жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»
Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты тәрбиешілер! Құрметті қонақтар мен балалар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі
Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші:Олай болса ортамызға бүлдіршіндерімізді шақырайық!
№ 1 «Балапан» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Қазақ ұлты)
№2 «Еркетай» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Өзбек ұлты)
№ 3 «Ақ желкен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Украин ұлты)
№4 «Ақсұңқар» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Орыс ұлты)
№5 «Ақыл» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Грузин ұлты)
Жүргізуші:
Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
Жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық - дей келе балаларымыздың жылы лебіздеріне берейік.
Жүргізуші:
Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Қанекей балалар олай болса Татар ұлтының ұлттық ойыны «Оқтау» ойынын ойнауға ортаға шақырамын.
1 Мамырдың мерекелену тарихына, оның мазмұны мен сипатына көз жүгіртсек, бұл күн тәуелсіз Қазақстанда 1996 жылдан жылдан бастап Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы бірлігі күні ретінде аталып өтіліп келеді. Дегенмен, одан ілгерідегі кезеңде Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық мерекесі болған 1 Мамыр тәуелсіз Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем жаңаша мән-маңызға ие болғаны анық. Айтулы күн ұлыстар мен ұлттардың бірлігіне ұлықтап, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін де жұмылған жұдырықтай тұтастыруға үндеп келеді.
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар
Тәп – тәтті бүлдіршендеріміздің № 1 «Балапан» № 2 «Еркетай» тобының тәрбиеленушілердің «Тәттілер» тобын қарсы алыңыздар «Конфетти» биін қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Топтардың тағамдардарын таныстыру ,әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын таныстырады.
Тақпақ - 6 бала
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған № 1 «Балапан» тобының «Көктем» әні тамашалауға шақырамыз.
Ойын: «Жастық»
Жүргізуші:
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Ата – аналармен ойын: «Ұлттық би»
Ортаға 5 ата – анна шақырамыз,қазір әуен жіберілген кезде,қандай әуен жіберілген кезде сол ұлттың биін билеуіңіз қажет.
Жүргізуші:
Тақпақ - 6 бала
Жүргізуші:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр,- дей келе келесі кезекті № 3 «Ақ желкен» тобының қыздарынан құралған «Болашақ жұлдыздары» тобының «Жұлдыздар» бині қарсы алыңыздар!
Ойын: «Қаппен секіру»
Жүргізуші:
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз,- дей келе №2 «Еркетай» тобының «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдайық
Жүргізуші:
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық..
Ата – аналармен ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Өнерпаздар шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!- дей келе, келесі кезекті №3 «Ақжелкен» тобы Ән: «»
Би: «»
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз,балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік
Тақпақ:
Ән: «Катюша»
Жүргізуші:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, «Достық» биін тамашалауға шақырамыз.
Ән: «»
Жүргізуші:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз,- дей келе осымен ертеңгілігіз соңына келіп жетті қош сауболыңыздар!!!
Дәмден алыңыздар!
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
«Бекітемін»
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
әдіскері Утенова А _____
«_____» __________ 2018жылы
Тәрбиеші: Жұмасатова С
Әдіскер: Утенова А.
Құрық ауылы 2018 жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген