандас 2. Құшақтас 3.Тілек айт
4.Мақта 5.Күлкі сыйла 6.Би қимылдарын бірге қайтала
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
1-тапсырма.
1. Мәтінді оқы. Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды теріп жазып, қосымша ақпараттардың астын сыз. Ұлттық музей заманауи технологияларды таныстырды Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде аудиогид пен «QR-кодтың» және «оnline-ticket» жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық музей - заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен мәдениет ошағы әлемдік ірі музейлердің қатарына тек сәулеті жағынан ғана емес, сондай-ақ, мазмұндық және қызмет көрсету жағынан да енуді мақсат етеді. Бүгінгі музей тарихи жәдігерлер сақталатын қойма емес, елдің арғы-бергі тарихын жаңа заман ағымына сай озық технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз көрерменін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін рухани орталық болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда Ұлттық музейде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Музей арнайы контенті бар доғал экранмен, сондай-ақ, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар «Led-техникамен» және арнайы сенсорлық дүңгіршектермен жабдықталған. Бұдан былай музейге келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алатын болады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған «QR-кодтар» орналастырылған. Музейге келушілер «QR-кодтардағы» ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде ұялы телефондар арқылы да танысуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл осындай тәсілмен қызмет көрсету Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық музейде жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, музейде «оnline-ticket» жүйесі де іске қосылып отыр. Жаңа жүйе бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейдің билеттеріне «astanamuseum.kz» веб-сайты арқылы онлайн-режимде алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Электрондық билетті рәсімдеуге небары екі-ақ минут кетеді. Ал билет иелері музейге өздеріне ыңғайлы уақытта келе алады. 2. Мәтіннен іріктелген ақпараттарың негізінде бірнеше сұрақтар құрастыр. Сұрақтарыңның негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескер.
13-тапсырма (оқулықтан) Тест тапсырмаларын орында. 1. Көнерген сөзді тап: а) өнерпаз ә) ғалым б) болыс в) сәулетші 2. Табу сөз қайсы? а) сәукеле ә) шырайлым б) ата-ана в) қамзол 3. Эвфемизм сөзді белгіле: а) қолды болды ә) мылжың б) ұрлық жасамау в) өтірік айту 4. Қай сөз дисфемизм бола алады? а) жігіт ә) еркежан б) сөзуар в) қортық 5. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерінің негізгі қызметін көрсет: а) сөздердің мағынасын, қызметін даралау ә) сөйлемді тиянақтау б) ойды тұжырымдау в) жетекшілік қызмет 6. Нүктелі үтір қай сөйлем мүшесіне қатысты қойылады? а) бастауыш ә) баяндауыш б) анықтауыш в) толықтауыш 14-тапсырма. Тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз. 1. Ақырын жүріп анық бас Еңбегің кетпес далаға 2. Білім елге су жерге 3. Үшеуі Асылбек Жиренше Ерболдар Базарлыға қадала қарап хабар күтті 4. Мал жұтайды өнер жұтамайды деген сөздің мәні не
11-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, шығармашылық диктант жаз. Бұл күндері Алатаумен астасқан Абай ескерткішін ... білмейді? Кәрі де, жас та алдына барып тағзым етеді, ... қояды. Шоқан, Амангелді ... ұлттық мәдениет өнеріміздің таңдаулы туындылары қатарынан орын алады. Сондай-ақ ол жасаған Құрманғазының, Н. Алдабергеновтің мүсін ... де халық көңілінен шықты. «Жас Жамбыл», «Амангелді», «Бала Жамбыл» т.б. мүсіндері ... мақтанышына айналды. Осының бәрі – Хәкімжан Есімханұлы Наурызбаев ... шыққан өшпес мұралар, шоқтығы биік монументтер.
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.
Мәтінді оқиды. Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды теріп жазып, қосымша ақпараттардың астын сызады.
Мәтіннен іріктелген ақпараттарының негізінде бірнеше сұрақтар құрастырады. Сұрақтарының негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескереді.
Тест тапсырмаларын орындайды.
Тыныс белгілерін дұрыс қойып, көшіріп жазады.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, шығармашылық диктант жазады.
Оқушылар бүгін сабақ барысында ең ұнаған тұстарын, сабақты қаншалықы меңгергендігін, рефлексия жасайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы
-мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады; -қосымша ақпараттарды табады; -сұрақтар құрастырады; -көтерілген мәселені анықтайды.
Тест сынағын берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -тыныс белгілерін дұрыс қояды, -сөйлемдерді көшіріп жазады.
Дескриптор Білім алушы -көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды, -шығармашылық диктант жазады.
|
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 6-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл
|
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген