400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы: ОПД(т)-17/9 Күні: 17/11/2017 Уақыты: 14-00

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан»

Мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Ашық тәрбие сағатының түрі: концерттік бағдарлама

Әдістері: Қонақтарға сөз беру, ән айту, би билеу, көрініс көрсету, өлен шумақтарын оқу.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, шарлар, ұлттық киімдер

БАРЫСЫ:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі біздің ««Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан»- деп аталатын ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобаланда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Қыпшақбаев Қанат ағайымызға берейік. (Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.)

ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін, дей келе Шадыханов Ерханның орындауында «Жаса Қазағым» әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Қазақтың ұлттық биін тамашалаңыздар!

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.

І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Паридинова Ботакөз апай. Ендеше, апай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жүрегемде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегем күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім. «Көк Ту және достар» тақырыбындағы көріністі тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

І жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, түрік биін тамашалауға шақырамыз.

І жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 26 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 26 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Топтың оқушыларына сөз кезегін берсек...

Лиза : Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

 

Айық:  Дос болып түрлі халықтар,

             Жасайтұғын ғасырмын.

             Бақыт шымын әлемге

             Ұмытылмас асылмын.

 

Марлен: Бейбітшілік ұраны,

                Жарқыраған алтын күн.

                Ән қанатты қыраны

                Еркіндігі халқымның.

 

Мади:    Достықты үлгі санаған,

                Бір үйде біз тұрамыз.

                Қалған ата-бабадан,

                Бірлік асыл мұрамыз.

 

Пернебек: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

                Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

               Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

 

 Жалғасхан:  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

                  Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

                 Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

                Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

 

Айсаердаулет: Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан - байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,
Елшат: «Мен Қазақстандықпын!»

Барлық есік ашық деймін,

Өз елімде мен үшін.

Ата-бабам қорғап қалған,

Ұрпақтары, елі үшін.

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

Еңсемізді тік ұстап,

Мақтанатын кез келді.

Қазақстан таң қалдырды,

Туысқан, дос, өзге елді.

Елу елдің қатарына,

Жетеміз деп сенемін.

Жастар адал Отанына ,

Көркейтетін өз елін.

Туған жерім — Қазақстан!

Өскен елім — Қазақстан!

Ән жырым да — Қазақстан!

Байлығым да — Қазақстан!

Бекзат: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

І жүргізуші: Республикам менің,

, Республикам менің,

Айбатым!

Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын! Келесі кезекті жастар биіне берсек...

ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенген елміз!

ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты, еті түгіл сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»

І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

ІІ жүргізуші: Ортада «Достық» биі.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі