Материалдар / Ынтымақ -достық кепілі!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ынтымақ -достық кепілі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынтымақ достық кепілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2020
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ОТБАСЫНЫҢ СуРЕТІ» ТЕСТ


Баланың ішіне тереңірек кіріп және ол қалай тұрады, оны не мазалайды, ол нені армандайды, қоршаған әлемді, отбасын және Сіздің өзінізді қабылдауы қалай екенін түсінгіңіз келе ме? 4-5 –жастан бастап Сіз сүретті «Менің отбасым»-атты тест өткізе аласыз. Балалар қоршаған әлемді үлкендер сияқты қабылдамайды. Ерекше бала ұғынулары үлкендер түсінбейтін және қабылдамайтын, эмоциялық реакцияларды шақырады. Баланың ішкі дүниесінде, сыйыспайтын, кездейсоқ сияқты фантастикалық бейнелер, өз «теориясы» құрылады.

Тестің мәні

Балаға қағаздың стандарттық парағын, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығын береді (жай қарындаш, қалам, өшіргішті бермесе дұрыс болады), сосын: «Өз отбасынды сүретте»-дейді. Бірақ отбасы құрамына кім кіретінің есіне салу керек емес, өзі қалай көрсе, солай салсын. Егер бала сұраса кімді салайын деп, оған толық ерік берініз, тіпті аңдарды салса да салсын, бәрібір сүрет жеткілікті ақпаратты болады. Сүрет салып болғаннан кейін, жетекші сұрақтар қойыңыз: кім қайда сүреттелді, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл-күйде және т.б.

Сурет салуды бастау алдында

Баланың әдеттегі көңіл күйін байқаңыз. Бұл тапсырманы отбасылық жанжалдан, ұрыстан және қайғы-қасіреттен кейін, беруге болмайды. Әйтпесе Сіз сол мезеттегі баланың көңіл күйіне сәйкес ситуациялық сүрет аласыз.
Тапсырма орындап жатқан уақытта баланың үстінде тұрмаңыз, бірақ кейіпкерлердің және нәрселердің бейнелеу тәртібін білдірмей байқаңыз.
Баланы сүреттеу кезінде түземеңіз («сен әкенді салуға ұмыттың», «құлақ, қолды сал, т.б.») Алған нәтижелерді баланың көзінше талқыламаңыз – бұл тест Сіз үшін, Сіздердің ойлануларыңыз үшін.
Аса дәл ақпарат алу үшін, бірнеше күн аралығында 3-4 рет тест өткізіңіз және сүретте жиі қайталанатын детальдарды анықтаңыз. Сүретті «түсіндіру» кезінде зор маңызда болатыны, ол «түсініктеме берушінің» дұрыс күйі, өз қиялын мен интуициянды қосу қажет.

Түсініктеме беру

Сүретте ештене кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі бала заттарды натураға қарап салмайды, ол өз эмоциясын және күйзелісін білдіреді. Міне балалар шығармасының бірнеше мысалы.

1- сүрет.

Бұл сүретте бала өте астарлы отбасылық рольдің бөлу ерекшелігін сезген. Мама – жанұя басы, онда бәрі үлкен – көздер, мұрын, ал әсіресе ауыз. Бірақ мамасының көздері мұнды, және жүректе гүлмен жабылған, қолдары жоқ, ол ештене өзгерте алмайды. Папасы мөлшер бойынша (баланың қабылдауында) мамасынан көбірек кіші. Мамасының бір жағында 12-жасар ағасы тұрып кеткен шашы бар және екінші жағында, сондай бойдағы, ұқыпты, бірақ барлық түймесіне салынған 6-жасар сүретшінің өзі. Маманы тыңдауды тек папа жақсы көреді, ол үшін онда құлақ та бар, ал балаларда ата-аналарын естімейтін берікті қалаңбау бар.

2-сүрет.
Бұл сүретте де отбасы. Адам тұрмайтын, көп бос, терезелер саны бар, үлкен үй. Шатырдың астында, тордың артында сүретшінің өзі тұрады. «Мамам мен папам жұмыста, мен серуендеп жүрмін...». Сүрет авторын төменде, машинаның қасында көруге тырысыңыз.
Балақай өзін таң қаларлық кішкентай, мүсәпір, жалғыз сезінеді, дұрыс емес пе? Түрлі түсті гаммасы да мұнды: сұр түс басымды және машинада кішкене жасыл түс бар (ол папасы кейде оны қыдыртады). Ал зор «қолдар» – шатырдағы антенналар баланың үстіндегі тұрған, оның сезімдерін басатын, оны жалғыздық пен үрей торына артына қамайтын ата-анасын есіне түсіреді. Осындай сүретті көріп, баланың халі нашар екенін, оған көмек қажет екендігін түсінесін.


3-сурет.
 Ал мында бәрі де жақсы! Отбасы жиналған, жүздерінде күлкі, бәрі бір- біріне қолдарын созып қолдап немесекөмектесіп отыр. Бала бәрін жақсы көреді өзін де қоса, кішкентай ұсақ детальдар, ашық түстер көп. Сүреттен куаныш пен еріктің лебі келіп тұр

ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЕРЕЖЕСІ

1. Сүрет салып бітіргеннен соң баланы сұраңыз, «кім не екенін», кім немен айналысады.
 «мен ағамды салуға ұмытып кетіппін» немесе әпкем симай қалды» - сияқты ескертулер маңызды емес. Егер отбасынан біреу сүретте жоқ болса, ол мынаны білдіреді:
• Осы адамға жағымсыз санасыз сезімдердің болуы. Мысалға, кіші інісіне қатты қызғаншақтық; Бала өзінше ойлайды: «Мен інімді жақсы көруім тиіс, ал ол менім ашуымды келтіреді, бұл жаман. Сондықтан тіпті ештене салмаймын.».
Сүретте «ұмытылып қалған» адаммен эмоциялық жалғасу толығымен жоқтығы. Бұл адам баланың эмоциялық дүниесінде жоқ.

2. Сүретте автордың өзі жоқ.
• Жақындармен қатысудағы қиындықтар:« Мені мұнда байқамайды», «Мен өзімді, шеттетілген болып сезінемін», «Маған отбасында өз орнымды табу қиын»
• Бала отбасынан «кетеді»: «Мені мұнда қабылдамайды, жарайды керек емес, маған оларсыз да жаман емес.»

3. Сүретте – ойдан шығарылған отбасы мүшесі. Бала отбасында аяғына дейін алмаған, сезімдердегі вакуумды толтыруға тырысады. Балалар жиі шынында да үйде тұрмайтын, құстарды, жануарларды салады, ол баланың біреуге керек және қажет екендігін ансауын маңыздайды, демек, ата-аналар сүйіспеншілікте, мейірімділікте, еркелікте мұқтажын қанағаттандырмайды.



4. Бейнеленген кейіпкерлердің көлемі бала үшін оның маңыздылығын көрсетеді (4-сүретті қара). Баланың ойлауынша, адам тым үлкен болса, солайша ол белсенді екені. Жиі кішкентай балаларда барлық дене бітімді орналастыру үшін қағаздың беті жетпейді..

5. Қағаз бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзің кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып салса, онда сол мезетте өте төмен өзін-өзі бағалауы, немесе, ол өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар өздерін ата-аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді. (5-сүретті қара).

6. Баланың сүреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында, немесе өзін бірінші қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек сүреттесе, немесе өзін ең сонында салса, онда ол қызғаншақтықтың,\

сәтсіздіктін белгісі.

7. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық жақындықты немесе керісінше қарым-қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар бір-бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық бірікпеушілігі үлкен. Кейбір сүреттерде балалар бірікпеушілікті сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі заттарды (жиһаз, вазалар, ...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды, кіргізіп көрсетеді.Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір біріне тіпті жақын сүреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше.

8. Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Әдетте ең соңғы сүреттелген туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы мүмкін).

9. Қағазда фигураларды орналастыру
Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6-сүретті қара).

10. Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе. Қарындашты қатты басумен бейнеленеді, немесе қатты штрихтелінеді, оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен сүреттейтіні де болады.

11. Дене мүшелері.

Бас.
Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста. Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен сүреттейді. (7- сүретті қара).

Көздер.
Тек қарау үшін ғана емес, олар уайымды да білдіреді. Кейіпкердің үлкен, кен ашылған көздері баламен мазасыз, тынышсыз, көмекте мұқтаж ретінде қабылданады. (8-сүретті қара). «Нүкте» немесе «сызықша» көздері бар кейіпкерлер – өздерінің ішінде жылауға ішкі тыйым салуды ұстайды (яғни, адам тұйық, түйсіксіз немесе саналы түрде, өз эмоцияларын көрсетпейді, жиі теріс).

Құлақтар.
Бұл – сынды және тіпті кез келген өзін туралы ақпаратты қабылдау органы. Үлкен құлақтары бар кейіпкерлер айналасындағыларды тыңдайды.Егер құлақтар тіпті де болмаса, онда адам ешкімді тыңдамайды, ол туралы айтқандарды ескірмейді (9-сүретті қара).

 Ауыз. 

Сүретте ауыз – «шабуыл органы», ауызбен агрессияны білдіреді, ұрыссады, тістейді, ренжиді.Үлкен немесе/және штрихтап тастаған аузы бар кейіпкер қауіптің көзі болып қабылданады.Егер тіпті аузы болмаса, ол нүкте, сызық түрінде салынса – адам өз сезімін жасырады, сөздермен айта алмайды немесе басқаларға ықпалы тимейді.

 Мойын. 

Бастың сезімдерге деген өзін-өзі бақылау мүмкіндігін символмен көрсетеді. Мойны бар адам өз сезімдерін басқаруға қабілетті (жиірек ол үлкен адам).

Қолдар.
Қолдар функциясы – жабысу, қосылу, айналадағы адамдармен қарым-қатынаста болу, яғни әрекет жасау қабілеті. Қолдарда саусақтар көп болған сайын, кейіпкер күшті болады. Қолдың ұзындығы оның көпшілдігін айтады, қысқа қолдар ішкі дәрменсіздігін, жасқаншақтығын, қатынас жетіспеуін білдіреді. (10-сүретті қара).

Аяқтар. 

Жұруге, тірек үшін, қозғалу еркіндігі үшін керек. Аяқта тіреу орны көбірек болған сайын, кейіпкер нық және сенімді жерде тұрады.Оң аяғы - отбасы ақиқатынан тыс тіреуді білдіреді, сол аяғы – отбасындағы (11-сүретті қара).
12. Сүреттің түрлі түсті гаммасы – сезім палитраның индикаторы. Ең жақсы көретін түстермен бала отбасындағы ең жақын мүшелерін, өзін салады, жақсы көрмейтін түнеріңкі түстер баланың жақсы көрмейтін адамдарына қалады. Жалпы түрлі түсті палитраға назар аударыңыз: жарқын түстің басым болуы жақсы көңіл күй туралы айтады, ал түнеріңкі түстер, мазасызданғанға және жабырқанқығанға көрсетеді (егер, әрине, қара түс бала үшін сүйікті болмаса). Мамалар әншейінде әдемі көйлекпен, шашында шаш тұтқышы бар болып бейнеленеді, ұсақ детальдардың көбі бар, шаштың түсі де ерекеше болуы мүмкін, мұқият детальдар салынады, себебі бала өз махаббатын көрсетеді. Балалар өз-өздерін бағалап сайма-сай мұқият сүреттеп, әдемі киіндіріп салады. Баланың барлық жақын және сүйікті туысқандары сияқты, сүйікті әкесі де сәнді,
.

 13.Бала тек өзін салады, барлық қалғандарды салуға «ұмытып», бұл оның өзі өзін отбасы мүшесі екенін сезбейтінін айтады. Баланы отбасында шеттейді, сәтсіздік пен эмоциялық проблемалар оны басады. Дене бітімі кішкентай болуы мүмкін, парақтың бұрышында «тығылып» қалған, қараңғыда, жағып тастаған бетпен. Бірақ болады, өзін-өзі бағасында көтермеленген бала тек өзін, өз маңыздылығын көрсету үшін сүреттейді. Ол мұқият киімнің, жүзінің детальдарын сүреттейді,дене бітімі өте үлкен, жарқын.
13.Сүреттегі Күн – қорғау және жылылықтың символы. Бала мен күннің ортасында болатын, адамдар мен нәрселер– ол өзін қорғалдым деп сезінуге, энергия мен жылулықты пайдалануға кедергі болатындар. (12-сүретті қара).
 14. Ұсақ детальдердің көптігі, жабық детальдар (шәрпы, түймелер) баланы оларға жібермейтін тыйымдар, құпиялар туралы білдіреді.



1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!