15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ынтымағы жарасқан елміз
«Өзiн-өзi тану» пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеумет
Тақырып:Ынтымағы жарасқан елміз
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсылық, татулық, бірлік.
Мақсаты: Ынтымағы жарасқан ел туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:Балаларға еліміз - көп ұлтты мемлекет екені туралы білім беру. Балаларға бірлік туралы айта отырып, ойлау дағдыларын дамыту. Балаларды жақсылыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ресурстар: дәйексөз, үнтаспа, суреттер, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар.
Балабақша №41 «Назерке» МДҰ Мерзiм 06.04.17. № 30
Тәрбиеші Исмагулова Ж.Ж. Топ _№ 2 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы Бала саны____
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңi Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу |
5 «Т». -Тәртіп -Талап -Тазалық -Тыныштық -Татулық Ә. Дүйсенбиев «Ағайынбыз бәріміз» өлеңі Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта, Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Балаларды ыңғайландырып отығызу. Қолдарын тізе үстіне немесе партаға қойғызу. |
Балалар 5Т-ны орындайды. Балалар қайталап, қосылып айтады.
Денелерін түзу ұстап, көздерін жұмып, нұрға бөленеді. |
Ұйымдастырушы лық- ізденушілік Әңгiмелеу
Дәйек сөз
Тәрбиеші сыйы
Сергіту сәті Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ойын |
А.Каралийчев- болгар ертегі жазушысы. «Тас пен арбакештер» әңгімесі. №30 149бет-150 бет. М.:1. Дүкенші жолдан нені көрді?2.Отыншы тасты қозғалта алды ма?3.Жаяу қарт адам не айтты? Қ.:1.Қалай ойлайсыңдар, арбакештің орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? 2. Сендер бір-біріңе көмектесер ме едіңдер? 3.Бірлікті, татулықты сақтап қалу үшін не істек керек? «Өмірдегі ең басты нәрсе не деп сұраса – сүйіспен-шілік деп жауап берер едім» К.Д.Ушинский -Сүйіспеншілікті қалай түсінеміз? М:1.Баяғыда кімдер өмір сүріпті? 2.Отбасы туралы әңгіме кімнің құлағына жетеді? 3.Қарт қағазға қандай сөздерді жазады? Қ:1.Адамдардың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? 2.Бір-бірімізден жақсылықты қалай көреміз? 3.Біздер бір-бірімізге жақсылық жасай аламыз ба? «Ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін боя»Жеке жұм. |
Әңгімені тыңдайды. Естеріне сақтайды.
Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
2-рет ұлдар,2-рет қыздар, бәрі айтады. Жауап береді. Аңыз әңгімені тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
Жеке жұмыс жасайды. |
Рефлексивті- түзетушілік Топпен ән айту Соңғы тыныштық сәтi |
Н.Айтов «Бір шаңырақ астында» Бір шаңырақ астында, тату-тәтті ойнаймыз, Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құраймыз. Көзімізді жұмып, еркін жайғасамыз. Бүгінгі күннен алған жақсы сөздерді ,ойларды жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Көзімізді ашайық. Рахмет. |
Өлең жолын қосылып бірге айтады.
Көздерін жұмады, ашады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар еліміз - көп ұлтты мемлекет екені туралы біледі.
Игереді: Балалар әрдайым татулықта, бірлікте болу керектігі туралы түсініктерін игереді.
Меңгереді:Балалардың жақсылықта, татулықта, бірлікте болу туралы дағдылары меңгерілді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген