400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

«Ынтымағы жарасқан отбасы» сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші ұстаздарға мұғалімдерге қажет. Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып, ХХI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру. Осы арқылы бірліктерін, ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін сыйлау, сенімділік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернат










Тақырыбы: "Ынтымағы жарасқан отбасы" сайысы











Орындаған: Нуралина С.С










2018-2019 оқу жылы

"Ынтымағы жарасқан отбасы" сайысы

Мақсаты: Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып, ХХI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру. Осы арқылы бірліктерін, ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін сыйлау, сенімділік, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.
Әдісі: Ата–аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, бейне көрініс т.б
Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар " Ынтымағы жарасқан отбасы" атты кешке қош келдіңіздер. Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір өлеңінде: "Отбасы - шағын мемлекет, Мен-президент, сен-премьер" деген екен. Шынында, отбасы - ол да шағын мемлекет. Отбасының қос шынары бар. Олар -Алатаудай әке, мейірімді ана. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау, өмірді құрметтеу біздің борышымыз. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес. Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.Бір-бірін  аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болып ынтымақ орнайды.


Сайыс кезеңдері:

I кезең: "Таныстыру" (әр отбасы өздерін таныстырады. Өз қалаулары бойынша өлеңмен немесе видеороликпен тақпақ т.б)

II кезең: "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" (сұрақтарға жауап беру) (5-6 мин)

III кезең: "Біз өнерлі отбасы" ( әр отбасы мүшесі өз өнерін көрсетеді.)

IV кезең: "Халық тәлімі - тәрбие бастауы" (ситуациялық сұрақтар)

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

1. _______________ жанұясы.
2. _______________жанұясы.
3. _______________ жанұясы.

Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
1. Кәсіподақ ұйымының төрайымы -_______________
2. Класс тәрбиешісі - _________________


Мұғалім:

І бөлім: "Таныстыру"  

Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

ІІ – бөлім. : "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" (сұрақтарға жауап беру) (5-6 мин)

«Бақытты отбасы қандай?» , «Ынтымақты отбасы қандай? », «Мейірімді отбасы қандай» - деген тақырыпқа жоба қорғау. (Сайыскерлерге плакат, фломастерлер таратылып ойлануға бес минут беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.)

«Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді осы жерде отырған оқушылармен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі. Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – 
арлы бала, 
Әдепсіз бала – сорлы бала 
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Ата-балаға сыншы

Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

Отбасының сәні- сыйластық, Достықтың сәні- қимастық

ІІI – бөлім.  «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін көрсету)

Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатар жолында

(Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б.)

V – бөлім «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» (ситуациялық сұрақтар)


1. Видеоролик көрсету. (Анасы және баласы - Бөген туралы) Сол бойынша сұрақ қою. Егерде сіздің балаңыз Бөгеннің орнында болса бұл жағдайдан қалай шығар едіңіз?

Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді. Мысал келтіру: (майлық туралы)

Балалар көп жағдайда сіздердің болмыстарыңыз бен қимылдарыңызды бойына сіңіріп, көшіріп отырады. Балаңыз сізді ертең алдамас үшін оған өтірік айтпаңыз. Оның қажеттілігіне назар аударыңыз. Себебі баланың психологиялық жан-күйі оның ата-анасына байланысты. Балаңызға дос, әрі сырлас болыңыз. Балаңыз бен көп уақыт өткізіп, тілдсіп жүріңіз.

2. Сахналық көрініс арқылы сұрақ қою. (Экономикаға байланысты.)

Баласы қағаздарға сурет салып, сызып лақтырып отырады. Анасы: Балам саған не болды? Баласы: Суреттерім дұрыс шықпай жатыр дейді ашуланып. Анасы: Мына ақ беттер сенің алдыңа қандай еңбекпен келетінін білесіңбе? Баласы: Бір салынған суреттің үстіне қайта сурет сал дейсізбе енді маған. Анасы мыж-мыж болып қалған парақтарды жинап, жазып балам мына парақтардың екінші жағын неге пайдаланбайсың? Екінші жағын пайдаланғанында төрт парақтың орнына екі парақ бүлдірер едің. Қашанда, қай затты болсын ысырапшыл болмай үнеммен пайдаланып үйрен балам. Баласы: Жарайды,кешіріңіз анашым.

3. Мәдениетке байланысты сұрақ. Қазіргі таңда ата-аналар баласының бос уақытында мегаға апарып, чипсы, сок немесе фастфут өнімдерін берумен шектеледі. Ал сіз отбасы мәдениетін қаншалықты қалыптастырасыз? Балаңызды мәдени орындарға (мұражай, театр, көркем өнер галереяларына) жие апарасызба?



Ақтөбе музыкалық колледжінің 3 курс студенті, дәстүрлі әнші ____________________________ән шашуы.

Қорытынды: Бүгінгі «Ынтымағы жарасқан отбасы» сайысы аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Отбасыларыңыз аман болсын, ынтымақты отбасы болыңыздар! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі