1-Мамыр ынтымақ мерекесіне
арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «
Ынтымағы жарасқан туған өлкем
–Қазақстан»
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы жас
ұрпақтар.
Сондықтан ұлы достық, Отан сүйгіштік рухтың аса
бір
мәйегі балаларды өз елін қадірлей білуге,
достыққа басқа
ұлтардың тарихын, салт дәстүрін сыйлауға,
адамгершілік
қасиетке
үйрету.
Тәрбиеші: Елдің елдігі, Ердің
ерлігі- ол әнұран.
Сезім биігі төзім шыңы-ол әнүран
Әннің асылы- үранның басымы- ол әнұран
«Әнұран»
-Ал балалар,елімізге жақсы
тілек айтайық.
- Біздің еліміз
Қазақстан
- Егеменді еліміз аман
болсын
-Бар туысқан ынтымақты
болсын
- Алтын күніміз биіктей
берсін
- Көк туымыз желбірей
берсін
-Халқымыздың мәртебесі биіктей
берсін
-Әр таңымыз арайлап
атсын
- Ұлт достығы нығая
түссін
-Барлық балалар бақытты
болсын
-Бақшамыз гүлдене
берсін
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші: Балалар,1-Мамыр
бірлік,ынтымақ күні- осы біздің мерекелік ертеңгілігімізге түрлі
ұлт өкілдері қонаққа келген екен , енді оларды қошеметпен ортаға
шақырайық .
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге алыстан
Қазақтың ұлттық
Киімін киіп әже , өзбектің киімін киген ата
келген екен.
Ендеше оларға арнап : «Гүлдер» тобының
балаларының әзірлеген
тақпақтарын тамашалайық.
Ақнұр: Ақпыз, қара,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Достық тату өмірге
Дүние жүзі сенеді
Сүлттан: Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауыл
Аружан: Көгілдір аспанға
Көк сенгір тастарда
Құлпырып жайнайды
Май гүлі ашқанда
Ерғазы:Гүлін ашты алма ағаш
Майға тарту етем деп
Ұшып келді қарлығаш
Майды көрсем екен деп

Ән «Туған жер»
Сабина: Көрген өзі көзімен
Қасиетін сезінген
Біледі елін бағалай
Сүйеді елін анадай
Рахман: Дос болайық бәріміз
Жарасып түр сәніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Назерке: Туған жерді сүю парыз
Сүю үшін білу парыз
Қасиетін білу парыз
Күзетінде жүру парыз
Әділет: Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Орыс биі: «Солнышко»
Ән «Болайықшы досым ай»

Тәрбиеші : Балалар бізге көктем ару қонаққа келе
жатыр,
оның қолында ғажайып сандық
бар екен, оның
шінде не бар екен. Сандықтың
ішінде көгершіндер бар екен. Балалар көгершіндер бибітшіліктің
символы.
Балалар хормен: Достық бізге тым ыстық
Бірлік байтақ ырыс құт
Жарқырыасын күніміз
Жас, жаса тыныштық
Тәрбиеші: Балалар енді көктем аруын ортаға алып ,
шаңырыақтың
астына тұрып келген қонақтады ортаға шақырып
,
көгершін ұшырайық.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, балалар ертеңгілігімізді
қортындылай келе достығымыз нығая берсін, еліміз тыныш болсын,
балаларымыз аман болып ,көк байрағымыз желбірей берсін.