«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» .
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Көрнекілігі: 1. Достық тақырыбына арналған топтардың арасында қабырға
газеттері.2. Ұлттар достығын бейнелейтін суреттер.3. Видео слайд
Әнұран
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
-Қайырлы күн қымбатты оқушылар! Тәуелсіздік мерекемізге орай өтейік деп отырған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
-Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұнің да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын.
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
-Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген еліміздің мерекесі құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық.
-Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.
- Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Міне, осыған сәйкес «Тапқыр достар» ойынын ұйымдастырмақшымыз. 3 топқа бөлінеді. Ол ойынның шарты ортадан 3 оқушы шығады. Жүргізуші ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал-мәтелдердің басы айтылады, жалғасын жаңағы 3 оқушы айтады, осылай ұпай санымен есептеліп жеңімпаз анықталады.
Ырыс алды – (ынтымақ)
Бірлік болмай – (тірлік болмас)
(Ынтымақтың түбі) – игілік
Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)
Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
(Татулықта) табыс мол
Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)
Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)
Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос –жарымен мықты)
Дос-егіз, (дұшпан-сегіз)
Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)
Досы жоқ адам- (Тұзы жоқ тағам)
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).
-Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ынтымағы жарасқан ел

шағым қалдыра аласыз