Материалдар / Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2023
259
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


14 орта мектеп-гимназиясы КММ


















Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»

Сынып: 6 «Г»

Сынып жетекшісі: Уазбекова Ж.Т.





















2022-2023 оқу жылы



Бөлім:

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

28.04.2023 жыл

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»

Мақсаты:

Ұлттар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта білім алушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының
әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

(1 мамырға арналған видео-көрініс)

Қайырлы күн қымбатты білім алушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Монолог

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұнің да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын.

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!


презентация

Сабақтың ортасы

«Сергіту сәті»
-Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық

Хормен: 
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

«Дәйек сөз»

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық, достық,бірілік
Жер бетіндегі халық бір- бірімен дос,туыс, бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.

Ойларын орта ға салады.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл, күн, көгершін және шаңырақ суреттерін үлестірмелі түрде тастайды. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы және ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар стикерлерге пікірлерін жазады


презентация







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!