400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ынтымақ - достық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЫНТЫМАҚ - ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.

Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтыңастында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру;Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АКТ, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Барысы:

Кіріспе сөз
Мұғалім: : Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі оқушылар!

1-Мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымақ-достық кепілі» атты тәрбие сағатын 2«Б»сыныбы өткізгелі отыр.Сіздерді осы 1-мамыр Қазақстан халықтарының Ынтымағы мен бірлігі күнімен құттықтаймыз!

   Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

 Әрине,бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" «Бірлік бар жерде, бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
дегендей
 қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар .Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды. . Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

1-Еркеназ: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғайды.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

2-Бақтияр:Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей

3-Бекзат:Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі

4-Дінмұхамед: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - көкшіл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
5-Айнұр:Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

6-Медине:Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

11-Думан:Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

12-Фариза: Республика халқының саны 17 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 13
0 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

14-Еламан: Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлем і- 2 млн.700 мың шаршы километр.
13-Еркеназ:Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің біршаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр.

15-Жігер:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

16-Ақзере:Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды.

Дәстүр,өнер салтымен

Таңқалдырған ғаламды.

17-Еркеназ:Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.

Ән: «Достығымыз жарасқан» хормен
18-Дінмұхамед:Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.



19-Ерсайын:Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей
 жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

20-Гүлзат:Белоруссия – жайқалған жасыл орман,
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған
.
21-Назерке:Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз
 Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар!
 (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
-
 (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе?
Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды!
 (Келісіп қолдарын салады).
-
 (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

23-Фариза:Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

24-Бақтияр:Кім сүймейді ет жақынын ,туысқанын,

Украина туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай бұл достық,

Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Би: «Калинка»қыздар тобы
25-Гүлзат:Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.

24-Фариза:Белоруссия – жайқалған жасыл орман.
Жасыл орман – мәңгі жасыл арман.
Шетінен ойшыл келер армандары –
Қойнында сан ұрпақтың жасы қалған

Ән: «Жаным қазақ»орындайтын Қуатұлы Жігер
Ойын: «Асық алу».
- Қазақтың жаңа жыл мейрамы?
- Ұлттық тағамдарды ата?
- Қазақтың ұлттық киімдері қандай?
- Ұлттық аспаптарын ата.
26-Нұрдәулет:Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсің, жайнай берсін жарық күн.
27-Дінмұхамед:Тірлігімен адам байлық жасады,
Бірлігімен асулардан асады.
Адал жандар жер – ананы қорғаңдар,
Абайлаңдар бейбітшілік жасағы.

28-Ерсайын: Достық бізге тым ыстық,

Бірлік байлық ,ырыс –құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса,жаса тыныштық!

Ән: «Ақ көгершін» квартет

Хормен:Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Ән: «Атамекен» орындайтын хор

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі