жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ынтымағы жарасқан ел!
Тақырыбы:
Ынтымағы жарасқан елміз.
Сабақтың
мақсаты:
«ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық
ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-
ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін
кеңейту;
-
достық қарым - қатынастарын нығайту;
-
татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір
сүруге тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
Тәрбиеші:
Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра
қояйық.
«Қазақстан
- ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.
Тілейміз
– бейбіт күн
Сары,
ақпыз, қарамыз,
Бәріміз
де баламыз.
Бір
қалада тұрамыз,
Бір
мектепке барамыз,
Біз
балдырған тең басқан.
Дос
құшағын елге ашқан.
Тілегіміз
- бейбіт күн,
Ашық
болсын кең аспан.
«Дәйек сөз»
«Ынтымақ
бар жерде бақыт бар»
деген мақал сөз бар.
Ынтымақ
деген таулық,достық,бірілік
Жер
бетіндегі халық бір-бірімен
дос,туыс,бауыр
Біздің
елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік
мерекесі болып тойланады.
«Шығармашылық
жұмыс»
«Туған
еліме тілегім»
Қазақстан
картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар
алдына гүл,күн,көгершін суреттерін
үлестірмелі түрде тастайды
Өздері
таңдаған суретті Қазақстан картасының
бетіне жапсырып не себепті сол суретті
таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Әңгімелеу:
Қазақ ертегісі «Ырыс алды - ынтымақ»
Баяғыда бір ақылды қария болыпты,
оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары
әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз
бетінше жүріп - тұрыпты. Олардың бұл
қылығын айналасындағы көршілері күлкі
етеді екен. Үлкені кішісін сабайды,
кішісі үлкеніне ажырая қарайды. Бірлігі
жоқ тоғыз баласын қалай ақылға салам
деп қария көп ойланады. Айласы таусылған
қария тоғайдан бір құшақ тобылғы әкеліп,
балаларын түгел шақырып алады. Сонан
соң:
-
Қане, балаларым, күштеріңді сынап
көрейін, мына тобылғыны тобымен
сындырыңдар,- дейді.
Тоғыз
ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған
бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра
алмайды, әбден титықтап шаршайды.
Қария
енді тобылғының бауын шешіп:
-
Енді бір - бірлеп сындырып көріңдер,-
дейді.
Балалары
тобылғыны сол заматта - ақ сындырып
тастайды. «Міне, сындырдық»,- деп
мақтанады. Шал балаларын отырғызып
қойып сөзін бастайды:
-
Мен сендердің келешектеріңді ойлап
қапа боламын. Дұшпандарың көп, достарың
жоқ, бір - біріңе қас болсаңдар ертеңгі
күні ендерді де жаңағы тобылғы ұқсатып
сындырып тастайды, жан - жаққа шашырап
кетесіңдер ау деп ойлаймын депті. Ал
тату болып, бір - біріңді қамқорлап,
көмектесіп жүрсеңдер буылған тобылғыдай
сендерді ешкімде сындыра алмайды.
Ауызбірлікте болып, тату жүргендеріңді
қалаймын дейді қарт. Көп ұзамай қарт
дүниеден өтеді. Балалары бар тіршілік,
қиыншылық өздеріне түскенін түсініп,
ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етуге
көшеді. Бір - бірлеріне көмектесіп,
татулықта өмір сүре бастайды. Содан соң
бұлардың жағдайлары жақсарып, тұрмыстары
түзеліп қалады. «Ырыс алды - ынтымақ»деген
сөз осыдан қалған екен.
Сұрақ:
Қарияның балалары неге буылған тобылғыны
сындыра алмады?
- Шығармада қарияның балалары
ауызбірліктері жоқ, әркімге күлкі болып,
бет - бетімен кеткен еді. Қария ойлана
келіп балаларын ақылмен, бірлесіп,
ынтымақта өмір сүруге шақырды. Балалары
әкелерінің айтқанын тыңдап, бір - бірімен
тату болып, бірлесіп еңбек етіп, әкелерінің
өсиетін орындапты. Осылайша олар
кездескен қиыншылықтарды жеңіп,
ауызбірліктерінің арқасында жақсы
жетістіктерге жетіпті. Міне, әркімге
күлкі болмай, жақсы өмір сүру үшін,
татулық, бірлік, бір - бірін сыйлау керек
екен.
Ойын
«Қазақстанда тұратын халықтар»
Балалар
шеңберге тұрып, бір - біріне допты лақтыру
арқылы Қазақстанда
тұратын
халықтарды атайды.
Әңгімелесу:
-
Біз қай елде тұрамыз?
-
сендердің туыстарыңның, көршілеріңнің,
достарыңның арасында басқа ұлт өкілдері
барма?
- Біздің ел – көп ұлтты мемлекет.
Қазақстанда көптеген халықтар тұрады,
олар бір - бірімен тату, дос бауырлардай
өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз
жерім, өз елім деп мақтан тұтады.
Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр.
1 - мамыр - Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік
күні. Ертең біз осы бірлік күнін тойлаймыз.
Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері
өздерінің салт - дәстүрлерін, ән - жырларын
көрсетеді.
Президентіміз,
елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке,
татулыққа өмір сүруге шақырады. Сондықтан
біз елімізді «Ынтымағы жарасқан ел»деп
айтсақ артық айтқандық емес.
Дәйек
сөз:
«Ынтымағы
жарасқан ел»
деген бүгінгі біздің сабағымыздың дәйек
сөзі шығады, балалар.
- Ынтымақ болса, бірлік болады, бірлік
бар жерде тірлік болады, балалар.
Сыйластық, ынтымақ бар жерге, ырыс,
береке қонады. Сондықтан да халқымыз:»Ырыс
алды - ынтымақ»деп тегін айтпаған.
Шығармашылық
тапсырма
Ұлт
өкілдерінің ұлттық киімдерін атап,
бояйды
Қорытындылау:
- Балалар, біз бүгін ынтымақ, ауызбірлік,
ұйымшылдық, достық туралы әңгімеледік.
Осындай татулығымыздың арқасында,
достығымыздың арқасында, ауызбіршіліктің
арқасында барлық мәселелерді оңай
шешуге болатынын түсіндік.
Отанымыздың
көп ұлтты екенін, ондағы халықтардың
достығы, татулығы туралы, киімдері, салт
- дәстүрлері туралы білдік.
Көрініс:
«Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин:
Дамир
Қырғыз:
Амир
Қазақ
қызы:
Қарақат
Дамир:Қырғызға
таңырқай қараған грузин қырғыздан.
-Сенің
ұлтың кім?
Амир:-Қырғыз.
Дамир:-Сен
қырғыз болсаң өз еліңе неге
бармайсың?
Амир:-Менің
өз елім – Қазақстан.
Дамир:-Жоқ
сен Қырғызстанда тұруың керек!
Амир:-О
не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп
білемін.
Дамир:-Сен
өз еліңе қалайда кетуің керек.
Амир:-Ал
сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп
жүрсің?
-Сен
де өз елің бар! (осылай дауласып жатқанда,
қазақ қызы келеді)
Қарақат:
-Балалар, осыншама неге дауласып,
жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
(Екеуі
қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліне
баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың
кетерімізді білмейміз.
Қарақат:-О
не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан
көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе?
Мұнда
қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа
да тұра береді. Тұрғанда тату – тәтті
тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар
келіп. Олай болса, бізге неге дос болмасқа!
Қане салыңдар қолдарыңды!
(Бірге
қосылып) Біз доспыз, әрқашан біргеміз.
«Ынтымақ бар жерде бірлік,достық, татулық
бар» Ендеше ынтымағымыз әрқашанда
жараса берсін.
«Жүректен-жүрекке»
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»,
«Мен
өз Отанымды мақтан тұтамын»
сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып
бірнеше рет қайталайды.
№ 40 Жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан ел»
Орал, 2019

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген