|
Басы
|
Татулық –достықтың киелі
бесігі.Мәтінді оқып,әр топ постер
қорғайды1-топ «Татулық
тобы»1 мамыр – Қазақстан
халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі
болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені –
Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған
ерекше, саяси маңызы зор құрылым.Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден
астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени
бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын
біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты
қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін
жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне
қамқорлық көрсетілуде.
Бірлік болмай тірлік болмас»
деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан
жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын
ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы
мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен
ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте,
бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.1 мамыр –
Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып,
еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде
күн кешейік, достар! Баршамызға 1 мамыр құтты
болсын!2-топ «Ынтымақ»
тобы Бүкіл дүние жүзі бойынша
қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас
бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам.Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт
өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%,
украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен
дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да
қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін
мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200
кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан
тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады. Біздің
еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді.
Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық
жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі
нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы
Конституциямен қорғалады.3-топ «Достық»
тобы Біздің еліміз ынтымағы
жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық
әрқашан бір жеңнен қол келеді.шығарып, бір жағадан бас шығарған
қиындықтыбірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін
көрсетіп отыр. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор
құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық,
өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық
кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз
– Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп
келеді.
Жаугершілік замандарды басынан
кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ “қой
үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заманды аңсап, бейбіт өмірді
қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып,
дастарқанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр.Бүгінгі көп этносты
Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен қазақтың
ұлылығын танытса керек.
Әр топ постер қорғап, достық
,татулық, ынтымақ туралы мақал-мәтелдер
айтылды
|
|
Ой-толғаныс
|
Көрініс:
«Тәжік пен өзбек айтысы». Тәжікке таңырқай
қараған өзбек тәжіктен: - Сенің ұлтың кім? - Тәжік. - Сен тәжік
болсаң болсаң өз еліңе неге бармайсың? - Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Тәжікстанда тұруың керек! - О не дегенің! Мен Қазақстанда
тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемің. - Сен өз еліңе
қалайда кетуің керек? - Ал сен өзбексің ғой! Сен мұнда не істеп
жүрсің? - Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, Қазақ
жігіті келеді) - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің
білгім келеді. - (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе
бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. - О
не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін
мемлекет емес пе? Мұнда тәжік те, өзбек теқырғыз да, грузин де,
орыс та тағыбасқатұрабереді. Тұрғанда тату-тәттітұрыпжатыр, ал
сендердауласасыңдаркеліп. Олайболса, біз де неге досболмасқа! Қане,
салыңдарқолдарыңды! - Жарайды, жарайды! (Келісіпқолдарынсалады).
–
(Бірге
қосылып) Ақпыз,қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.
Болсын жер
мен су ортақ,Болсын бізге ну ортақ. Ақпыз, қара сарымыз,Ағайынбыз
бәріміз!
Көрініс:
«Ынтымақ туралы»
Бір қарт
өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай
әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы
шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп -
оңай сынады.Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге
ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр
қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.Әрине, мұның барлығы шындық.
Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.
Латын әліпбиі-уақыт
талабы«Айналма бекеті»
әдісі.Тақырыпқа байланысты 1-2 шумақ өлеңдерді әр топ латын
әліпбиімен жазып келесі топқа тексертеді. Қай топ оқушыларының
зеректігін,белсенділігін байқау
|